Тікелей эфир

Қазақстанның дәстүріне ғашық Сон Паскаль

Шыны керек, Сон Паскаль есімі алдымен «Englishman in Shymkent» әні арқасында танымал болды. Бір жыл бұрын итальяндық жігіт отандық aTunes онлайн байқау жобасының финалисі болып атанған еді. Кейін Сон көптеген хит әндердің римейкын, сондай-ақ, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнінің орындаушысы болып үлгеріпті. Қазіргі таңда әнші көптеген қайырымдылық жобаларға қатысып, белсенді түрде daily motion-дарын түсіреді. Ал тамыздың 15 күні сазгер «You should speak kazakhsha» атты жаңа бейнебаянының таныстырылуын өткізді. Әншінің продюсері Жомарт Сүлейменовтың айтуынша, бұл ән жастар арасында қазақ тілін насихаттауға, оны дәріптеуге аз да болса, септігін тигізу керек. Өйткені қазіргі жастар қазақ тілі дамымай жатыр деген зарға емес, оны насихаттайтын позитивті үнге көбірек назар аударатыны шындық.

Бейнебаян бүгінде 137 мыңнан аса көрсетілімге ие. Көптеген жастарға жаңа ән ұнап, ғаламторда түрлі пікірлер де жазылуда, мысалы youtube-та pandagrenovski деген қолданушы: «жанды жерімізге тиді, ана тіліңді білмегеніңе ашынып жүргеніңде, бұл жерде итальяндық қазақша өлең айтып, оның үстіне қазақша сөйлеңдер деп жатыр» десе, mustapeace24 атты қолданушы: «бұл адам елдегі қазақ тілі төңірегіндегі кінәмшіл жағдайды жақсы пайдаланып отыр. Қазақтар оның бір-екі ауыз қазақша біліп, бізге сөйле дегеніне мәз. Ұят.» деп пікір білдіреді.

Төменде арнайы «Екпін» оқырмандары үшін Сон Паскальмен жасалған сұхбатымызды ұсынып отырмыз.

— Алдымен өзің туралы айтып өтсең: қай жерде, қашан туылдың?

— Мен 1986 жылы 17 мамырда Оңтүстік Италия жерінде Миммо мен Лиза есімді жандардың махаббатынан туғанмын. Менен кейін Тереса және Федерика атты екі қарындасым бар. Олардың жанында көбірек болсам деймін. Қазақтар мен итальяндықтардың ұқсастықтары көп. Отбасы, дәстүр сынды құндылықтарымыз бірдей. Сондықтан маған бұл ел жақын шығар. Менің мұнда болғаныма тек жарты жыл болды, соның өзінде өзіме көп жақын достар таптым.

— Қай жоғарғы оқу орнында оқыдың, қандай мамандық бойынша бітірдің?

— Италия мен Ұлыбританияда музыкамен айналыса бастағанға дейін әдебиет пен ежелгі тілдерді оқығанмын.

— Музыка саласына қалай келдің?

— Музыкант боламын деп әдейі шешім қабылдаған жоқпын. Бала кезімнен музыка өмірімнің бөлігі болған. Сондықтан өзімен-өзі солай болып шықты. Бұл қызық, өйткені әке-шешемнің музыкаға еш қатысы жоқ. Ән айтып, аспапта ойнағанды қатты жақсы көретінмін және бұл қолымнан келетін ең жақсы іс деп білемін. Сол себепті мен бірте-бірте жұрт алдында көрініп, сахнаға шыға бастадым.

— Қазақстанға келуіңе Эйтюнс байқауы себеп болғанын білеміз, бірақ байқау былтыр аяқталды, ал сен болсаң, әлі күнге дейін осындасың? Бұған не себеп болды?

— Меніңше, Қазақстанда жүргенімнің басты себебін айтпасам да түсінікті: бұл жер өте әдемі, ал танымал бола бастаған сайын, адамдардың махаббатына бөлене бастаған сайын мен өзімді үйдегідей сезінемін. Мен Қазақстанның табиғатына, еліне, дәстүріне ғашықпын.

— Елімізге келгенде алғаш әсерің қандай болды?

— Өте жақсы. Әрине, әлемде көбінде қазақ елі жайлы біле бермейді, бірақ бұл елдің қонақжайлылығы таң қалдырарлықтай. Өткен жылдың қыркүйек айында келгендегі алғашқы ойым осындай болды.

— Қазақстанның қай қалаларында болып көрдің? Қайсысы ерекше ұнады?
— Қазақстанға келгендегі алғашқы қалам, Алматыны санамағанда, Шымкент болды. Одан кейін Атырау, Қызылорда, Павлодар, Астана. Маған бәрі де ұнады. Әр қаланың өзіндік бір ерекшелігі бар. Тек адамдардың мейірімділігі барлық жерде бірдей. Сондай-ақ, Астананың архитектурасы маған өте әсер етті.

— Қазақтың салт-дәстүрлерінен хабарың бар екенін білеміз, қай дәстүр ұнайды, толығырақ айтып берсең...

— Сарқыт өте ұнайды. Өйткені қонаққа барғанда үйге біраз тамақ алып кете аламын. Сосын бір апта бойы үйде тегін тамақ жеймін (күліп).

— Болашағыңды тек қана әншілікпен байланыстырасың ба?

— Жоқ, бірақ не болса да, көңіл көтеру саласында жұмыс істегім келеді. Мүмкін болашақта продюсер не актер болармын.

— Қазақ жастарын шетелдік жастармен салыстыра отырып, біздің жастардың ерекшелігін атап өте аласың ба?

— Меніңше, қазақ жастарының еуропалық жастардан еш айырмашылығы жоқ. Қазақтарды қазіргі кезеңнің декаденсы қатты бұзбаған, және бұл өте жақсы. Айтпақшы, алкоголь деген нәрсе әлі де бақылауда болу керек деген нәрселердің бірі.

— Қазақстанның музыканттарымен таныс болған шығарсың осы уақыт ішінде, өзіңе ұнаған қазақ әншілер, топтарды атай аласың ба?

— Бейбіт Қорған.

— Бос уақытыңды қалай өткізесің?

— Менің бос уақытым көп бола бермейді, шыны керек. Бірақ маған тауға, табиғат аясына шыққан ұнайды. Қала өмірі біраз шаршатады, сондықтан таза ауамен тыныстауды жақсы көремін.

— Қазақстанда әлі қанша уақыт боласың? Болашақта нендей жоспарың бар?

— Мұнда қала алғанымша, қалғым келеді. Өйткені сіздердің мәдениеттеріңіз маған керемет ұнайды. Және де Алматы — менің үйім болып кетті. Мен өзімнің музыкаммен ажырамастаймын, бұл мені бақытсыз болудан сақтайтын жалғыз нәрсе. Сені өмірде не күтіп тұрғанын ешқашан біле алмайсың және де мен оның барлығына да дайынмын.

Сұхбаттасқан Айжан Кәрібаева

Фото: http://vk.com/sonofmusic

Алия Arsik
9 қараша 2012, 1:53
2631

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

tusssy
2
0
оте суйк1мд1 ж1г1т)))
это жополиз и позер! they call me bratishke! Facepalm!
Жақсы келіншек емес пе мынауың!
Кешіріңіздер, бірақ өзіме бұл жігіт ұнамайды, жағымпаздану сияқты істеп жүргендері...Мысалы, Сырым Исабаев немесе Талғат Жорабаев сынды жігіттеріміздің дауыстары әлдеқайда жақсы және олар Абайдың әнін акцентпен айтпайды. Оған қоса өзіміздің ортамызда қалатын да солар, ал бұл кісі келіп - кетер адам. Оған сенбеймін, бізге деген махаббатына мүлдем сенбеймін. Өзіне пиар жасаудың амалы. Менің жеке пікірім.
жарайсың, бұл итальян жігіт көпке ұнады, қала берсін Қазақстанда

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Если раньше путь до Хоргоса занимал около 5 часов по Кульджинской трассе, то сейчас время до границы с Китаем сокращается до 2,5-3 часов. Уже сейчас можно ехать по 4-полосной дороге с цементобетонным покрытием.
theYakov
15 сент. 2017 / 9:35
  • 5470
  • 12
Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

За три месяца я поработала в трёх разных сферах. И сегодня, хочу поведать вам о работе в одной из богатейших компаний мира. Звучит значительно лучше, чем «Я работаю в Mc Donald’s».
madiNAtty
15 сент. 2017 / 12:44
  • 3015
  • 16
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2224
  • 54
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2154
  • 61
Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Алматы - самый лучший город для меня, так как родной и самый близкий. Так как я много лет прожил за рубежом, могу сказать свою точку зрения, что надо делать у нас.
Ispanec
15 сент. 2017 / 6:20
  • 2062
  • 21
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 1750
  • 30
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 2061
  • 17
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2254
  • 1
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 1393
  • 13