• 87169
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Елбасының өлеңіне жазылған жаңа ән «На-На» тобының орындауында насихатталмақ

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өлеңіне жазылған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Мұхамеджановтың «Мой город» әнін ресейлік «На-На» тобы кең көлемде насихаттауға кірісті. Есімі елге белгілі композитордың айтуынша, бұл туынды тәу еткен Тәуел­сіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына орайластырылып жазылған екен. Мереке күні орталық стадионда ұйымдастырылған мемлекеттік шарада сиясы кеппеген шығарманың тұсауын танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин кеседі. Арада екі аптадай уақыт өткенде продюсер Бари Алибасов авторға хабарласып, Астана туралы ән сұрайды. Елорданың туған күніне тарту ететін концерттік бағдарламаларына қосу үшін арнайы іздеп жатқанын жеткізеді. - Бари Алибасов - байырғы досым. «На-На» тобының репертуарында екі әнім бар. Қайда бармасын, тастамай айтып жүреді. Сондықтан өнердегі, өмірдегі достарыма «Мой город» әнінің болашағын сеніп тапсырдым. Олар әуелі бірінші нұсқасын жаздырып, бір данасын маған тыңдауға жіберді. Бірақ шынымды айтсам, көңілімнен шықпады. Бұл жай ғана өлең емес, Елбасының сүйіспеншілігінен, көрегенділігінен, парасат-пайымынан шыққан сөздер. Өз қолымен тұрғызған арман қаласы жайлы жауапкершілік сезімдері, асқақ арманы мен шынайы махаббатымен өрiлген. Сондықтан ұлт Көшбасшысының жүрек лүпілі тыңдаушы назарына қаз-қалпында, өзгеріске ұшырамай ұсынылуын жіті назарда ұстадым. Абырой болғанда, сол кезде сәті түсіп Мәскеуге бара қалдым. Жігіттерге жолығып, қалай орындалу керектігін көрсеттім. Көзбе-көз отырып үйреттім. Сөйтіп, үстіміздегі жылдың шілде айында «На-На» тобы Астанада концерт беріп, әнді орындап, астанамыздың рухын аспандатып кетті, - дейді өнер иесі. Бари Алибасов та қалыс қалмай, топтың ресми сайтында өз пікірін ерекше толқыныспен білдіріпті. - Қалай болғанда да адамдардың ұзақ жылғы достығы өз жемісін бермей қоймайды екен. Шығармашылық қарым-қатынасына да оң әсерін тигізетін көрінеді. Олай дейтінім, ешкім айтпаса да Төлеген Мұхамеджановтың қоржынында жақсы ән барын іштей сездім. Хабарласқанымда, екі апта бұрын ғана жаңа туындысының өмірге келгені белгілі болды. Өлеңін Президенттің өзі жазғанын естігенде қызығушылығымыз одан сайын арта түсті. Нұрсұлтан Әбішұлына деген шексіз құрметімізді танытатын мүмкіндік туғанын түсіндік. Әнді тыңдап көргенімізде тіпті тамсандық. Кереметтігіне шүбәміз болған жоқ. Төлегеннің өзі қандай қарапайым, кеңпейіл болса, туындылары да әдемілігімен, даладай дархан иірімдерімен, әсем әуезділігімен бір-бірінен асып түседі. Өзін мықты санайтын орындаушылардың өзі оның музыкасын алғанда ойланып барып, кіріседі. Шыны керек, сахнада талай жыл жүріп төселген біздің өзіміз әннің әрлеуін үш мәрте жасадық. Президенттің өлеңі мен композитордың ойын бұлжытпай жеткізу үшін біраз әурелендік. Іздендік, еңбектендік. Дайын әуенге дауыс жазу да оңай соқпады. Бес рет орындап, түк шығара алмадық. Ақыры Төлеген Мәскеуге ұшып келіп, әр нотаны қолмен қойғандай етіп, жіліктеп түсіндіріп берді. Әйтеуір, әншілеріміз әрең дегенде әннің табиғатын бұзбай, дұрыс жол тапты. Бірде-бір әнге дәл бұлай қиналмап едік. Есесіне, жерлестерімнің алғысында есеп жоқ. Жақында Конституция күнінде Қарағанды қаласында өткен концертте қаумалаған халықтың ортасынан шыға алмадық. Барлығы рақметтерін айтып, қолтаңба алып, суретке түсіп, Мәскеуге ерекше сезіммен оралдық, - дейді Бари Алибасов. Тағы бір айта кетерлігі, ғаламторда «На-На» тобының орындауындағы «Мой город» әнін тыңдаушыларда есеп жоқ. Олар қазақстандық туындыны тыңдап қана қоймай, түрлі пікірін қалдырған. Басым бөлігі «Керемет ән. Балалық шағымызды, туған қаламызды еске түсіреді» деп ағынан жарылған. Композитор Төлеген Мұхамеджанов «Ән елордаға арналғанымен, мәтінде Астана деген сөз жоқ. Әркімнің өз қаласын есіне алып, тебіренетіні сондықтан болса керек» дейді. Тақырыпқа тұздық: «На-На» тобының продюсері Бари Алибасов тікелей өзі атсалысып, ғаламтор арқылы жолданған сұрақтарға жауап беріп отыратын топ сайтына бір ғана Астана қаласының жүзден аса суреттері салынғанын байқадық. Қаланың көрікті жерлерін армансыз аралап, көз тартар сұлулығын айдай әлемге паш етіпті. Әр суреттің астына тақырыпша қоюды да ұмытпаған. Асқан ұқыптылықпен жасалғаны көрініп тұр. Астана туралы, Елбасымыздың сындарлы саясаты жөнінде өзге елдің тұр­ғындарының жүрекжарды жылы лебіздерін оқығанда, кеудеңізді мақтаныш кернейді. «Астананың суреттерін жатып көрсең де, тұрып көрсең де көз тоймайды. Қысқа уақыт ішінде қала өте керемет салынған. Жол түссе, міндетті түрде барып, демалатын боламыз» дейді олар. Бұдан бөлек, топтың еліміздің өзге қалаларында өткен гастрольдік сапар­ларының барлығын осы желіден тамашалауға мүмкіндігіңіз бар. Сахна сыртындағы талай қызықтың да куәсі боларыңыз анық. Мұның барлығы Бари Алибасовтың туған еліне деген ыстық ілтипатын, патриоттық, азаматтық борышын көрсетсе керек. Өзге елде топ құрып, қазақша ән салғызып, қайда жүрсе де туған елін насихаттауға күш салатын продюсердің бұл ісі өзгелерге үлгі болса екен дейміз.

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
6 сентября 2012, 13:35
736

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 21813
  • 5
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 4310
  • 20
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 16:14
  • 2985
  • 33
Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Мне часто доставались мужчины, поломанные браком. Таких почти сразу видно – у них маска состоявшегося мужчины по швам трещит. И каждый из них реагирует по-своему. Поясню на паре примеров.
Jamiklisa
28 апр. 2017 / 14:21
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2661
  • 2
Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент Назарбаев призвал крупных бизнесменов делиться с народом, следуя примеру своих коллег из развитых стран. В Казахстане, действительно, сегодня много богатых людей.
openqazaqstan
27 апр. 2017 / 14:09
  • 2521
  • 26
Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Чтобы вы знали, чем занимаются в сфере образования - педагоги являются основой массовок. Какое отношение к учителям со стороны государства, такого же уровня и качество образования.
SaukovV
26 апр. 2017 / 16:05
  • 2456
  • 16
Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Для меня Инстаграм – это рынок. Почему? Ничего не изменилось, девушки все так же бьются в попытках наиболее выгодно себя продать, посредством привлечения внимания.
Annette_Scherer
24 апр. 2017 / 22:35
  • 2473
  • 5
Как стать караоке-шлюхой в Корее? Твои обязанности – развлекать гостя, вот и всё

Как стать караоке-шлюхой в Корее? Твои обязанности – развлекать гостя, вот и всё

Я думаю, многие видели различные объявления в интернете о наборе девушек в караоке-клубы в Южную Корею. Садитесь поудобнее, я вам сейчас расскажу что это за шняга.
savira6
28 апр. 2017 / 17:02
  • 2417
  • 20