• 94573
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ұрпаққа сапалы ұрық керек

Ел халқының жиырма пайызы, яки әрбір бесінші жұп артынан ұрпақ қалдыру бақытынан қағылған. Әрине, ғылыми технологияның озық жетістіктерінің арқасында мұндай келеңсіздікті оңай еңсеруге болады. Тек қалтаңызда ақша, қажетті генетикалық материал болса, жеткілікті.

Он бес жылдың ішінде алты мыңнан астам бүлдіршін қосымша репродуктивті көмек арқылы дүние есігін ашқан. Әйтсе де мамандардың пайымдауынша, ел аумағында жасанды ұрықтандыруға қажетті ұрық жетіспейді. Тіпті алдағы жиырма жылдың ішінде дені сау ұрық баға жетпес құндылыққа айналады-мыс. Ұрықтың әлсізденуіне түрлі экологиялық факторлар әсер етеді екен.
Елімізде оннан аса жасанды ұрықтандыру орталықтары бар. Жыл сайын екі мыңға жуық келіншек аталмыш орталықтардың көмегіне жүгінеді. Статистикалық деректерге көз жүгіртсек, бедеулікке тап болған отбасылық жұптардың 40-45 пайызының мұндай күрделі мәселеге тап болуына тікелей ер-азаматтардың денсаулығы әсер етеді. Соның салдарынан ЭКО-орталықтарға ұрық доноры ауадай қажет. Бұл күнде ЭКО-орталықтарға ұрығын тапсыратын донорлар бар. Бірақ мамандар ұрық-донорлығына жарайтын ер-азаматтардың денсаулығы сын көтермейті-
нін алға тартады. Мәселен, екі жүзге тарта жанама донорлардың тек екеуінің ғана генетикалық материалы іске жарамды екен. Репродуктолог-мамандар 20 жастағы жігіттен гөрі, елуді еңсерген азаматтардың ұрығы әлдеқайда сапалы екенін айтады. Түрлі экологиялық факторлар, дұрыс тамақтанбаудың салдарынан тепсе темір үзер жасқа келген ер-азаматтар­дың денсаулығы күрт төмендеп отыр. Сондықтан әрбір азамат тамақтану кестесін мұқият бақылап, азық-түліктердің құрамын тексеруі тиіс. Бүкіл Қазақстан бойынша 12 мыңға жуық тұрақты ұрық-доноры бар екен. Маман­дардың айтуынша, бұл көрсеткіш тым аз. Тағы бір айта кетерлігі, оңай жолмен олжа табамын деп шарқ ұрып, ұрығын тапсыруға талпынатын азаматтар да аз емес. Бір ұрықты тапсыру құны жеті мың теңгені құ­райды. Бірақ ұрық-донорына қойылар талап та жетерлік. Мәселен, жасы 35-ке дейінгі, денсаулығы жарамды, кемінде бір баласы бар, жоғары білімді ер-азаматтар донор ретінде қабылданады. Әрқилы созылмалы һәм психикалық дерті бар азаматтардың генетикалық материалы іске жарамайды. Сондай-ақ қолында дипломы жоқ, қара жұмысшылар да жа­рамсыз. Донордың жарамдылығын тексеруге 90 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалады.
Әрине, ер-азаматтардың бедеулік дертіне тап болуы тұтас бір ұлттың бас ауыртар басты мәселесі. Жыл сайын ерлердің денсаулығы нашарлап барады. Бұған азаматтардың денсаулығына немқұрайды қарауы сеп болатын шығар. Әйтсе де ЭКО-орталықтардың табалдырығын тоздырып, ұрық іздеп жүрген келіншектердің қарасы аз емес. Әлбетте, біреу жаны ауырғаннан көмекке жүгінсе, енді біреу үшін ұрық мәселесі еріккеннің ермегіне айналды. Біраз уақыт бұрын отандық ақпараттық порталдарда «қазақстандық келіншектер өзі қалаған кез келген азаматтан бала көтере алады, «Донор сперм-плюс» репродуктивті компаниясында әлем бойынша 80 мыңнан астам ұрық сақталған. Енді қазақстандық қыз-келін­шектер шетелдік артистер мен атақты саясаткерлерден ұрпақ ала алады» деген ақпарат кеңінен таралған еді. Әлбетте, мұндай «қуанышты» жаңалыққа елең еткендер саны көп болды. Тіпті ер-азаматтар
60 АҚШ долларына өз ұрығын беруге келіс-
се, нәзік жандылар ұрыққа тапсырыс беріп үлгеріпті. Мәселен, қазақ­стандық келіншектер Премьер-министр Кәрім Мәсімов, Олимпиада чемпионы Илья Ильин, Тәңірберген Бердіоңғаров, әнші Батырхан Шүкеновтен бала көтергісі келетінін жасырмапты. Бірақ арулардың көңілі әп-сәтте су сепкендей басылды. Халыққа таралған «Ұрық банкісі» жөнінде ақпарат жасанды болып шықты.
Бұл - «Теле-2» байланыс операторының жаңа байланыс түрін жарнамалауға арналған «партизандық» ақпараты болып шықты. Әрине, әзілге құралған ақпар болса да, астарында зілдей шындық жатыр.
Келіншектердің барлық мәселені ысырып қойып, ұрық іздеуіне жол болсын дейсің мұндайда. Жалпы, дінде өзгенің ұрығын әйелдің бойына жасанды жолмен бітіруге қатысты екіұдай пікір бар. Алматы облыстық мешітінің наиб-имамы Марат Әмірұлының айтуынша, Ислам әлеміндегі беделді ғалымдар жасанды ұрықтандыру арқылы бала сүюге болады деп пәтуа берген. Бұл пәтуаға сүйенсек, ұрықтанудың негізгі 3 элементі: ұрық, аналық жұмыртқалық және жатыр саналады. Осылардың үшеуі де некелі жұбайларға тиесілі болса, жасанды ұрықтандырумен перзентті болуға діни тұрғыдан ешбір шектеу жоқ. Дегенмен бұл тәсіл табиғи жолмен сәби сүйе алмайтын жұбайлар үшін ем мақсатында ғана қолданы­лады. Ал енді жасанды ұрықтандыру барысында жоғарыда аталған ұрық, аналық жұмыртқалық және жатыр жұбайларға тиесілі болмаса, мұндайға дініміз рұқсат бермейі. Бір қарағанда, өзге азаматтың ұрығын әйел бойына бітіру зина жасаумен пара-пар. Ал дінімізде зина жасау өте ауыр күнә саналатыны баршамызға мәлім. «Ұрық-донорын пайдаланып, жасанды ұрықтандырудың тағы бір тұсы бар. Әрине, бала сүйгісі келетін ата-ана ұрпақ өрбіту үшін қолдағы барын аямасы анық. Бірақ ұрық-доноры көп жағдайда белгісіз күйінде қалады. Мәселен, біреудің ұрық-доноры келіншекке салынды делік, талап бойынша донор атанар ер-азаматтың туған балалары болуы керек. Уақыт өте келе бір ұрықтан туылған екі адам бір-біріне жолығып, отбасын құруы мүмкін ғой. Яки бұл болашаққа қауіп төндірер мәселе. Бүгін бұған көз жұма қарасақ, ертең зардабын шегуіміз әбден мүмкін. Бұл дегеніміз - тексіздікке әкелетін бірден-бір жол» дейді Марат Әмірұлы.
Бедеулік дертін емдеп, жастарға бақыт сыйлау үшін жасанды ұрықтандыруға иек артқан дұрыс-ақ. Мамандар ұрық-донорлығын жан-жақты насихаттау керек деген пікірін алға тартады. Мейлі, насихатталсын делік, бірақ елімізде ұрығын тапсырған донордың аты-жөні, тегі аталмайды. Яғни барлығы жасырын түрде жүргізіледі. Бірақ жасырын донорлардың салдарынан келешек ұрпақ зардап шекпей ме? Бар гәп осында...

Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
13 сентября 2012, 12:11
2046

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8660
  • 81
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6012
  • 23
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 3539
  • 12
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2640
  • 30
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

Зачастую казахские селебрити выходя в свет, привлекают внимание и обьективы камер только к своей персоне, оставляя свои вторые половинки в тени неизвестности.
gulshat87
13 окт. 2017 / 17:56
  • 2035
  • 6