• 20322
  • 18
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Инвестициялық форум өтті

Бүгін Ақтауда «Батыс Қазақстанда жаңа өндірістер құру» деген тақырыппен өткен инвестициялық форум аяқталды. Мұндай ірі шараның Ақтауда өтуінің де өзіндік мәні бар.

- Батыс Қазақстан – экономикалық әлеуеті аса зор, жаңа және қызықты нарық. Экономикалық әріптес болғысы келетін компаниялар үшін мүмкіндіктер бар, – дейді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі кеңесшісі лорд Уэверли.

Үш күнге созылған форумға ұзын саны 35 елден 500-ге жуық делегат қатысты. Бірқатар жобалардың тұсаукесері жасалды. Әсіресе, мұнайгаз өнеркәсібіне айрықша назар аударылды. Ауыл шаруашылығы, туризм, қалпына келтірілген энергия, су тазарту, машина жасау сияқты жобалар да назардан тыс қалмады.

- Солтүстік Каспий және басқа да оффшорлық жобаларда қазақстандық үлесті көбейтуге тиіспіз. Қазіргі таңда мұнай-газ компаниялары сатып алып отырған тауарлардың 10 пайызы ғана еліміздің үлесінде болып тұр, – дейді облыс басшысы Б.Мұхаммеджанов.

Мұнай-газ компанияларының сатып алуларындағы жергілікті мазмұн мәселесінің өзектілігін «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Жанболат Сәрсенов те атап өтті.

–     Бұл – кешенді мәселе. Қолданыстағы қазақстандық мазмұнды анықтау әдістемесіне де қатысты, сатып алу процесін сәйкестендіру жағдайларына да қатысты. Сондықтан әріптестік әдіске көшетін кез жетті, – дейді Ж.Сәрсенов.

Форумда республиканың батыс аймағындағы үш облыс – Маңғыстау, Атырау, Орал өңірлерінің басшылары да өз өлкелерінің мүмкіндіктерімен таныстырды.

Мәселен, Атырау облысы әкімінің орынбасары Асқар Әбдіров бұл өңірдің алыс және жақын шетелдегі 52 мемлекетпен байланыс жасайтынына ерекше назар аударды. Бұл өлкені әлем көмірсутек шикізатының көзі ретінде таниды. «Мұнайгаз өндірісімен қатар түрлі минералдар мен құрылыс материалдарының кенорыны бар. Облыста шетелдік инвестиция тарту үшін бар жағдай жасалған», – дейді А.Әбдіров.

Маңғыстау өлкесінде іске асырылатын жобалар туралы облыс әкімінің орынбасары Біржан Канешов баяндады.

–     Аймақтың инновациялық-технологиялық деңгейін және жалпы экономикалық дамудың деңгейін көтеру мақсатында «Маңғыстау ақылды аймақ» атты инновациялық даму концепциясы жасалуда. Ол өзінің негізін халықаралық бағдарламалардан алады, бірақ Маңғыстау өңірінің ерекшелігіне бейімделген. Бағдарлама маңызды алты саланы қамтиды: өнеркәсіп, энергетика, экология, ауылшаруашылығы, туризм мен сумен жабдықтау, – дейді Б.Бисекенұлы.

- Егер жұмыс болмаса, тіршілік те жоқ. Жаңа өндірістер құру қажет. Бұл - барлық батыс аймағының мәселесі, – деген еді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Л.Қиынов форум барысында.

Жаңа өндіріс орындарын құруды өзіне міндет етіп алған форум соңында меморандумдар мен келісімшарттарға қол қойылды. Оның ішінде мынадай құжаттар бар:

1.  Жаңаөзен қаласында өндіріс орындары шоғырланатын индустриалық парк ашу бойынша ҚМГ және «Castle Oil&Gas Fields Services LLC» (Италия) компаниялары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға;

2.  Күн энергетикасын дамыту мақсатында фотоэлектрлік модуль өндіру бойынша Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Актив Солар» ГмбХ (Австрия) компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға;

3.  Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Алтын КДТ» ЖШС компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға;

4.  Механикалық өндіру жұмыстарына қажетті жоғары технологиялық мұнайгаз жабдықтарын жасайтын өндіріс ашу жөнінде ҚМГ және Қытай Ұлттық Мұнайгаз Корпорациясы (ҚХР) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға;

5.  ҚР мұнайгаз құрылғыларын шығаратын кәсіпорын ашу жөнінде ҚМГ мен «DKG-East» (Венгрия) компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл кәсіпорында түрлі құтыларды, фильтрлер мен жылуалмастырғыш жабдықтар шығарылмақ.

Сонымен қатар, ҚМГ, «СамұрықҚазынаИнвест» ЖШС, Маңғыстау облысының әкімдігі және «Vallourec&Mannesmann Tubes» (Франция, Германия) компаниялары арасында  келісімшарт жасалды.

Сондай-ақ, ҚМГ, Теңізшевройл, НКОК және КПО компаниялары арасында «Бірлескен іс-қимыл туралы Ақтау дикларациясы» қабылданды.

miss-Lee
26 сентября 2012, 16:30
598

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 7637
  • 4
Отмечаю юбилей! 5 лет назад покорил Монблан – главное украшение в Короне Европы

Отмечаю юбилей! 5 лет назад покорил Монблан – главное украшение в Короне Европы

Сегодня настоящий юбилей! У меня и Юрия Суханова из Смоленска! Ровно 5 лет назад 16 июня мы стояли на вершине Монблана (4809м), вершине с которой начинался альпинизм!
Almazoff
16 июня 2017 / 13:39
  • 6791
  • 25
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 5607
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
вчера / 0:39
  • 4876
  • 51
«За красный диплом доплата будет?» Записки карьериста о потерянном поколении

«За красный диплом доплата будет?» Записки карьериста о потерянном поколении

«Вы пригласили, вот я и пришел» - именно с таким выражением лица сидят на собеседовании молодые люди. Создается впечатление, что человек без опыта работы дает шанс заполучить такого «ценного» кадра как он.
ArenMir
16 июня 2017 / 15:58
  • 4011
  • 44
Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Эти кабальные займы никакой пользы для экономики не несут, при этом ухудшают финансовые возможности населения, пополняют ряды новых неплательщиков, тем самым создавая социальную напряженность в...
Armanjan
18 июня 2017 / 15:43
  • 3665
  • 28
Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Терпеть не могу миф о том, что мы "молодой народ, окруженный старыми нациями" и у нас еще есть время на развитие. Это чушь! Мы что - на миллион лет позже эволюционировали из обезьян?
Aks_Ras
18 июня 2017 / 10:16
  • 2895
  • 18
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
5 фильмов, за которые Голливуду должно быть стыдно

5 фильмов, за которые Голливуду должно быть стыдно

Однажды Джоэл Шумахер попросил прощение за свою несуразную работу в том самом фильме про Бэтмена. Его примеру должны последовать многие режиссёры, которые умудрились испортить свои картины.
Seattle
16 июня 2017 / 15:53
  • 2307
  • 18