Тікелей эфир

Жас режиссердің сәтті қадамы

Э.Олби - «Зоопарк», БҚО драма театры, режиссері А.Маемиров

Қазақ ұлттық режиссурасының жас буыны жаңа есімдермен толығуда. Солардың бірі Асхат Маемиров. Қазақ Ұлттық Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында театр режиссурасы мамандығын Маман Байсеркенұлы шеберханасынан тәмамдаған жас талант кейін Франциядан театр саласы бойынша тағлымдамадан өтіп, дипломдық жұмысын Мәскеудің Ресей театр өнерінің Академиясында қорғап (бұрынғы ГИТИС), магистратура академиялық дәрежесін алып шықты.

Асхат Маемиров режиссурадағы алғашқы қадамын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрынан бастаған. Онда Ж. Аймауытовтың «Сылаң қыз», Т. Ахметжанның «Қараторғай», А.Кравцовтың «Күнікей қыз», Г.Хугараевтың «Қара шекпен», Е.Аманшаевтың «Қасірет драмасы», Э.Олбидің «Зоопарк», М.Байджиевтің «Махаббат жағалауы», С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» спектакльдерін қойды. Бұл қойылымдар театрдың репертуарын толықтыра, қызық ете түсті. Осылардың ішінде белгілі америка драматургы Э.Олбидің «Зоопарк» пьесасы бойынша қойылған спектакль театр жұртшылығына кеңірек танылды.

Театр «Зоопарк» спектаклімен АҚШ-тың Риджфилд (Нью-Йорк іргесінде) қаласында өткен Михаил Чехов атындағы әлемдік театр фестивалінің лауреаты атанып, «ең үздік шеберлік» аталымын жеңіп алса, 2010 жылы Алматыда өткен Қазақстан мен Орта Азия театрларының халықаралық фестивалінде Джерри ролін орындаған актер Данияр Базарқұлов «ең үздік ер адам бейнесі» жүлдесіне ие болды.

Шығармада жеке адамның мәселесі арқылы қоғам мәселесі көтеріледі. Қойылым кітабын оқып отырған Питердің жайлы отырысын бұзып «мен бүгін зоопаркте болдым» деп Джерридің келуімен басталады. Осы сөздерді қайталап айта беруінен оны бір ой мазалағанын түсінуге болады. Джерридің бөтен адаммен болса да тілдескісі келетінін, ішкі жан айқайын сыртқа шығарғысы келетінін көреміз.

Спектакль Питер мен Джерридің диалогы барысында өсіп отырады. Джерри тастанды жігіт, ата-ананың аялы алақанын, жылулығын сезініп көрмеген көшенің жалаң аяғы. Ал Питер жұмысы, үйі, әйелі, екі баласы, мысығы, тіпті тордағы тотықұсы бар бақытты отағасы. Салыстырып қарасақ, екеуі екі әлемнің адамы. Бірақ екеуін ортақтастырып тұрған бір кесел бар, ол - жалғыздық. Бірінде бақытты болу үшін бәрі болса, екіншісінде осы өмірде тірі пендені бақытты етер дүниелердің бірі де жоқ.

Актер Д.Базарқұлов Джерридің ішкі жан дүниесін, өмірін сезінген, оның әр мизансценасы нақты сызылған. Д. Базарқұловтың Джерриі қамауынан еркіндікке шыққысы келіп торға секіріп, шынжырын жұлмалап қарсылығын білдірген жабайы аңдарша сахнадағы торларды әрлі-берлі сүйрелеп, оларға бір шығып, бір түсуі, тордың ар жарғынан үмітке толы көзқарасымен көкжиекке қарап ойланып кетуі арқылы бүгінгі өмірдің, қоғамның адамзат үшін тар, абақты екенін жақсы жеткізе алды. Ол өзін де, Питерді де зообақта отырған аңдарға балайды. Джерри роліндегі Данияр Жоламанұлы осы сәтті жақсы жеткізе білген. Актер Джерридің  ішкі  жан толғанысын, күйзелісін, қоғам проблемасын айқын әрі нақ көрсете алды. Егер Джерри қоғам, өмір атты қамауда отырған тордан шығуын, бостандығын қаласа, Питер керісінше тордағы өміріне әбден көнген адам. Актер Алмас  Шоман Питердің темір тордағы өміріне еш қарсылықсыз көндіккенін, тіпті сол өміріне риза екенін спектакль барысында жеткізе алды.

Қойылым соңында Джерри өлгенде режиссердің шіркеу музыкасын беруі арқылы адамның жан дүниесінің тазаруын дінмен байланыстырғандай әсер қалдырады. Яғни Джерридің өлімі арқылы Маемиров катарсис-тазаруды берген. Режиссер Джерри арқылы адам неге қатып қалған қағидамен өмір сүру керек деген ұғымнан бас тартқысы келген. Соған Питердің көзін жеткізу үшін Джерри де өзін құрбандыққа шалады.

Қойылымның сахналық безендірілуі шартты түрде шешіліп, темір торлармен отырғыш қана қолданылған. Режиссер темір торды біресе көп қабатты үй, енді бірде баспалдақ, біресе тор етіп жақсы ойната алған. Дегенмен де, жылжымалы торлар кей жерлерде актер ойынына кедергі тудыратынын да атап өткен жөн. Қойылым қоғамдағы адамның өмірі зообақтағы аңның өміріндей шектеулі деген ойды жетелейді. Шешімі жоқ өмірмен одан әрмен күресер шамасы болмаған Джерри өзін ажалға қияды. Режиссер «Зоопарк» қойылымы арқылы үлкен қаладағы жалғыздықты, адам жанының жалғыздығын әдемі суреттеген. Бостандықтағы аң еркінен айырылып, темір торға қамалып қиналады. Ал адам  болса, өзіндік ерекшелігін жоғалтып, өмір талабына бағына отырып, өзін-өзі ерікті түрде торға қамаған.

Өзіндік  қолтаңбасын қалыптастыру жолында еңбек етіп келе жатқан дарынды жас режиссер Асхат Маемировтің алар асуы әлі де алда. Театр дейтін ұлы өнердің жүгін арқалап, туын көтерісіп жүрген режиссердің қазақ сахнасында әлі де көптеген көркем, соны туындылар әкелері сөзсіз.

Салтанат Әбілғазиева

Қазақ Ұлттық  Т.Жүргенов атындағы

Өнер академиясы театртану бөлімінің 4 курс студенті

Алия Arsik
10 қараша 2012, 7:04
3314

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Если раньше путь до Хоргоса занимал около 5 часов по Кульджинской трассе, то сейчас время до границы с Китаем сокращается до 2,5-3 часов. Уже сейчас можно ехать по 4-полосной дороге с цементобетонным покрытием.
theYakov
15 сент. 2017 / 9:35
  • 5395
  • 12
Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

За три месяца я поработала в трёх разных сферах. И сегодня, хочу поведать вам о работе в одной из богатейших компаний мира. Звучит значительно лучше, чем «Я работаю в Mc Donald’s».
madiNAtty
15 сент. 2017 / 12:44
  • 2988
  • 16
Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Вчера состоялся предпремьерный показ нашего отечественного фильма "Крылья, подаренные матерью", после просмотра которого защемило сердце - настолько правдоподобной казалась эта история.
Gulmira-I
14 сент. 2017 / 9:34
  • 2435
  • 0
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2161
  • 54
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2108
  • 61
Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Алматы - самый лучший город для меня, так как родной и самый близкий. Так как я много лет прожил за рубежом, могу сказать свою точку зрения, что надо делать у нас.
Ispanec
15 сент. 2017 / 6:20
  • 2035
  • 21
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 1699
  • 30
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 2035
  • 17
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2222
  • 1