место в рейтинге
  • 136214
  • 822
  • 25
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Олимпиада жеңістері - Қазақтың Рухының биіктеуінде!

Олимпиада жеңістері - Қазақтың Рухтануы мен бірлігінің нығаюында. Лондон Олимпиадасы қазақ халқы үшін өте табысты болды, егер өткен төрт Олимпиадаларда бар болғаны \ Атлантада -3, Сиднейде -3, Афинада- 1, Бейжінде -2\ 9 алтынға қол жеткізе алсақ, 2012 жылы бірден жеті алтынға қол жеткіздік. Бұл біздің тарихымыз үшін болмаған, түске ғана кіретін табыс болғаны рас. Жеті алтын туралы Қазақ спорты ешуақытта армандап та көрмеген шығар, спорт министрі Ермегияев мырзаның Олимпиада алдында үш алтын жайында планымыз бар деуі де дұрыс еді, себебі бүгінгі таңдағы спортағы биік конкуренция одан артықты болжауды, бастан асыра секірумен бірдей бағалар еді. Спорт министрі прагматикалық адам болғандықтан қол жеткізе алар биіктікті межеледі. Ал қазақ спортшылары алды да, айды аспаннан бірақ шығарды. Мұндай жетістіктің себептері неде?

Әрине, көптеген білгіштер материалды тұрғыдан қарастырып, жерге жақын маңнан іздестіре бастайды, бірақ бұл жеңістердің негізі аспанда қаланған. Естеріңізде болса 2011 жылы қазақ символикаларымен талай-талай келеңсіз оқиғалар болып, ақыры ел мәртебесін аяққа таптатпас үшін тиісті де, керекті заң қабылданған еді. Демек, Қазақ Рухының мәртебесі өзінің тиісті тұғырына көтерілген еді. Міне, Эзотерикалық тұрғыдан алып қарар болсақ, бірінші де ең дәйекті себеп ол Қазақ рухының биіктеп, Қазақ гимні мен Қазақ туын аспандата алар спортшыларына керек кезде демеп,  дем бергендігін көреміз. Дәлел керек болса, олар көз алдарыңызда, осы өткен Олимпиада күнделігіне көз жүгіртсеңіздер, көз жеткізесіздер. Ия, бұл Олимпиада да қазақтар үшін, Үш алтын ол спортшылардың маңдай терімен тапқан қомақты жетістігі болар еді, ал қалғандарын Аспаннан түскен Қазақ рухының көмегі десеңіз қателеспейсіз. Бірінші алтын, егер алда келе жатқан Фабио Канчелара бастаған топ жаппай құлап, біздің Александр Винокуров сол құлап жатқандарды жанай өтіп, жылдамдығын жоғалтпай алға ұмтылғанын көргендер, оны ешуақытта ұмыта алмайды. Бар болғаны БЕС сантиметр жерде жатқан дөңгелекке сүйкелмей, жанай өтуі ғажайып емес пе. Әрине, таң қалдырар ғажайып құбылыс. Көктен түскен көмек дегеннен басқа айтарым жоқ.

Екінші алтын, ол заңды болатын алтын, кішкене ғана Зулфияның маңдай тері мен бапкерлердің білгірлігі. Бұл ауыр атлетикадағы бапкерлердің шынайы маман екендігін дәлелдеулерінде, бапкерлер А. Ни мен Түркеллерінің селекциялық жұмыс атқарып, маңдай терлерінің жемісі.

Үшінші алтын, күміс болып кетуі мүмкін еді, Мая Манеза мықты қыз, бірақ Ресейлік Цурукаева да осал емес еді, Маяның мысы басып, қараптан қарап әлсіреп қалды, шешен қызы.

Төртінші алтын да, не күміс, не қола болып кетер еді, егер орыс қызы Евтюхина қараптан қарап, жайдақ жерде сүрінбегенде. 125 кіліні ойнап жұлқа көтеретін бикештің, жүйкесі сыр беріп жарыстан тыс қалмағанда, екі ресейлік Евтюхина мен Заболотная біздің Подобедованы қыспаққа алар еді, аямай. Қазақ Рухының көмегі деген міне осы, Рухы биік, халқының бірлігі бар елдің мысы, өзара қырқысып жатқан елден биіктеп кетері сөзсіз айқындық.

Бесінші алтын, Илья Баһадурдің еншісінде, Бейжінде әзер жеңсе, Лондонда ойнап отырып жеңе салды, ол Илья Муромецке тартқан Илья Кызыл-Ординецтің таза жеңісі. Оған ешкімнің дауы жоқ. Таланттың аты талант, тек үлкен әріппен жазылатын еліміздің мақтанышы.

Алтыншы алтын, жаңа ҚҚК капитаны Ольга Рыпаковаға бұйырды. Бір медаль алсам арманым жоқ деген Ольгаға Алтайдың аспаны құдірет беріп, Тәңір жарылқап, тұғырдың биігінен бірақ шығарды.

Жетінші алтын, Серік Сәпиев, Бейжінде мүлде медаль ала алмаған еді, бабында да, алтын алар шағында да бола тұрып. 24 жаста екі дүркін әлем чемпионы бола тұра, ширек финалда оңбай сүрінген еді. Егер қазақ елі сол кездері Ел Рәміздерін аяққа таптамай, бастан асыра ұстағанда Серікте Рухтанып, Илья баһадур секілді, екі дүркін Олимпиада чемпионы бола алар ма еді. Енді тек әттең дегеннен басқа амал жоқ. Ол олимпиада да Бахыт Сәрсекпаевтың жеңуін түсіндірер болсақ, өзбектен келген спортшының: мен қазақпын, деген Рухының биік болып аспандауында. Рухы биік жеңіске жетпей қоймайды.

1996, 2000 жылдары Үш алтын алуымыз да, ел еркіндік алып, рухымыздың биік болғанында. Атлантада В. Жиров, а. Мельниченко мен А. Парыгин алған еді, егер боксер Жиров пен классикалық күрестің шебері қырғыздан келген Мельниченко нағыз мықтылар қатарында болса, бессайысшы А. Парыгиннен ешкім алтын тұрмақ, медаль күтпеген еді, биіктеп тұрған рухтың көмегі деген сол. Сиднейде де Рухымыз бик еді: Ольга Шишигина, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов алтыннан алқа таққан еді.

2000 жылдан кейін Рухтың төмендеуі айқын болды, өз гимн, әнұранымыз өзімізге ұнамай, оны жағарту жағын ойластыра бастадық. 2004 жылғы Афинада Бахтияр Артаевтан басқа да алтын ала алатын спортшыларымыз бар еді, көктен келер көмек болмай, әттең дедік.

2006 жылы қазақ гимні ауысты, Шәмшінің "Менің Қазақстанымы" өзінің тиісті орнын тапты, бірақ оны асқақтатып шырқаудың орнына біз Олимпиадаға баратын спортшыларға ерін жыбырлатып айтуды да үйретпедік. 2008 жылы Бейжінде тек "мен қазақпын" деген Бахыт Сәрсекпаев қана құрыштана: қазағым мықты ғой,- деп айта алды. Ал Илья үшін өйтіп айта алмауы үлкен минус болып есептеледі. Иья баһадур бабында бола тұра, қолын жарақаттап, медальсыз қала жаздады.

Орыстың: "не было бы счастья, да несчастье помогло", - деген мақалы ойға келіп отыр. Егер Борат бізді Боратино қылып келемеждемесе, егер бізді Павлодарлық Давид математик "Менің Қазақстаным" эротикалық қиялымды оятады деп мазақтамаса, егер Қостанайлық ченеуниктер қазақ гимнін Рикки Мартиннің әнімен шатастырмаса, немесе, Кувейт шейхтары Қазақтың гимні ол Бораттың әнұраны деп мазақ қылмаса, қазақтың намысы оянар ма еді?

Менің ойымша оянбас еді. Эзотерикада "қара ұстаз", "черный учитель" деген ұғым бар, ондай мұғалімдер сенің осал тұстарыңды көрсетіп отырады, міне жоғарғы аталған Борат та, Давид математик те, Кувейт шейхтары осы "қара ұстаздар" қатарына жататындар, оларға біз алғыс айта білуіміз керек. Егер мұндай себептер болмағанда Қостанайлық шенеуниктер секілді, Рикки Мартинмен Шәмшінің әнінің айырмасы жоқ деп жүре берер едік.  Себебі, бізді басқарып отырған мемлекет басшыларының тең жарымы әнұран тұрмақ мемлекеттік тілде сөйлей алмайды. Мысалға алсақ, біздің премьер-министр, оның орынбасарлары, финанс министрі дегендердің мемлекеттің гимн тұрмақ, мемлекеттік тілде жақ аша алмайтыны дәйекті дәлел. Әттең деген міне осында.

Елбасымыз келесі Олимпиадада Оңтүстік Америкаға барып, он алты алтын алып келіңдер деген нұсқауы орынды, бірақ орындалмайтын арман болып қалуы әбден мүмкін. Себептері:

біріншіден, Лондонда алтын алғандар, Рио де Жанейроға бара алмауы мүмкін,

екіншіден, ел рәміздерімізді асқақтатқан заңнама да ескіреді, ұмытыла бастайды. Ал қазақтың өзінің екі тілдес болып бөлінгенін ескерсек, тіл мәселесі шиеленісе түседі, ол деген, бірлігімізді ыдырату болып табылады. Тілге тоқталар болсақ, қазақ тілін мұсылман қауымдастығана қарай ығыстыра бермей, ортақ халықаралық тілдерге жақындасуын да қалыптастырған жөн. Ресторан, помидордан үрікпей, қарапайым халық қалай сөйлейді, сол тілде жазуды ескерген жөн.

Тілің қайда бұрылса, ділің де сонда болады,- деген қағида өте дұрыс. Ата-баба салтын тастап таза мұсылмандыққа бұрыламыз деп, мұсылман қауымдастығында болып жатқан келеңсіздіктерді қабылдап алдық. Ол да келешекте халықтың ынтымақтастығының арасына ши жүгіртпей қоймайды. Ол деген халықтың Рухының төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Үшіншіден, біз бар Қазақстандықтарды қазақ деп қарастыруымыз керек, орыс тілдес қазақтар, және қазақ тілдес қазақтар деп. Орыс болсын, басқа ел болсын олардың күштілігі ол басқа ұлт өкілдерінің сол ел паспортын алғаннан кейін, орыс, немесе ағылшын болып кетуі. Ал қазақтар ондай дәрежеге жете алмай келеді. Егер Винокуров, Ильиндерді өзге елдер қазақ десе, біз де оларды қазақ деп санауымыз керек. Тірліктегі бірлік биіктерге апара алады. Бірлігі жоқ елдің биігі де шамалы болады, мысалға Украинаны алуға болады, халқының саны жағынан бізден төрт есе асатын, спорты дамыған мықты ел, бірінші рет Қазақстаннан артта қалып отыр. Ел ішіндегі ыдырау спортқа да әсер беріп отыр.

Төртіншіден, егер біз бар қазақстандық қазақ деп қарастырсақ, онда оларды алалатпауымыз керек. "Fair play" тұрғысынан қарар болсақ, Лондонға қазақ туын Илья Ильин алып кіруі керек еді, ол жалғыз Олимпиада чемпионы еді, егер келесі олимпиадаға қатыса алар болса, Илья баһадур қазақ киімін киіп, қазақ әнұранын асқақтата айтып, қазақ рухын аспантата алар бірден бір тұлға. Лондонға аттанарда классикалық күрестегі ауыр салмақтағы Тінәлиевке ту ұстатқан дұрыс болмады. Қазақ палуандарының, ұлты қазақ деген спортшылардың бағы жанбауының негізгі себебі де міне осында жатыр. Қазақ туының астына тұрғандар бәрі қазақ болады автоматты түрде. Біз өз спортшыларымызды алаладық. Сол себепті де ұлты қазақ спортшылар көбіне көктің қолдауынсыз қалды. Тінәлиевке тым артық жүк артып, алтын алып қайт деп, бағын күйдірдік. Орысша айтқанда "перегорел", "жанып" кетті, жоқ жерде. Ақжүрек Таңатаров та алтын алуға мүмкіндігі бар палуан еді, бағы жанбай, қола медаль ғана ала алды.

Бесіншіден: Алға Адай, Алтынды аддай,- деп ұмтылған Әділбек Ниязымбетов күміс алғаны да алтындай болды. Екі қазаққа қатарынан алтын бермесі анық еді, сол себепті әлем чемпионы Мехонцевті аямай сабағанда, мүмкін алтын да алар еді. Ең бастысы Әділбекті Бекзат Саттархановтай жоғалтып алмауымыз керек, келесі Олимпиада алтынынан нағыз үміткерлердің бірі міне осы жігіт. Жаңа да жүйрік машине беру керек, тек қырық үйден тиым дегенді еске алып, текке салып отыру абзал. Ол қағида Илья үшін де керек қағида. Бұл жігіттер қаны қызу жастар: Сендер чемпионсыңдар, ойыңа келгенді істе, бәрі кешіріледі деу, қате болып табылады сондықтан. Егер біз оларды сабасына салып отыра алмасақ, опық жеп қаламыз. Талай таланты спортшы солай құрып кетті емес пе.

Ал, егер, біз жоғарыдан әруақытта көрінеміз десек, онда, біріншіден, қазақтың Рухын биікте ұстауымыз керек, ешуақытта әнұран мен туымыз аяққа тапталмауы тиіс.

Екіншіден, қазақ тілін дұрыстауымыз бағыттауымыз керек, батыстың халықаралық терминдерін тілімізге еркін сіңіріп, адаптациялап, тілімізде пайдалана алуымыз қажет. Сонда орыс тілдестердің қазақ тілін үйренуі жеңіл болады. Егер қазақтар алға қадам жасаса, орыс тілдестер де қарсы қадам жасар еді, ол біздің көптеген орыс тілдес спортшыларымыз үшін көп көмек болар еді.

Үшіншіден,  "Fair play" ұстанымымен, спортағы, спорт айналасындағы таза ойын үшін күресу керек. Қазақ орыс деп алаламай, қай спортшы атағы жағынан мықты болса, сол ту ұстауға лайық болып танылуы тиіс.

Төртіншіден, ауыл спортына көңіл бөлудің кезі жетті, қазақ ауылдарының бірінде спорт кешені тұрмақ, алаңқайлар да жоқ, қалай қазақ олимпиада ойындарында жеңіске жетеді, егер оған еш жағдай жасалмаса? Қазіргі таңда Алматы мен Астана айналасында салынып жатқан ауылдарда, бұрынғы спорт алаңқайларының орнына жаппай тұрғын үй салынып тасталған, парк, сквер дегендер де атымен жоқ. Біз бала кезімізде Қаскелең ауданына қарасты Елтай ауылында Ақсай өзенінің жағасына барып, көкмайсаға футбол ойнап, күресуші едік, бүгінде ол жердің бәріне тұрғын үй түсіп кеткен. Балалардың барар жері жоқ. Тек қуыс-қуысқа тығылып, арақ ішіп карта ойнаудан басқа, ермек қалмаған. Спорт интернаттарына талантты ауыл балалары алынуы тиіс, блат-сват құда-жекжат, қоласты бармақбасты жасамай болашағы бар балаларды ауыл-ауылдан таңдар болса, талай қазақ баласы олимпиада чемпионы болмас па еді. Спортқа селекция керек, таныстың баласы оқысын демей, талантты бала оқысын деген қағида ескерілуі тиіс.

Бесіншіден, қола медаль иегерлері Гаджиев пен Манюроваға көз салу керек. Егер біз күрестен жеңіске жеткіміз келсе Кавказбен қоян-қолтық араласып, болашақ чемпиондарға көз салуымыз қажет. Кавказдықтардың күрестен алдына жан салмайтыны айдан анық. Өзбекке жалғыз алтын әкелген Дағыстандық Таймазов үш дүркін олимпиада чемпионы атанды. Егер ауыр атлеттер Қытай спорт интернаттарында даярланса, күрес майталмандары Кавказда даярланады. Егер Қап тауынан бапкер-тренер алдырар болсақ ұтылмас едік, өзімен бірге екі үш жақсы спортшы әкелсе, келешек олимпиадаға кавказдықтармен бірге дайындалсақ, талай қазақ жігіттері жеңіске жетер еді.

Алтыншыдан, Африкадан да желаяқ студенттер таңдап қайту керек, егер біз жеңіл атлетикадан келер Олимпиада да алға қадам басқымыз келсе. Ямайка, Куба елдерінен студент қарастырсақ, қазақтың намысын аяққа таптамасы сөзсіз. Бұл елбасының нұсқауын аяқасты қалдырмаймыз деген спорт шенеуниктерінің құлағына айтылатын сыбыр-сыбыр.

Себеп көп, салдары дұрыс болсын десек, ең бастысы қазақ спорты жеңіске жетуі үшін, қазақтың Рухы биік болуы міндет. Көк Тәңірі қолдасын десек, өз тіліміз бен Рәміздерімізді аяқасты қылмауымыз  қажет.

Рухтанған қазақ спортшыларына мың да бір рахмет, ерекше алғысты Қызыл-Ордалық боксер қыз Марина Вольноваға айтқым келеді, қола медаль алып, қазақша сөйлеп туған елінің мәртебесін асқақтатқатқаны үшін. Егер Марина секілді елін де, тілін де силай алатын спортшыларымыз болса, қазақ туы талай рет желбірері сөзсіз.

Рухың биік болсын, Қазақ елім!

Нурлан Ибрагимов NurlanBekmurat
По образованию инженер-строитель. хобби журналистика, член Союза Журналистов Казахстана. Написал книгу \\\\\\\\\\\\\\\\"Коррупцияның көлеңкесінде\\\\\\\\\\\\\\\\". Пишу стихи на русском и на казахском.
23 августа 2012, 13:04
1356

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

Истерический вой, поднявшийся в российских СМИ по поводу перевода казахского языка на латиницу, блогер и публицист из Казани Римзиль Валеев оценил довольно-таки точно, на наш взгляд.
openqazaqstan
18 апр. 2017 / 16:47
  • 33185
  • 261
Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
вчера / 16:29
  • 12534
  • 3
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3440
  • 10
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

Провидец из Португалии по имени Горацио Вильегас считает, что новая мировая война состоится уже в текущем году. Считается, что португалец два года назад объявил, что Трамп станет президентом.
Seattle
21 апр. 2017 / 15:33
  • 3043
  • 12
Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Когда я пришла в первый раз на работу, слышала как доносятся крики из разных кабинетов. Крики это были не детей, а учителей, которые не могут сдержаться, когда уже все силы иссякли...
teacher1210
19 апр. 2017 / 7:56
  • 2679
  • 61
Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Наши депутаты известны не достижениями и работой, а своими высказываниями. Сегодня в СМИ вышла новость, где депутат сената Бырганым Айтимова ответила на критику народа.
tala03
20 апр. 2017 / 13:44
  • 2460
  • 20
Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Наводнение в Атбасаре, размытые дороги, подтопленные сёла по всему Центральному и Северному Казахстану... Что происходит?
openqazaqstan
19 апр. 2017 / 15:20
  • 2441
  • 14
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
вчера / 16:54
  • 2346
  • 14