• 56072
  • 93
  • 14
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Өлген адамдарды көріне қарап санама

Кеше ресейлік примадонна Алла Пугачеваның Мәскеудегі Кузьмин моласынан өзінен орын сайлағанын оқып бір оқиға есіме түсіп кетті.

1985 жылы атам дүниеден өткенде әжем «Менің де баратын жерім сол ғой, жанынан орын ала салыңдар» депті. Мұнысы өлімді шақыру емес, ана дүниеде де жолдасының жанынан табылу ниетімен жасалған іс. Ол кезде біз әлі туылмақ түгіл, жоспарға да енбегенбіз. Бірақ, естуімше сол әрекет өз уақытында ауылда үлкен әңгіме тудырыпты. «Көрі шақырады емес пе, мұнысы несі?» депті біразы. Бірақ, әжеміздің жасы тоқсанға жақындап қалды. Құдай ғұмырын ұзақ қылсын, әлі күнге дейін бақуатты. Жадынан жаңылмаған, көру, есту қабілеті де кемімеген.

Біздің ауылда моланы «мортық» дейді. Қазір сол мортығымыз қабірстанға айналыпты. Әрине, тумақ бар да, өлмек бар. Ауылға жылына бір мәрте барып қайтамын. Барған сайын дүниеден өткен ағайындардың үйіне әкемді ілестіріп барып, Құран бағыштаймыз. Осы жазда барғанымда, өткен жылы өмірден  озған жақсы көретін көкемнің басына үй тұрғызуға көмектесіп қайттым. Біраз о дүниелік туыстарымның жатқан жерін аралап, зиярат еттім. Сонда ауылда пайғамбар жастан асып қайтыс болған бір ағамыздың үйі жаңадан тұрғызылыпты. Көлемі мешіттен кем емес. Сөйтсем, оның қасында әйелі де бар екен. Қаперімде ештеңе жоқ, мына апамыздың дүниеден өткенін білмеппін деп, «фатиханы» үш рет қайырдым. Содан үй салып жатқан ауылдың жігіттеріне келіп, пәленшенің әйелі қашан қайтыс болған демейм бе? Барлығы шек-сілесі қатып күледі кеп. Ішінде сөзі шымырлау бір ағамыз (Мақұлбек деген) «Ай, інім, қазір сондай үрдіс «модаға» айналды. Өлген адамдарды көріне қарап санама. Көрім міне деп көрімдік сұрап жүргендер бар» деді шындықты кекесін түрде жеткізіп. Амал жоқ мортықта тұрсам да, бір күліп алдым. Жақсылыққа да, жамандыққа да жори алмадым.

Өлгеннің қадырын білуші ек,енді тірінің қабірін көріп жүрміз...

5 сентября 2012, 17:38
724

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 21813
  • 5
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 4310
  • 20
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 16:14
  • 2985
  • 33
Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Мне часто доставались мужчины, поломанные браком. Таких почти сразу видно – у них маска состоявшегося мужчины по швам трещит. И каждый из них реагирует по-своему. Поясню на паре примеров.
Jamiklisa
28 апр. 2017 / 14:21
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2661
  • 2
Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент Назарбаев призвал крупных бизнесменов делиться с народом, следуя примеру своих коллег из развитых стран. В Казахстане, действительно, сегодня много богатых людей.
openqazaqstan
27 апр. 2017 / 14:09
  • 2521
  • 26
Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Чтобы вы знали, чем занимаются в сфере образования - педагоги являются основой массовок. Какое отношение к учителям со стороны государства, такого же уровня и качество образования.
SaukovV
26 апр. 2017 / 16:05
  • 2456
  • 16
Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Для меня Инстаграм – это рынок. Почему? Ничего не изменилось, девушки все так же бьются в попытках наиболее выгодно себя продать, посредством привлечения внимания.
Annette_Scherer
24 апр. 2017 / 22:35
  • 2473
  • 5
Как стать караоке-шлюхой в Корее? Твои обязанности – развлекать гостя, вот и всё

Как стать караоке-шлюхой в Корее? Твои обязанности – развлекать гостя, вот и всё

Я думаю, многие видели различные объявления в интернете о наборе девушек в караоке-клубы в Южную Корею. Садитесь поудобнее, я вам сейчас расскажу что это за шняга.
savira6
28 апр. 2017 / 17:02
  • 2417
  • 20