• 94658
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Игорь КВАША: Адамгершілікті ояту - басты міндет

Жаздың соңғы күнінде ресейлік «Бірінші арнаның» «Жди меня» бағдарламасының жүргізушісі, актер, режиссер, Ресейдің халық артисі Игорь Кваша өмірден озды. 79 жастағы актердің халыққа бергені көп шығар. Көптің көңілін баураған, Кеңес Одағының жаңалығына айналған «Современник» театрының негізін қалаушы Игорь Кваша «Жди меня» бағдарламасының жүргізушісі ретінде қалың көрерменнің жүрегінде қалды.
Өмір оған жарқын сәттерді сыйлады. Ол махаббатта да, достықта да, ұстанымдарында да тұрақты болды. Бозбала шағында Отан алдындағы борышын адал атқаруға аттанса, әрқилы диссиденттермен дос болып, билікке қарсы наразылық хаттарына еркін қол қойды. Оның осы әрекеті үшін Кваша кинодан қол үзіп қалған еді. Бірақ Игорь Владимирұлы өмірдің мұндай келеңсіздіктеріне назар аударған жоқ. Ол барлық құбылысқа философиялық қырынан қарайтын. Оның негізгі тірегі - театр мен отбасы еді. Ол бар ғұмырын кәсібі мен жанына жақын адамдарға арнады.
Бір адамның өмірі бір кітапқа татиды деп жатамыз. Игорь Квашаның өмірі де қызықты һәм сирек кездесетін кітап болар. Өйткені оның бүкіл ғұмыры адамдарға көмектесу, адами қасиеттерден аттап өтпеу сияқты жарқын қасиеттерге толы.
Ресейлік «Бірінші арнаның» «Жди меня» бағдарламасына зер салмайтын көрермен кемде-кем шығар. Әр көрсетілімнен соң кейде күлеміз, кейде жылаймыз. Әрине, қуаныштан. Себебі бағдарлама барысында жылдар бойы бір-бірін іздеген жандар табысады. Адамның жан-жүрегін езілтіп, еріксіз көзіне жас алдыратын бағдарламаны жүргізу де оңай емес. Өйткені сан мыңдаған тағдырларды, түрлі хикаяттарды тыңдап, байсалдылық танытып отыру кез келген адамның қолынан келе бермесі анық. 1998 жылдан бері көрсетіліп келе жатқан бағдарлама тек қана ток шоу емес, жоғалған адамдарды іздеудің ұлттық қызметі. Соңғы он жыл ішінде «Жди меня» бағдарламасының арқасында 150 мыңға жуық адам табылыпты. Ал жоғалған адам туралы хаттардың саны бір миллионнан асып жығылады. Игорь Кваша 1998 жылдан бері бағдарламаның тұрақты жүргізушісі болған. 2007 жылы Игорь Владимирұлының «Оралу нүктесі» атты кітабы 3 мың тиражбен жарыққа шықты. Кітапта актердің театрдағы, кинодағы шығармашылығынан бөлек, «Жди меня» бағдарламасына қатысты пікірлері де топтастырылған. Сол пікірлерді назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
«Бұл бағдарламаның қиындығы неде? Актерлік шеберлігімнің арқасы ма, кім білсін, бірақ мен адам өміріне қатысты хикаяттарды бей-жай тыңдай алмаймын. Мен хикаяның өнбойына енемін. Әрине, адам тағдырының мұңды тұстарын оқығанда, көз жасыңды тыйып қалу мүмкін емес. Адамдарға шын көңілмен тілектес болмай, мұндай бағдарламаны жүргізе алмайсың. Яки, өзіңе көмек сұрап келген адаммен бір деңгейде тұрасың. Ал мұндай рөлді ойнау мүмкін емес. Ойнасаң, барлығы өтірік болады. Ал бізде өтірікке, жасандылыққа жол жоқ. Ешқашан бірде-бір қойылған сюжет болмайды. Кейде «сіздерде шын мәнінде, барлығы шынайы бола ма? Келген адамдар актер емес пе?» деген кезде іштей бойыңды бір реніш кернейді. Сонда адамдар шынайылықты жасандылықтан ажырата алмай ма? Ұзақ уақыт бойы кездесуді асыға күтіп, туысқанына қарай қуанышпен жүгірген балаға қалай сенбейсің? Ол актер емес қой, оны рөл ойнауға мәжбүрлей де алмайсың. Осы уақытқа дейін (2007 жылға дейін) қырық мың адам бір-бірімен кездесті. Олай болса, қырық мың актерді шы­найы, сенімді ойнату мүмкін емес».
«Бағдарламаға миллионға жуық хат келді. Бұрнағы кезде миллион адамды төлқұжат алу үстелінде, кадрлар бөлімінде кездестіретін едік. Адамдар үмітін үзбей, бір-бірін іздеді, бірақ таба алмаушы едік. Бір-екі бағдарламадан кейін «Жди меня» адамдарды іздеумен айналысатын бағдарлама ғана емес деген ой келді. Іздеу - бұл бағдарламаның негізгі бөлігі ғой. Мен бір сандар келтірейін, әр жиырма минут сайын біз адамдарды табамыз. Жақынын қайта тапқан жандар үшін бұл - өлшеусіз қуаныш. Біраз жыл бұрын жоғалған баласын тапқан ата-ананың күйін, бауырын тапқан адамның жағдайын, бүлдіршіндер өмір бойы көрмеген ата-анасының жайын естіген кездегі түрін көз алдыңызға елестетіңізші...
Бізде бұзылған отбасылар, қиылған тағдырлар жайында неқилы хикаяттар бар. Революциялар, соғыстар, сталиндік лагерьлер, біртұтас халықтарды қуғындау. Осындай тарихтың қойнауында әрқилы оқиғаға байланысты жоғалған адамдардың табылуы кездейсоқтық болсын, мейлі басқасы бол­сын - ұлы жетістік. Бұл жетістік кейде тағдырды шешерлік бақытты кезде­сулер, кейде өмірді түбегейлі өзгертетін ғажайыптар. Бірақ ұлы жетістіктің тағы бір қыры бар. Жылдар бойы кеңес өкіметі жақындық, бірге қиналу, жақыныңа деген махаббат атты сезімдерді адамдардың бойынан өшіруге тырысты. Биліктің бұлай істемеске шарасы да жоқ еді. Бұл жеке адамның мүддесі немесе қайсыбір кездейсоқтық емес. Бұл кәдімгідей үлкен ортада талқыланатын құбылыс еді. Айналаңа адамдарды отырғызып қойып, репрессиялар жасау кезінде миллиондаған тағдырлар шорт кесілген сәтте ешкім де жақынына немесе туысына көмек бере алмай, іштен тынушы еді. Өйткені біреу қол көтеріп, қарсы шықса, онда оның өміріне қауіп төнетін. Яғни адамдардың бір-біріне көмектесіп, қайғысын бөлісуге мүмкіндік берілмеді.
... Адамның бойына адамгершіліктің оралуы - мен үшін бағдарламаның ең маңызды тұсы еді. Адамгершіліктің оралуы «Дені сау қоғам» деген түсінікті қалыптастыратын.
... есімде қалған ірі оқиғалардың бірі - сүреңсіз өсектің салдарынан зардап шеккен отбасының хикаясы. Біз бұл хикаяны «Он стакан табак» деп атадық. Іздеу қалай басталды? Жастайынан адасқан екі ағайынды жігіт бір-бірін іздейді. Қос ағайындыны байланыстыру үшін мұрағаттың бәрін ақтардық. Бір ілік болсайшы. Шындықты бірте-бірте аша бастадық. Оқиға былай өрбіген. Бір отбасы болыпты. Тату отбасының жеті баласы бар еді. Соғыс басталар тұста сегізінші нәресте дүние есігін ашады. Ол шекесі торсықтай ұл еді. Отағасы әскерге шақыртылады. Жиналу пункті олардың үйінің маңында еді. Әйелі отағасын шығарып салу үшін пунктке барады. Күйеуі әйелінен махорка әкелуін сұрайды. Ал әйел шытты жыртып, оны он стакан табакқа айырбастайды. Олжаны күйеуіне әкелген кезде кеш еді, бөлімшені майданға алып кетеді. Ауыл тұрғындары кейуананың қолында махорка бар екенін біліп, сатуға үгіттейді. Ал әйел бес стақанын сатып үлгереді. Осы сәтте арампиғылды біреу табылып, ана­ның үстінен заңсыз саудамен айналысты деп, шағым түсіреді. Әйелді бес жылға соттайды. Нәрестесі лагерьге анасымен кетеді. Бірақ уақыт өте келе анасы мен баласын айырады. Бүлдіршін балалар үйіне тапсырылады, ал кейуана 1943 жылы Карлагерьде қайтыс болады. Дәл сол жылы бүлдіршіндердің әкесі де жоғалып кетеді. Балалардың төртеуі ғажаппен тірі қалады. Олар анасы мен кіші інісі туралы ештеңе білмейтін. Бірақ, араға жылдар салып, олар анасы мен бауырын іздеуге кіріседі. Ал кіші бала да бізге бұл әлемде қандайда бір жақыны бар ма, жоқ па деген сауалмен бағдарламаға хат жазды.
Міне, ғажап. Біз бағдарламаға бауырларды шақырдық. Бірақ дәл қандай нәтиже барын айтпаған едік. Сценарий бойынша кішкентайы залда отыру керек еді, ал үлкендері менің қасыма жайғасып, хикаясын айтып беруге тиіс еді. Оқиғаны тыңдап болып, залдағы көрермендерге барып, әңгімеге тартуым керек болды. Сонан соң әлгі жігітке барып, «мынау сіздің хикаяңызға ұқсамай ма?» деп сұрақ қойылуы керек болатын. Алайда мен мінберге қарай бет алған кезде, залда отырған жігіт екі тізесін құшақтап, солқылдап жылай жөнелді. Шынымды айтсам, әлі күнге ер жігіттің өз отбасын қалай танығаны мен үшін жұмбақ. Бұл не - ішкі түйсік пе, әлде қанның дауысы ма? Өйткені ол бала табак туралы хикаяны білмейтін еді. Жасымды тежей алмадым, өзімді- өзім ұстай алмай, еңіреп жыладым...
Әрине, мұның бәрі - телевизияның құдіреті. Біз өзіміз сонша адамды та­уып, табыстырмас едік, әрине. Біздің іздеу тобымыз да үлкен емес. Бұл топ кәсіби деңгейде жұмыс істейді. Бірақ бағдарлама аясында бізге ешбір төлемсіз қол ұшын берген азаматтар болды. Біз ешкімге ақша беріп, ақша алмаймыз. Ең басты көмекшіміз, сөзсіз, көрермендер ғой.
Міне, марқұм Игорь Квашаның жүрек түкпірінен шыққан пікірлері осындай...

Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ,
dosym.a@list.ru

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
6 сентября 2012, 11:17
466

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Ол кысы талайынын жоктыгын кайтарган азамат еды,талайынын коз жасына себеп болып,журектерин жылыткан жаннын омирден озганы оте окинышты!
AIKYN
0
0
Иә, өкінішті!!! Өмір деген осы ғой!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2923
  • 33
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 2021
  • 37
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1800
  • 33
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 1721
  • 15
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1579
  • 13