Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
00:01, 05 сентября 2012

«Айқын» ақпарат таратудың озық әдісіне көшеді

Ақпарат айдынында айтары анық «Айқын» газеті жаңа маусымда өз оқырмандарын бірталай жаңалығымен қуантқалы отыр.

Ендігі жерде басылымның таңдаулы мақалалары интернет бетіндегі арнаулы сайтынан бөлек, әлеуметтік интернет парақшаларына да салынбақ. Осы мақсатта «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті «Facebook» желісінде ресми түрде өз аккаунтын ашып, тұрақты түрде жұмыс істеуге кірісті. Сондай-ақ Mail.ru желісі мен yvision.kz сайтына, Horde.kz блог-платформасына тіркеліп, ақпарат таратудың озық әрі жылдам түріне көшпек. Бұдан бөлек, алдағы уақытта www.aikyn.kz электронды нұсқасы жаңартылып, интернет кеңістіктегі таңдаулы сайттардың біріне айналады деп жоспарлануда.
Дегенмен беттегі барлық мақалалардың толық нұсқасын тек қана «Айқын» газетінен оқи алатындықтарыңызды естеріңізге саламыз.

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ

1
310
0