• 90729
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жаңа маусымның жаңалығы қандай?

Көзді ашып-жұмғанша сары күз де келіп жетті. Күз - телевизия мамандары үшін жаңа маусымның бастауы. Дәл осы күндері отандық телеэкрандардан жаңа тележобалар көрермендерге жол тартты. Жаңа маусымның жаңалықтары аз емес, әрине. Бүгін көзбен көріп, көкірекке түйген бірқатар жаңа жобалар туралы сөз қозғауды жөн санадық.

Биылғы жыл Қазақ телевизиясына бірқатар тың жаңалықтар енгізді. Күні-түні ақпарат тарататын отандық «24kz» телеарнасы көрерменмен қауыш­ты. Ал бірқатар отандық телеарналар жаңа телемаусымға сый-сияпат да­йындап та үлгерді. Әрине, барлық жобаны төл өнім деп атауға болмас. Себебі бірқатар бағдарламалар шетелдік компаниялардан сатып алынған. Әйтсе де, отандық телеарналар биылғы маусымға қызу дайындалғаны анық байқалады.

Ұлттық арнаның көзайым жобалары
Жүз пайыз қазақ тілінде хабар тарататын «Қазақстан» ұлттық телеарнасы жаңа маусымды бірқатар ірі жобалармен ашты. Телемаусымның ең үлкен жаңалығы - «Айтуға оңай» ток-шоуы болса керек. Жаңа ток-шоу дүйсенбіден бастап, кешкілік уақытта көрерменмен қауышты. Аптасына төрт рет көрсетілетін ток-шоудың жаңалығы да көп сияқты. Әйтсе де, бір-екі бағдарламадан кейін «бұл ресейлік «Пусть говорят» ток-шоуының қазақстандық нұсқасы емес пе?» деген ойға қалдық. Дегенмен «Айтуға оңай» халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді қаузап, көрермен қауымның жүрегінен орын алады деген сенім де бар. Осыдан бірер жыл бұрын «Қазақстан» ұлттық арнасынан «Намыс-дода» атты бағдарлама көрсетілді. Адамның күш-жігері мен психологиялық мүмкіндіктерін сы­найтын байқауға еліміздің туын желбіретіп барған спортшыларымызға іштей жанкүйер болып, экранның бер жағында отырып жанымызды шүбе­рекке түйгеніміз есте. Биыл ұлттық арна «Намыс-дода» мегажобасының жаңа көрсетілімдерін назарға ұсынады.
Францияның бұрынғы президенті Шарль де Гольдің идеясымен дүниеге келген бағдарламада әр елден келген саңлақтар өзара күш сынасады. Ұлттық арна ұжымы жаңа «Намыс-дода» қызықты сәттерге толы болады деп сендіріп отыр. Қазақтың ұлттық ән өнерін насихаттайтан бағдарлама отандық телеарналарда көп емес. Ұлттық нақыштағы әннен гөрі, эстрадалық әндер көптеп экранға шығатын бүгінгі тұста ұрпақтың құлағына ұлттық әуендерді сіңіру ауадай қажет. Осы мақсатта ұлттық арна «Дедімай-ау» музыкалық бағдарламасын ұсынып отыр. «Қазақстан» телеарнасында өзге елдің мәдениеті мен салт-дәстүрі жөнінде кеңінен баяндайтын «Жиһанкез» танымдық бағдарламасының да тұсауы кесіледі.

«Мама мия» көңілден шықты ма?
«КТК» телеарнасы да жаңа телемаусымда жаңалықтан құралақан емес. Жыл бойы телеарнада «Мама мия» һәм «Бешбармак-шоу» сияқты тың те­лежобалар көрерменмен қауышады деген ақпарат таратылды. Әрине, жа­ңалыққа елең етпеген көрермен аз болмады. Жасыратын несі бар, күн сайын ресейлік әзілкештердің мәнсіз концерттері мен сүреңсіз телехикая­лары, ресейлік телеарналардың мерзімі өткен телебағдарламаларынан «КТК» телеарнасының эфирі босамайтын еді. Жаңа тележобалардан ұлтқа тән ерекшелік һәм жаңалық күткеніміз тағы жасырын емес. Әйткенмен өрекпіген көңіл әп-сәтте басылды.
Өткен сенбіде «КТК» телеарнасынан «Мама мия» бағдарламасының алғашқы көрсетілімін тамашаладық. «Мама мия» - латынамерикалық «Те­лемундо» телекомпаниясының «Квенсенера» шоу-бағдарламасының қа­зақстандық нұсқасы. Музыкалық реали-
ти-шоу ТМД аумағында тұңғыш рет көрсетіліп отыр екен. Тележобада 14-16 жасар бойжеткендер аналарымен қосылып, ән айтып, өзара сайысқа түседі. 12 жұптың арасындағы қызу тартыста үздік атанған анасы мен қызы
3 миллион теңгені иеленеді. Әлбетте ел арасында талантымен тәнті еткен балалар да, аналар да жетерлік. Бірақ «Мама мияны» көріп, іштей қын­жылдық. Бағдарлама барысында өмірдің ақ пен қарасын ажырата алмаған жап-жас қыздардың аузынан тек қана жауапсыз махаббат туралы әндерді тыңдауымыз қызық болды. Ән өнерінің төресіне айналған аға-әпкелерімізден әнді жүрекпен айту керек деген кеңесті жиі естиміз. «Мама мияға» қатысқан әнші қыздардың өнеріне баға берген қазылар алқасы да: «Сен әнді дұрыс айтпадың. Әнді сезінбедің. Жүректен өткізбедің» деген сыңайдағы сынды көбірек айтты. Дегенмен махаббаттың мәнісін түсінбейтін 13-14 жастағы бойжеткен жауапсыз сезім туралы әнді қалайша өнбойынан өткізіп, сезінуі керек? Әр адам өзінің жасына, табиғи дамуына байланысты ән айту керек шығар. Бұл - бір деңіз. Екіншіден, ел арасында сәбиқұмар қылмыскерлердің қарасы көбейгенін айтып, дабыл қағып, қынжыламыз үнемі. Бағдарламаны көру барысында «мұндай ке­леңсіздіктің орын алуына өзіміз кінәлі емеспіз бе?» деген ойға қалдық бір сәт. Қалай дейсіз ғой? Теледидардан өкшесі қазықтай аяқкиім мен етегі қысқа көйлек киіп, бетіне опа-далапты аяусыз жаққан бойжеткенді көрген жас жігіт болсын, ер ағасының болсын ойы бұзылмай ма? Оның үстіне жас қыз махаббат туралы терең тебіреніспен ән айтса ше?!
Айтпақшы, бағдарламаны отбасылық реалити-шоу деп атаған екен. Шын мәнінде, «Мама мия» - отбасылық жоба. Қазылар алқасының қатарынан Баян Есентаеваны байқап қалдық, сахна төрінде де Баянның қызы Айсәуле Бақытбек сән құрып тұр. Тағы бір айта кетерлігі, бағдарлама тұтастай бір тілде жүргізілмейді. Қазақ қызы орысша ән айтады, онысымен қоймай, тілін бұрмалап, орысша сөйлейді. Әділ қазылар алқасы да қазақтың төл баласы болғанымен, орысша тіл сындырады. Әлбетте, жаңалықтың болғаны жақсы. Бірақ әр бағдарлама ұлттың ерекшелігі мен менталитетін ескерсе дұрыс болар еді. Дәл осы жобаны тілін бұрмалайтын шалақазақтардан гөрі, шалғайдағы таза қазақтардың көретіні ақиқат. Ауылдағы келіншектер үшін сахнада кіндігін көрсетіп, көлбеңдеп жүрген аналар да ерсі көрінетіні хақ. Қазақта «баласы атқа шапса, анасы үйде отырып тақымын қысады» деген мақал бар. Бірақ «Мама мия» жобасында аналар қыздарымен жағаласып, сахнаға талпынады. Мұндай «жаңалықтың» арты не боларын уақыт көрсетер...

Сергей Зверев Қазақстанда да жұлдыз болмақ
«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші, жаңа телемаусым­дағы жаңалықтың көкесін «Хит тв» телеарнасынан тамашалайтын бола­мыз. Еліміздегі бірден-бір музыкалық телеарна «Блондинки в загоне» атты жаңа тележобаны ұсынып отыр. Жаңа реалити-шоуда сары шашты арулар өзара бақ сынасып, бір миллион теңге үшін таласады. «Хит тв» телеарнасы ұжымының айтуынша, мұндай бағдарлама отандық телеэкрандарда әлі көрсетілген емес. Айтпақшы, реалити-шоу форматындағы жобалардан шығып, жұлдыз атанғандар әлемде жетерлік. «Хит тв» телеарнасының ұсынған жобасынан да жұлдыздар шығады деп сендіреді арна басшылары. Әлбетте, өнерлінің көп болғаны жақсы-ақ. Бірақ бізге Ким Кардашян, Джессика Симпсон немесе Виктория Боня сияқты арсыз жұлдыздар қажет пе? Сары шашты қазақстандық арулар түрлі сынақтарға тап болады. Пайымдауымызша, арулар ақылдан гөрі, киімінің сәнділігі, бет бояуының мәнділігі жағынан сынға түсетін сияқты. Бұл бағдарлама да қазақтың телеарнасынан көрсетілгенімен, өзге мәдениет пен батыстық салтты санаға құяды.
Айта кетерлігі, бағдарламаны Сергей Зверев жүргізеді. Не әйел, не еркек емесін өзі ажырата алмай жүрген шаштараз жігіт елімізге келіп, біраз еркелік көрсетті. Өскеменде туып, Ресей асып кеткен Сергей Зверев жөнінде көрермен көп білетін шығар. Үнемі дау-дамайдың ортасында жүрген ресейлік шоу-бизнес өкілі қазақстандық бағдарламаны жүргізсе, аталмыш тележоба халыққа не бере қояр. Әйтеуір, ресейлік «ДОМ-2»-нің қазақстандық нұсқасы болмаса игі...
Біз бүгін жаңа телемаусымның бірқатар жаңалықтарын тізбектедік. Телеарналардан көрсетілер қызықтар әлі алда. Бір өкінтерлігі, қайсыбір жаңа тележоба болсын ол міндетті түрде шетелдік телеөнімнің қазақстандық нұсқасы болып отыр. Сонда отандық телеарна өкілдері өздігінен идея ұсынып, бағдарлама шығаруға қауқарсыз ба?!

Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
13 сентября 2012, 13:47
1151

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8920
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3213
  • 15
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3383
  • 56
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3352
  • 37
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3130
  • 31
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2955
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2537
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2250
  • 18