Ақтаудағы сотта сотталушыларды сарапшылар састырды

Kabanbai 2012 M08 24
384
0
0
0

Тамыздың 16 да басталған тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың, «Халық майданы» қозғалысының өкілі Серік Сапарғалидың және қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовтың үстерінен...

Тамыздың 16 да басталған тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың, «Халық майданы» қозғалысының өкілі Серік Сапарғалидың және қоғамдық белсенді Ақжанат Әминовтың үстерінен қозғалған қылмыстық істерге қатысты Ақтау қаласындағы сот мәжілісі 20 және 21 тамыз күндері жалғасуда. Жиырмасыншы тамыз күнгі сот отырысында сотталушылардың қорғаушылары талап еткеніндей, алдымен сотқа куәгер ретінде тергеу қызметінде болған сарапшылар шақырылды. Сот отырысы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында жүріп жатыр.

Мемлекеттік айыптаушылар бірінші келген сарапшы Назым Медеуоваға онша көп сұрақ бермегенімен, сотталушылардың қорғаушылары және олардың өздері біршама сұрақтарды жаудырды. В. Козловтың қорғаушысы А.Плугов еңбек коэффициенттері Қазақстанның барлық жерінде бірдей ме деп сұраса, Серік Сапарғали бұл сарапшыдан кешегі сот отырысында Н.Соколова көрсеткен мұнайшыларға еңбекақы төлеу кестесінің қаншалықты дұрыстығын білгісі келді. Н. Медеуова нақты экономикалық дәйектемелерді келтіре отырып еңбек коэффициенттері Қазақстанның барлық аймақтарына тең жағдайда қолданылатынын айтып берді. Және де Медеуова өз сараптамасын өзіне берілген материалдар шегінде дайындағанын жеткізді.
Екінші куә ретінде залға кірген Алматы қаласы бойынша сот сараптамалары институты директорының орынбасары Әсет Смағұловқа да бірнеше сұрақтар қойылды. Оның өзі жасаған сараптамалық материалдарына қатысты айтқан сөзінде М.Әблязов пен В. Козловтың арасындағы тығыз қарым қатынастар болғандығы айтылды. Олардың өзара сұхбаттарында «Біз оларға қарсы тұра аламыз», «Біз жеңеміз» деген сөз тіркестері болған. Сонымен қатар сараптамашының айтуынша, олардың сөздерінен М. Әблязовтың бақылаушы ретінде, ал В. Козловтың бұйрықты орындаушы ретіндегі рөлі анық байқалады. «Мұның бәрі зерттеудің қорытынды нәтижесінде көрсетілген» деді ол. Сондай ақ олөзі жүргізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша С. Сапарғали мен В. Козловтың арасындағы байланыстарды да нақты талдап көрсете алды. Ә.Смағұлов мұнайшылар арасында таратылған «Қасиетті Маңғыстау күрескерлері» мәтіні бар үнпарақтарында ел ішіндегі әлеуметтік араздықты қоздыру, қазіргі билікті құлату сынды теріс пиғылдардың да анық байқалғанын келтіреді. Оның бәрі сараптаманың зерттеу қорытындысында көрсетілгенін нақтылады.
Мұнан соң сарапшы Ә.Смағұлов пен В.Козловтың арасында нақты жекпе жек басталды деуге болады, сұрақ қою барысында. Әсіресе, М.Әблязов пен В. Козловтың кездесуі барысындағы әңгімеден жазылған жазба бойынша өрбіді. Сарапшы Ә.Смағұлов өз қорытындысын соған сүйене отырып жасаған.
«М.Әблязовтан «Қазақстанға қашан қайтып келесіз?» дегенде ол Қазақстанда қашан билік ауысады деген сауалға жауап беру керек деген болатын. Ол сонда бұйрық берген жоқ, тек өз пікірін білдірген болатын» дейді Владимир Козлов жауабында.
Сот барысында судья Б.Мырзабеков В. Козловтың Ә.Смағұловқа сұрақ беруде жағдайға қатысты ұзақ сөйлеп тұрып алуына байланысты ескерту жасады. Жағдайды талдап тұра бергеннен, өз келіспеушілігін білдіргеннен гөрі куәгерге нақты сауалын қоюды ескертті. Мұндай ескерту қатарынан үш мәрте жасалды.
Келесі куәгер ретінде залға кірген ҚР Әділет министрлігі сот сараптама орталығының ұйымдастырушылық бақылау қызметінің бас сарапшысы Динара Мәуленова өз сараптамаларын жасауда ғылыми біліміне, күрделі ғылыми зерттеу түрлеріне сүйенетіндігін атады. Ол өз шешімдерін зерттелетін нысан жөніндегі өздеріне ұсынылған материалдар шегінде жасап шығарған.
Ол өз материалдарда М.Әблязовтың Қазақстан билігін құлатуда мұнайшылардың ереуілдерін, ипотекалық несие алушылардың дау жанжалдарын өзпайдаларына шешуге тырысқаны байқалады дейді. Олардың сөйлескен сөздерін қарап отырсақ, оларға бір бағыттан қаржы құйылып отырғандығын байқауға болады. Және ол Жаңаөзендегі көздеген мақсаттарының қажеттіліктерге бағытталған. «В.Козлов, С. Сапарғали, Ж. Мамайдың сөздерінен күреске бастаушылық байқалады халықты. Біз осының бәрін өзімізге берілген телефон жазбалары арқылы анықтадық» дейді Динара.
«Адамдар телефон арқылы сөйлескенде айтайын деген ойларын жанамалап жеткізеді. Ондағы сөйлесу тілі мүлдем басқа. Сөйлесушілер сөздің жартысынан ақ бір бірінің ойын ұғып, әңгімесін жалғастырып кетеді. Сондықтан осыған қарап шешімдерімді жасадым дейді Диара.
Динара сөзінде өзіне зерттеуге берілген «Қасиетті Маңғыстау күрескерлері» деген мәтіні бар үнпарақтардың әлеуметтік арандатушылық туғызуға толықтай негізі барлығын дәлелдеп шыққан. Және Қазақстандағы жағдайларды көршілес Қырғызстан мемлекетінде орын алған жағдайлармен салыстыру орын алғанын айтады. Соның бәрі сот орындығында отырғандардың толық бағытын айқындап береді.
Куәгерге сұрақ қою кезінде В.Козлов «Мені партияның Алматы қалалық филиалының жетекшісі дегенді қайдан алдыңыз» деген сауал қойды. Сонымен бірге Динараның айтуынша М.Әблязов өзінің сөзінде партияның лидері ретіндегі сөйлемдерді көптеп қолданғанын айтады. Яғни, «Біз міндеттіміз», «Біз жеңеміз» деген алға бастаушылық сөздерді көптеп келтірген. Бұл жерде Динараның өзіне тапсырылған іске үлкен дайындықпен келгені бірден байқалады.
Қорғаушы А.Плугов одан материалдар қандай форматта берілгенін сұрады. Ол дискіде жазылып берілді маған, мен сонымен жұмыс істедім, деді.
Динара өз сөзінде сотталушылардың кінәсін максималды түрде дәлелдеп берді. Мәселен, С.Сапарғалиға шалынған телефон қоңырауларынан нақты мысалдар келтірді. Содан соң оның 17 желтоқсан 2011жылы Алматыдағы алаңда халық арасында «қазіргі билікті құлату керек» деген мағынадағы сөздері жазылған аудио таспаны сот залына ұсынды. Келесі кезекте сөз сөйлеген Серік Сапарғалидың өз сөзінен абдырап, сасқалақтап қалғаны байқалды. Айтылған сөзі, атылған оқ болды Серік Сапарғалидың өзіне.
Мысалы, Шолпан: «Үкіметті құлатпаса болмайды. Үкіметті құлату керек. Естіп жатырсыз ғой.»
С. Сапарғали: «Ия,жақсы» деп жауап берген.
Ал Сапарғали осы сөздерін менің тек бұл қоштасу сөзім деп жалтарудан басқа амалы қалмады.
Мұнан соң В.Козловтың адвокаты А.Плугов сот төрағасы Б. Мырзабековтың атына анасының жерлеу рәсіміне қатысу үшін Алматыға ұшып кету үшін сот залынан шығып кетуге жазбаша түрде өтініш түсірді. Сот төрағасы Б.Мырзабеков сотталушы В. Козловтың осыған қатысты қандай да бір қарсылығы жоғын сұрағасын, оның өтінішін қанағаттандырды.
Осыдан соң сот залындағылар куәгер ретінде келген тағы екі сарапшының жауабын тыңдауға әзірлене бастаған болатын. Алайда, судья Б.Мырзабеков мырза жиналғандар күтпеген шешім қабылдап, соттың келесі отырысын 27тамыз, дүйсенбіге қалдыру туралы шешім шығарды.
Сонымен Қазақстан қоғамының назарын өзіне аударған Ақтаудағы Владимир Козловтың және оның серіктестері С. Сапарғали мен А.Әминовтың соты келесі аптаның бірінші күнінде қайта жалғасатын болады.

http://arhar.kz/news/356.php

Оцените пост

0
Дальше