• 95998
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Алла ПЛАТОНОВА: Қазақ тілін үйренуді қашанғы кейінге шегереміз?

- Алла, өзіңді Арқалықта жұмыс істеп жүрген кезіңнен білетінмін. Жақында Қостанайдағы тіл мәселесіне қатысты үлкен басқосуда жатық та сауатты баяндамаңды тыңдап, өте тәнті болғанымды жа­сырмаймын. Сенің осы мемлекеттік тілді меңгерудегі жетістігің барша жастарға өнеге. Ең алдымен қай жерде туып-өскеніңді айтып өтсең?
- Мен қаймағы бұзылмаған, қазақтың бүкіл салт-дәстүрі берік сақталған Амангелді ауданына қарасты Тасты ауылында туып-өстім. Ол жер - мен үшін жер жәннаты. Маған одан артық елді мекен жоқ секілді көрінеді.
Тасты аудан орталығынан 75 шақырымдай жерде. Осы ауылда 508 адам тұрады. Тұрғындардың басым көпшілігі - қазақ. Бәрі де менің бауырларым болып кеткен. Өйткені ондағыларға мақсат та, мүдде де ортақ. Тіршіліктегі барлық қуаныш пен қайғыны бірге бөліседі.
Осы ауылға әкем Сергей ерте көшіп келіпті. Кешегі жап-жас бозбала бұл күндері 40-тан асып қалды. Ол - ауылда механизатор. Адал еңбегінің арқасында бала-шағасын ештеңеден тарықтырмай, зарықтырмай отырған жайы бар.
Шаңырақтың шырайын келтіріп отырған аяулы анам Екатерина Марковна - молдаван қызы. Ол ауылдағы дүкенде сатушы. Отбасында үш бала өстік. Үйдің тұңғышы - Инна, қазір Астанада тұрады. Кезінде қазақ жігітімен тағдырын тоғыстырды. Олардың Кристина есімді қызы әп-әдемі болып өсіп келеді.
Одан кейінгі ағам Федор - жиырма екіде. Қазақшаны бір кісідей біледі. Бұл күндері Арқалық қаласында Төтенше жағдайлар басқармасында жауапты қызметте. Мен - үйдің кенжесімін. Қазір Қостанай мемлекеттік университетінде оқып жатырмын.
- Сен айып етпесең, бір сауал қойсам, үлкен ағаң Федор мұсыл­мандықты қабылдап, қазақ қызына үйленді деп естіп едім...
- Ол рас. Қазақы ортаның әсері тимей қоймайды, осы өзім еркелеп, қашан көргенше асығатын бауырым осыдан екі жыл бұрын алдымен сүндетке отырды. Содан соң ислам дінін қабылдады. Енді ол Федор емес, Фархат атанды. Мұның бәрі оның өз еркімен болған жайлар.
Содан мұсылман атанған ағам Динара есімді қазақ қызына үйленді. Қос жүрек бір-бірін ұнатып, өнегелі шаңырақ болып отыр. Жеңгем де түсінігі бар, жақсы мен жаманның да парқын білетін аяулы жан. Бұлардың шаңы­рағындағы желкілдеп өсіп келе жатқан Диас та өте сүйкімді бала.
- Мектепті қазақ тілінде бітіріпсің. Сенің мақал-мәтелдер туралы монологыңды тыңдап, қатты риза болдым.
- Тасты ауылындағы орта мектепте 11 жыл қазақша оқыдым. Бұрындары әлгі білім ордасы аралас мектеп болатын. Мен алтын ұяның табалдырығын аттар кезде орыс сыныбы жабылып қалды. Әрине, мен орысша оқығым келсе, өзге білім ордасына барып жалғастыруыма бо­латын еді. Бірақ 1-сыныптан бастап қазақша оқуға бел будым. Ата-анам да менің бұл талпынысыма қуанбаса, ренжіген жоқ.
Әу баста көп қиналдым. Мәселен, қазақ отбасындағы балаларға олардың ата-аналары, өздерінен үлкен бауырлары күнделікті сабаққа дайындалған кезде көмектеседі. Ал менің ата-анам қанша дегенмен өзге ұлттың өкілдері, қазақ тілін жетік білмейді. Сондықтан үй тапсырмасын орындауда қобалжыған сәттерім аз болған жоқ.
Алайда адамды намыс өлтіреді. Қалайда тілді қазақтардан кем білмеуім керек деген мақсат қойдым. Соған жетудің жолын іздедім. Бос уақыт деген болған жоқ. Әйтеуір, көрші-қолаң, сыныптастарыммен таңертеңнен кешке дейін осы тілде сөйлесудің, еңбектенудің арқасында әлгі кез­дескен қиындықтардың бәрін де жеңдім. 4-сыныпқа барғанда сыныптағы екпінділерді қуып жеттім.
Мұның бәрі жанқиярлық еңбектің, адамдармен арадағы ізгі қарым-қатынастың нәтижесі, қазақы ортаның игі әсері деп ойлаймын. Сол кездегі достарым - егіздер Айман, Шолпан және Нұргүлдер менің балалық бал дәурен шағымның куәсі, нағыз қимас бауырларым. Олардың маған деген ыстық сезімдерін, орыстың қызы деп бөліп-жармаған шынайы достық махаббаттарын қалай ғана ұмытайын!
- Сенің өткен жылдардағы алған мақтау қағаздарың мен дип­ломдарыңа, марапаттарыңа қарап отырсам, кішкентай кезіңнен бастап оқу озаты ғана емес, әншілік, суретшілік өнеріңмен қатар, спорттың жеңіл атлетика түрінен ауданда ауылыңның намысын қорғапсың.
- Бастауыш сыныпта бізге Сақыпжамал есімді апайымыз дәріс берді. Бұл өзім үшін ардақты жан өнерді шын сүюіме өзінің ықпалын тигізді. Соны әңгіменің орайы келгенде мақтанышпен айтып өтуді шәкірттік парыз са­наймын.
Үлкен сахнада ән айтуды 2-сыныптан бастадым. Алғашқы әнім «Анна» деп аталады. Содан кейін «Туған жер» патриоттық әнімен Амангелді аудандық «Атамекен» байқауында көрермендердің ықыласына бөлендім. Мұның бәрі менің қанатымды қатайтып, болашаққа даңғыл жол ашқандай болды. Сол өнерім үшін аудандық мәдениет және білім бөлімдерінің бірнеше рет мақтау грамотасымен марапатталдым.
Жас кезіңде көп нәрсені аңғара бермейсің. Мұның бәрі менің келешекке деген алғашқы баспалдақтарым екен. Сол аудандағы ел басқарып отырған ағалар мен азаматтардың маған берген ақ батасы, шынайы лебіздері мені үнемі алға қарай жетеледі.
Ән айтумен қатар көптеген халықтардың билерін де мың бұрала биледім. Спортқа да белсене қатыстым. Екі шақырымға жүгіруден Амангелді өңіріндегі желаяқтар жарысында жүлделі орындарға ие болдым. Суретшілік өнерім де бар. Әсіресе, портрет салуда әжептеуір тәжірибе жи­нақтадым. Кезінде мамандар бұл салада шынымен ізденсең әжептеуір нәтижеге қол жеткізуге болатындығын да айтқаны әлі есімде.
- Абай Құнанбаевтың шығармашылығына, яғни оның өлеңдеріне жазылған әндерге шексіз ғашық секілдісің. Осы жөнінде өз аузыңнан естісем деп едім.
- Өз басым ұлы Абайдың шығармашылығына жастайымнан ерекше ден қойдым. Өйткені ол кісі поэзияны кеш бастаса да артына өшпес із қалдырған қайталанбас тұлға. Оның өлеңдері мен қарасөздері оқыған адамды бейжай қалдырмайды. Онда философиялық ой, терең мағына бар. Ол сондықтан да өміршең.
Жақында облыс орталығында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Абай оқулары» шарасы өткізілді. Оның басы-қасында өзімнің де болғанымды бақыт санаймын. Онда бірқатар жастар ізденіс танытқандығын байқатты.
Өзімнің әлі күнге дейін ән айтатынымды жасырмаймын. Сонау мектеп қабырғасынан бері Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» секілді әндерін аса бір құштарлықпен орындаймын.
- Мектептен кейін Арқалық қаласындағы телеарнада жаңалық­тарды жүргізетін диктор болғаныңнан да хабарымыз бар. Әлгі ха­бар «Сөйлеп тұрған Арқалық» деп аталады. Содан бергі өміріңіз жайлы да қысқаша баяндап өтсеңіз.
- Тастыда орта мектепті аяқтаған соң, әлгі айтылған Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институттың филология факультетіне түстім. Өйткені, мектеп қабырғасында жүргенде ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген білікті маман болуды армандаған едім.
Сонда студент бола жүріп, Арқалық телеарнасында қазақ тілінде диктор болдым. Ондағы басшыларға, әріптестеріме рақмет. Мені жылы жүзбен қарсы алып, өзімнің қабілетімді көрсетуге мүмкіндік берді. Ол күндердің бәрі де менің өмірімде ерекше орын алады.
Өткен кезең ішінде бірқатар айтулы байқауларда шыңдалып, өзімнің мүмкіндігімді біліп, алға ұмтылдым. 2009 жыл мен үшін жемісті болғандығын баса айтқым келеді. Қостанай облыстық мәдениет басқармасы ұйымдастырған облыстық «Қыз өссе - елдің көркі» атты әр ұлт өкілдері арасындағы байқауда бас жүлдені жеңіп алдым. Сол жылы облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен болған орыс жастары арасында өткен «Тіл - халық жанын танудың кілті» деп аталатын облыстық байқауда бірінші орынға көтеріліп, арнайы дипломмен марапатталдым. Астанаға жолдама алдым.
Содан Елордамыз Астанада өткен республикалық байқауда ІІ орынға ие болдым. Мұның бәрі менің өзіме деген сенімімді барынша арттырды. Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті, Қазақстанның орыс қауымының арнайы дипломына ие болдым. Бағалы сыйлық та тапсырылды.
Айтулы екі байқаудан басқа Рудныйдағы «Горняк» мәдениет үйінде «Алтын жастар» деген тақырыпта облыстың барлық салада өздерін көрсете білген дарынды, озық ойлы жастары бас қосты. Осы жиында бұрынғы облыс әкімі сөз сөйлеп, барлық жастарға ең ізгі тілегін білдіріп, оларға ақжол тіледі. Кездесуде облыс басшысымен жолығып, әңгімелесудің сәті түсті. Талай дарынды жастарға шарапатын тигізіп жүрген облыс басшысына өзімнің алдағы уақытта жүзеге асырсам деген ойларымды жеткіздім.
Осы арада аталған университеттің ректоры, ветеринария ғылымдарының докторы Асқар Нәметовке де шынайы алғысымды білдіргім келеді. Мен секілді талапты жастарға шапағатын тигізіп жүрген ардақты ағаларымыздың арамызда жүргені қандай жақсы. Оның үстіне грантпен оқимын. Болашақта қазақтілді журналист болғым келеді. Қазірдің өзінде теориялық білім мен тәжірибені тығыз ұштастыруға жете көңіл бөлудемін. Бәлкім зиялы қауым менің «Қазақстан - Қостанай» телеарнасындағы «Шын жүректен» хабарын жүргізіп жатқандығымды білсе керек.
Келешекте «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасын жүргізетін орыс қызы Майя Веронская секілді елімізге белгілі журналист болсам деймін.
- Сен өзге ұлттар арасында қазақ тілін меңгерудің жарқын үлгісісің. Жалпы, шыныңды айтшы, мемлекеттік тілді игеру қиын ба? Неге осы кейбіреулер қазақ елінде тұрып, оның нанын жеп, суын ішіп жатса да тілге келгенде белсенділік көрсетпейді?
- Мен өзімді қазір қазақтың бір қызымын деп есептеймін. Шындығына келсем, орыс тілінен гөрі қазақ тілін жетік білемін. Ұлтым орыс болса да жүрегім қазақ деп соғады. Мен үшін жер бетінде қазақтан дарқан, қазақтан кеңпейіл, жомарт халық жоқ. Өткен тарихқа сүйенетін болсақ, қаншама тағдыр тауқыметіне ұшыраған өзге ұлт өкілдерін қиын кездері бауырына тартып, соңғы бір үзім нанымен бөлісті. Меніңше, соны түсінетін кез жетті.
Қазақ тілін үйренуді қашанғы кейінге шегере береміз? 20 жылда ден қойған адамға еркін сөйлейтін кез жетті ғой. Қазақ елінде тұрып, осы елдің азаматы атанған соң мемлекеттік тілді білу - барлық ұлт өкілдеріне қарыз да парыз. Оны үйрену қиын деген бос сөз. Қажеттілік пен ниет болса алынбайтын асу жоқ. Мен мұны өз басымнан өткерген соң ашық айтып отырмын. Сондықтан терең ойланайық. Нақты іс пен оған шын мәніндегі жанашырлығымызды көрсетейік.
- Бос уақытыңда не істейсің?
- Қолым боста қара домбыраны қолға алып, халық әндері мен термелерді орындаймын. Көрпе тіккенді жаным сүйеді. Әке-шешем ауылда әлі күнге дейін қазақтың кәдімгі ою-өрнекті көрпешесін пайдаланады. Ұлттың ұлы тағамы ет асқанды жаным сүйеді.
Шығыс және қазақ билерін билеймін. Таза ауада, табиғат аясында серуендегенді ұнатамын. Одан басқа көркем әдебиеттерді оқығанды, музыка тыңдағанды, достарыммен сырласқанды да артық көрмеймін.
Ең жек көретінім, бойжеткендердің темекі тартып, ішімдікке салынып, өз табиғатына жат нәрсемен айналысатындығы. Олар махаббат деген құдіретті сезімді де аялай білмейді. Түнгі клубқа мүлдем бармаймын. Өмірімде сыра да ішіп көрген емеспін.
Басты арманым - қазақ елінің мәртебесі өсіп, көк туы көкте желбірей берсе екен, мемлекеттік тіл біздің келешегіміз екендігін ешқашан ұмытуға болмайды.

Әңгімелескен
Оразалы ЖАҚСАНОВ

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
6 сентября 2012, 11:52
637

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 31262
  • 194
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15149
  • 3
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 16274
  • 372
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 11962
  • 3
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 11698
  • 59
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 8175
  • 57
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7528
  • 87
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
вчера / 18:36
  • 4197
  • 94
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 3497
  • 21