Yvision.kz
kk
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 постов3 подписчика
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
9
21:42, 01 сентября 2012

Ерасыл мектепке барады

Blog post image

Кішкентай Ерасыл бүгін алғашқы рет мектеп табалдырығын аттады. Анасы Гүлзираның айтуы бойынша ол үйдің кенжесі, әрі ағасы екеуінің арасы 16 жыл болғандықтан өте ерке. Бірақ кішкентайынан зерек, өте ақылды, әрі шапшаң жігіт.

Ал енді бірінші сыныпқа барған Ерасылдың қолына гүл шоғын алып, алғашқы ұстазына жеткенге дейіңгі хикаясынан фото шолу ұсынамыз.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Ерасыл сақадай сай дайындығымен білім ордасына жол жүріп барады. Осы сәтті пайдаланып, біз оны сөзге тартқан едік.

- Ерасыл демалысың қалай өтті?

- Жақсы. Жазда Музей Жамбылда болдым. Әкеме көмектестім. Жылқы бақтым. Бірақ демалысымның көп уақыты үйде өтті.

- Ауылда жақсы ма екен, әлде қалада ма?

- Ауылда.

- Неге?

- Жылқыға мінесің, сиыр бағасың.

- Мектепке барғың келеді ме?

- Барғым келеді.

- Мектепке дайындығың қалай?

- Жақсы. Балабақшада Эльвира Мәжитқызы жақсылап дайындап жіберді. Кеше анаммен барып киімдер, дәптер алдым. Шашымды бастырдым.

- Алғашқы қоңырауда тақпақ айтасың ба?

- Айтпаймын.

- Мұғаліміңе қандай гүл алдың, өзің таңдадың ба, әлде ата-анаң таңдап берді ме?

-  Апайыма кеше гүл таңдап кеткенмін. Қазір сатып аламыз.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Гүлзира, Ерасылдың анасы:

- Ұлыңыз алғаш рет «мектепке барасың» дегенді естігенде не деп жауап берді?

- Балабақшаға барып жүрген кезде мектепке барасың дегенімізді естігенде алғашқы сұрағаны: «Онда апай ұрыспайда ма»?  Мектептің қандай екендігін білмегендіктен біз оған барымызша мектеп туралы айтып бердік. Онда мұғалімінің балабақшадағы апайы Эльвира сияқты мейірімді, жақсы екендігін айттық. Сонымен қатар, мектепте балабақшадағыдай еркіндіктің жоқ екендігін айтып, онда сабаққа көп көңіл бөлу керектігін түсіндірдік.

- Кейбір балалар өздері «мектепке барамын» деп сұранып жатады. Сіздің ұлыңыз мектепке барғысы келетіндігін айтып па еді?

- Әрине, мектепке барып жүрген аға-әпкелерін көріп менің де барғым келеді дейтін. Кейін келе өзі мектепке баратын кез жеткенде аздап қорқақтап «Апай ұрыспайды ма?», «Қанша сабақ болады?», «Қанша уақыт мектепте боламын?» деген сұрақтар қоя бастады. Бірнеше рет мектепке алып барып келгеннен кейін үйреніп кетті.

- Ерасылды мектепке неше жасынан бастап дайындай бастадыңыз?

- Негізі балаға кішкентайынан ертегілер оқып, ол сөйлеп, есі кіре бастағаннан соң ертегіні өзі оқитындай мүмкіндік жасау қажет деп ойлаймын. Өзім Ерасылды 5 жасынан әріптерді үйретіп, сандарды жаттаттырып, мектепке дайындай бастадым. Балабақшада барып жүргенінде сондағы арнайы бағдарлама бойынша оқып, қазір буындап оқи алады, дауысты-дауыссыз дыбыстардың бәрін біледі. Ондықтарды, жүздіктерді санап, жиырмаға дейінгі сандарды қосып-алады. Бұлар әзірше бірінші сыныпқа баратын балаға жеткілікті деп ойлаймын.

- Ал мектепті қалай таңдадыңыз? Мектеп таңдағанда арнайы талаптар болды ма?

- Әрине, талап болады ғой. Өзіміз таңдаған #146 мектеп-лицей біздің барлық талаптарға сай келіп тұр. Біріншіден, білімі өте жақсы. Екіншіден, Бостандық ауданындағы ең жақсы мектептердің бірі. Үшіншіден, жұмысымның жанында орналасқан.

- Ұлыңызды мектепке дайындауға қанша қаражат жұмсадыңыз?

- Қазір бұрынғыдай емес. Кішкентай баланың киімдерінің өзі қымбат. Мектепке алған киімдеріне орта шамамен 40 мыңдай ақша жұмсалды. Соның өзінде біраз алынбаған заттарымыз бар. Әлі де біраз қаражат жұмсайын деп тұрмыз.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Ерасыл алғашқы ұстазымен.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

11 сынып түлектерінің бірінші сыныпқа келген оқушыларға "Білім кілтін" табыстау сәті.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Үні сыңғыр қаққан қоңырау.

Blog post image

Blog post image

Мектепке келген барша бүлдіршіндерге "Ақ жол"!

Blog post image

Сынып сағаты "Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш".

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Алғашқы сабақтан кейін Ерасылды әңгімеге тарттық:

- Алғашқы ұстазың қандай екен?

- Апайым ұнады. Ол жақсы.

- Ұстазыңның есімі кім екен?

- Нұргүл апай.

- Сынып сағаты қалай өтті?

- Сынып сағатында Әнұран айттық. Апай рәміздер туралы, Президент туралы айтты.

- Сыныптастарың қандай екен?

- Сыныптастарым жақсы екен. Бірақ әлі танысқан жоқпыз.

- Мектеп ұнады ма? Мектеп қандай екен?

- Мектеп ұнады. Әдемі екен.

- Ал ендеше сені бірінші сыныпқа баруыңмен құттықтай отырып, саған мектебіңнің мақтанышы, еліңнің елеулі, халқыңның қалаулы азаматы болып өсуіңді тілейміз!

Фото, мәтін: Айнұр Ракишева

9
8404
9