Gran El Clasico !!! І - бөлім

Испания Суперкубогі үшін болған кезекті Эль Класико өз деңгейінде өтті. Бар білгенін көрсетуге ұмтылған Виланова мен Моуриньоның шәкірттері "Камп Ноуды" қызықты қойылым аренасына айналдыра білді. М

Испания Суперкубогі үшін болған кезекті Эль Класико өз деңгейінде өтті. Бар білгенін көрсетуге ұмтылған Виланова мен Моуриньоның  шәкірттері "Камп Ноуды" қызықты қойылым аренасына айналдыра білді. Матч Астана уақытымен түнгі 2-30-да басталса да, ойынды көрген көрермендердің бірде-біреуі өкінді деп айта алмаймын. Ал бұл керемет кездесуді көре алмағандар келесі ойынды асыға күтетіндері анық.

Бірінші таймда алаңда ауыз толтырып айтарлықтай оқиғалар бола қойған жоқ. Біріне бірі тіс қайраған қос қарсылас қанша тырысса да, есеп аша алмады. Алғашқы таймда аз да болса  "Барсаның" басымдығы байқалды. Командалар он бес минуттық үзіліске 0-0 есебімен кетсе де, бар қызықты екінші таймға іріккен екен.

Екінші 45 минут алаң иелерінің шабуылымен басталды. Көп ұзамай Месси және оның командасы бірінші болып гол соғады деген ой көпшілікітің ойында болды. Ал "Реал" болса қарсыласты  қарымта шабуылдардың арқасында ұстауды көздеді. Ойынның 55 минутында "Реал" бұрыштама добына ие болды. Өзінің сылбыр ойындарының бірін көрсетіп жатқан Озил көтерген допты ақ жейделі біреу қақпадан бір-ақ шығарды. Ол біреу - блауграна фанаттарының ең жек көретін футболшысы - Криштиану Роналду. Келесі минутта бланкос ойыншыларының қуанышы басыла қоймағанын пайдаланған Педро таблодағы сандарды теңестіріп кетті.   Кейіннен бұл гол  әлеуметтік желілерде талай талқыланған болатын. Бұл екі гол алаңдағы алда болатын оқиғаларға түрткі болды. Бірақ, "Реалдың" еңсесін басқаны анық. Педроның голынан күш алған каталондық футболшылар алға ұмтылды. 70 минутта жасыл алаңда желдей есіп жүрген Иньестаға қарсы Серхио Рамос өз айып алаңында тәртіп бұзады. Төрешінің шешімі мадридистерді мүлде түңілтіп жіберді. Ойыннан гол соқпаған Месси он бір метрден қателесе қоймады. Ұтылып жатып алға шыққан команда қойсын ба, оның үстіне ол команда "Барса" болса?! Жеті минуттан соң Иньестаның керемет пастарының бірін Хави голға айналдыра білді. Осы сәтте "Реалдың"  барлық жанкүйерлерін (оның ішінде мен де бармын) бір ғана сұрақ мазалады. "Қайтадан "Реал" "Барселонадан" оңбай ұтыла ма?" деген. Абырой болғанда  анау-мынау емес, "Барселонаның" өз қақпашысы Вальдес көмектесті. Кальехонның орнына шыққан Ди Марияға допты өз аяғымен сыйлаған Виктор екінші кездесуге еріксіз  жан бітірді.  Бұл кеште  антиқаһарман қақпашыға мадридтік жанкүйерлердің алғысы шексіз еді. Тіпті твиттер арқылы Гути Вальдеске "рахмет" те айтқан екен. Биылғы Эль Класиконың алғашқы бөлігі осылай басталды. Ал бір аптадан соң Мадридте қалай болар екен...

 

Оцените пост

3