• 14650
  • 7
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Адам ақшаның құлына айналды ма?

 

Адам баласының бойындағы қаншама қасиеттерінің ішінде қорқыныш, бір нәрсеге бағыну, табыну деген қасиеттер де бар. Тіпті, жансыз заттар да қандай да бір қасиетке ие. Мәселен, қар қайткенде ериді, пышақ кесу қасиетіне ие болмаса, қажетсіз болар еді. Бұның бәрі алданыш өмірдің заңдылығы болып табылады...

Ал, адамзат баласы ақшаға бағынышты. Табынып кеткені қашан. Ол болмаса өмірі қорқынышты. Шынымен, біз болашағымызды ақшасыз елестете аламыз ба екен?

Пенде үнемі бақытқа бөленіп өтсем деп тілейді. Сол бақытты балалары мен одан кейінгі үрім-бұтақтарына жетсе деп тырысып бағады. Бақыт үшін бақилыққа аттанғанға дейін біреулер өмірдің ащысы мен тұщысын татып жүрсе, ал сол басына қонған бақытты көтере алмай құрдымға кететіндері де аз емес...

Мен бақытты сәтке толы болған күндерімді жиі елестетем, сол күндерді еріксіз аңсаймын. Ол әрине, менің балдан да тәтті, ақшадан да қымбат балалық шағым. Қартайғанымда да «сенің бақытты күндерің қайсы?» деп сұраса, «ол менің балалық шағым» деп ойланбастан жауап берер едім. Белім бекіп, бұғанам қатпаған бала кезімде ата-анамның арқасында мен қиыншылық көріп, аласапыран өмірдің салмағын сезінген емеспін. Өсе келе өмірдің өзі ұстаз болып, жақсы мен жаманды шатастырмай тануды үйретті.

Балалық сәтте көзге бәрі жақсы болып көрінді. Сөйтсем, дүрбелең дүниеде мүлдем бәрі бөлек екен. Жанталас пен арпалысқа толы өмір. Адам баласы бар өмірін нан табу жолына сарп етуге жаралғандай. Таңның атысынан күннің батысына дейін уақыттан озамын деген күйбең тірлік. Пендешелік.

Әр нәрсе өз уақытымен дегенді мүлде жадымыздан жойған секілдіміз. Тарих беттеріне кеткен күндермен салыстырсақ, ол кездері әділеттілік басым болса деседі-мыс. Тіпті ақшаның да қадір-қасиеті болған дейді көнкөз қариялар әлі күнге. Ақылы оқу, пәтер жалдау, бесіктен белді көтермей жатып жалданып жұмыс жасау деген болмаған әрі қоғам оны қажет етпеген екен. Бүгін неге сол тіршіліктен безіндік?! Керегі не еді? Керегі ақша ма?

Ағылшынның бір атақты қаржыгері «Адам ақша үшін емес, ақша адам үшін жұмыс жасауы қажет» деген екен. Біз ше, ақша үшін ғана тіршілік етеміз. Тек ақшаны табуды ойлап, ақшамен не табуды ойламайтынымыз тағы бар. Өмірдің мәніне материалдық тұрғыдан ғана қараймыз. Рухани дүниеміздің жұтағаны қашан?! Соңына ілестіріп, ақша адамды әлдеқашан өзіне тәуелді етіп қойған. Өмірдің ластанғаны соншалықты, сол құны жоқ қу ақша үшін қаншама жан баласы қыршыннан қиылып жатыр десеңізші. Адамдар әлдеқашан бақытсыздыққа ұшырап, тіпті шамасы жеткендер кедейлерді жылатып, аузынан жырып алып кетіп жатқанын да көріп жүрміз. Сол жаны жоқ қағаз үшін, бір-бірінің жанын аямай қиып жатқанын қайтесіз?! Сонда да бақытын ақшадан іздейді Міне, осының бәрі жан бағу үшін емес пе? Ал, қолдың кірі - қу ақшасыз ауа жұтып көр...

Жастарымыздың болашағын, өмірін күрмеп байлап тастаған да осы қағаз. Ақшаның жоқтығынан қалаған жоғарғы оқу орнын тәмамдай алмай жүрген жастарымызға қарап, аянышты сезімде боласың. Қандай жолмен өмірде нандарын  тауып жейді екен деп алаңдайсың. Қазіргі уақытта дос болу үшін де ақшаң болуы қажет, пайдасыз сені ешкім адам тәрізді көрмейді. Заманның қымбаттылығы соншалық, пәтер алу он ұйықтасаң түсіңе кірмес, тек егерде бір байдың баласы болып туылмасаң. Байлар ақшаларын қайда апарып тығарларын білмей жүрсе, ал екіншілері сол ақшаны қайдан табарларын білмей зәру болып жүр. Бұрынғы заманымыздың ауруханаларында тегін емделуге мүмкіндік болса, ал қазір емделмек түгілі қаралудың өзі амандығыңнан қымбат тұрады. Байлар шетелге барып қыруар ақша жұмсап ем алып жатса, ал ақшасы жоқтар елінде емделе алмай көз жұмып жатыр. Ақша адамның ар-қасиетін жоғалтып, құнықтырып жіберген. «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деп тіптен өздеріне өздері қуат беріп,  «күн көру үшін» бір- бірлерін алдап соғуда жұмыр басты пенделер.

Адамдар өмірінің тең жартысынан астам уақытын тек ақша табуға арнайды. Кім? Не? Не үшін? деген сауал еріксіз ойға оралады. Менің айтқым келіп отырғаны, біздің артымызда өсіп  келе жатқан жастарымыздың  жалғасы қалай болмақ?!  Жалғасын осылай табатын өмірдің мәні де, сәні де ақшада деп білетін замандас ертеңіне ақшамен емес, ар-ұжданын жоғалтпай барса екен!

Арман  ҚҰРМАНБАЙ,

АСТАНА қаласы.

 
Арман Курманбай Arman-01
Адекватный, интересный
5 сентября 2012, 18:39
6643

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Qaseke
1
0
ақша табам деп қаншама адам тер, қан төкті, денсаулығын берді, соның барлығы болмайтын заттарға сол ақшаны құрту...
Ақша бір нәтижеге қол жеткізу үшін үлкен мотивация болып табылады ғо, әр адам бір-біріне қызмет көрсетеді және соған ақша төлейді, біреу көлік шығарса, екіншісі картоп егеді т.с.с.
Ең бастысы көңіл ғой, ал ақша деген жәй мұқтаждықтарыңды қанағаттандыру ғой.
izzya
0
0
слышь, может тебе, это самое, деньжат занять?
Комментарий удалён автором поста.
Мына пікіріңмен, бүткіл жазбаның әдемілігің құрттың.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38713
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 10630
  • 174
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 2602
  • 45
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2034
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 1908
  • 1
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Обсуждение новых условий началось ещё давно, но стоит ли ожидать качественного улучшения результатов научно-исследовательской деятельности, если система управления наукой не была модернизирована?
ermekuss
17 авг. 2017 / 12:23
  • 1730
  • 1