• 93365
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Бен Ладен қалай өлтірілді?

Бен Ладен қалай өлтірілді?

13.09.12.

«Әлемдегі №1 лаңкес» деген лақап аты бар бен Ладен шын мәнінде, қалай қолға түсті? Оның жай-жапсары енді ғана айтыла бастағандай. АҚШ билігі басына ақша тіккен атақты бен Ладенді басында Ақ үйдегілер тірідей қолға түсіруді тапсырған. Бірақ анығында олай болмай шықты.
Оны АҚШ теңіз жаяу қарулы күштерінің жасақтары атып өлтіргені белгілі. АҚШ сарбаздары бен Ладен тұрған үйге басып кірген сәтте ол қолын артына ұстап үй ортасында тұрған. «Артында қаруы бар» деп ойлаған АҚШ сарбаздары шабуылдап үйге кіріп келе жатқан тұста оны бірден атып жіберген. Бұл туралы барлық мән-жайды CBS телеарнасына отставкадағы офицер Мэтт Биссонетт мәлімдеген. Оның айтуына қарағанда, арнайы әскери жасақ, үйге кірген сәтте сарбаздардың бірі оған оқ жұмсап жіберген. Detroit Free Press басылымының жазуына қара­ғанда, оқ бен Ладеннің шекесіне тиіп, ол бірден құлап түскен. Бір емес, қатарынан жауған бірнеше оқтың салдарынан ол тіл тартпай кеткен.
Бұл туралы офицер Мэтт Биссонетт АҚШ жұртшылығының арасында қоғамдық пікір туғызған және 4 қыркүйек күні сатылымға түскен «Бұл күн бекер емес» атты кітабында егжей-тегжейлі жазған көрінеді.
-Біз басы қанға боялып, өлім аузында жатқан бен Ладенді көрдік. Лаңкестің миы ақтарылып жатты. Ал оның айналасында жылап, айқайға басып бірнеше әйел отырды,-деп жазады кітабында Мэтт Биссонетт. Тіпті «әл-Каиданың» лидері өліп бара жатқанда арнайы жасақ сарбаздары оның өлі-тірілігін тексеру үшін кеудесіне тағы бір-екі оқ жұмсайды. Алайда офицер Мэтт Биссонетт «Бұл күн бекер емес» атты кітабын неге жазды? Әскери теңіз жаяу әскерлер құрылымында бірге қызмет істеген әріптестерінің айтуына қарағанда, Биссонетт бизнес саласына ауыспақ болғанда, басшылар оны арнайы баппен жұмыстан шығарған. Бұл әре­кетке назаланған ол АҚШ билігі «арнайы әскери операцияға қа-лай дайындалып, бен Ладен қалай өлтірілгені» туралы жасырын жасалған операцияны жұртшылыққа мәлім етіп, арнайы кітап жазған.
- Оны да түсінуге болар. Мэтт Биссонетт АҚШ әскерінде қатарынан 14 жыл қызмет етті. Арнайы операциядан кейін оны түкке керексіз етіп, лақтырып тастады. Мәжбүрлі түрде қолына билет алып берді де, туған жері Вирджинияға қайтарып жіберді,-дейді әріптестері.
Әлемді шулатқан Усама бен Ладенді ұстау операциясы 2011 жылдың 2 мамыры күні түнде жүзеге асқанын айта кету керек. «әл-Каида» лидері Исламабадтың маңайындағы қалашықта тұрған. Америкалықтар Ауғанстандағы базасы арқылы Исламабадқа тікұшақпен түнде ұшып келген. Тіпті бұл туралы Пәкстан билігін хабардар етпеген. Ел аумағына ескертусіз жасырын кіріп, әскери операцияны жүзеге асырғаны үшін Исламабад пен Вашингтон арасында үлкен дау туа жаздағаны белгілі. Бірақ екі елдің дауы ұзамай тыншыды. Бен Ладен осылай қапияда қаза тапты.

Ана сүті - ем

Бұрыннан айтылып келген ақиқатты ғалымдар тағы да дәлелдеп шығарғандай. Анасын емген бала ешқашан ауырмайды. Бұл - бір. Екіншіден, ана сүтімен өскен сәби үлкейгенде кез келген күйзелісті бастан кешірмейді. Бұл туралы неміс ғалымдары пікір айтып отыр.
52 адамды зерттеп көрген мамандар дені сау 106 адамға зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесі төмендегідей: жалпы, ана бар ынта-ықыласымен, пейілімен баланы емізуi керек екен. Егер ашуланып отырған болса, ол кейін баланың психикасына да беріледі. Сондықтан сәбидің ұзақ емуі өскенде нәтижесін көрсетеді. Ана мен бала арасындағы мұндай жылы байланыс жасөспірімді кез келген жағдайға дайын болуға бейім­дейді. Ана сүті жеткіншекті аяқ астынан болатын тұрмыстағы және тіршіліктегі әртүрлі күйзелістен құтқаруға жәрдемін тигізеді. Сондықтан жас аналар баласын емізуден қашпағаны дұрыс!

Гепард неге жылдам жүгіреді?

Ғалымдар желдей ескен гепардтың жылдамдығының қыр-сырына үңіліп әлек. Ал мұның сыры неде?
Жапонияның Ямагутии университетінің ғалымдары мұның сырын зерттей келе оның сыры жолбарыстың бұлшық еттерінде екенін айтып отыр. Жапон ғалымдарының айтуына қарағанда, гепардтың шапшаңдығын орнынан оталып, жылдам қозғалатын көлікке теңеуге болады. Мысалы, газды басқан сайын көлік еркін жүйткиді. Гепард та солай.
Алайда олардың да әр түрі болады. Бір ерекшелігі, гепард жай жүрген сәтте олардың бұлшық еттерінің барлығы да іске қосылмайды. Ал жемтігінің соңынан қуған сәтте бұлшық еттердің барлығы да іске қосылады да, оның жылдамдығы барған сайын артады.
Жалпы, гепардты көлікпен салыстырудың жөні бар. Профессор Наоми Ваданың айтуына қарағанда, гепардтың бұлшық етінің бірінші типі алдыңғы аяқ буындарында орналасқан, ал екінші типі артқы аяқтарында.
-«Көлікте де солай емес пе?, - дейді профессор. - жылдамдық тетігін басқан сайын «темір тұлпар» еркін көсіліп, қатты жүреді. Гепардтың қимылы да осыған ұқсас. Ол қатты жүгіргенде алдыңғыға қоса, артқы аяқтың бұлшық еттері қызып, іске қосылады да, қатты жүгіреді».
Ақиқатында әңгіме гепардтың бұлшық етінде ғана емес сияқты. Зерттеу жүргізген ғалымдардың жазуына қарағанда, шапшаңдық олардың қаңқа сүйектері мен омыртқасына да қатысты екен. Әсіресе, олардың омыртқасы иілгіш, жүгіруге өте ыңғайлы көрінеді. Гепард жүгірген сәтте омыртқа еркін иіліп, жазылады да, олардың секірісі жеті метрге дейін жетеді. Міне, олардың шапшаң жүгіруінде осындай сыр жатқан секілді.

Көлікке мінген жылан

Оңтүстік Африка Республикасында бір кызық оқиға орын алды.
Сонау Англиядан қыдырыстап барған отбасы Марлин Суорт пен Леона Суанеполаның есінде бұл сапар ұзақ уақыт сақталып қалатын болды. Өйткені...
Олар қорық аралап жүріп көлігін жағаға қалдырып кетеді. Екі сағат өткеннен кейін олар көліктеріне қайта оралады. Бірақ олар көліктің астына үлкен жылан - питонның жылжып келіп, орналасып алғанын білмей қалады. Олар қорықтан шыққан соң 5 шақырым жол жүреді. Аялдап, көліктің алдыңғы капотын ашып қалған кезде жым-жырт, тыныш жатқан питонды көреді.

-Питон адамға қараған күйі маужырап жатты, біз алғашында қорқып кеттік. Бірақ бойымыз үйренгеннен кейін оны қақпайлап, көліктен түсіруге мәжбүр болдық,-дейді Марлин Суорт.
Сөйтіп, көлікпен қыдырған алып жылан екі жанға еш зиянын тигізбестен, бұтаның арасына кіріп кеткен көрінеді.

Әлемдегі ең күшті әйел

Адамның мүмкіндігі өте үлкен. Дүниежүзінде тісімен көлік сүйреп, алақанының қырымен тасты ұрып сындыратын дүлей күш иелері көп. Ал әйелдердің арасынан да осындай мықтылар табылып жатса, оған таңғалудың қажеті жоқ.

Ресейде мұндай әйел бар. Саратовта өткен жарыста орыс қызы Анна Глушко ауыр жүк көлігі КамАЗ-ды сүйреп, жиналған жұртшылықтың қоше­метіне бөленді. Ол таңғаларлық әрекеті арқылы көрермендерге үлкен сыйлық жасады. Сөйтіп, ауыр көлік алып арудың соңынан жылжыды. Жалпы, көлік қана емес, мұндай сұлудың соңынан кез келген еркек еріп кетер...

(Материалдар отандық және шетелдік ақпарат көзі бойынша дайындалды)

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
13 сентября 2012, 13:44
488

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 9263
  • 17
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4177
  • 12
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2853
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2823
  • 91
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 2283
  • 35
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2864
  • 1
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 2250
  • 33
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 2015
  • 13