Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
08:47, 21 августа 2012

Сотта Соколова мұнайшыларды адастырғанын мойындады

Кеше «Жаңаөзен оқиғасына қатысы бар» деп айыпталып жатқан В.Козлов, С.Сапарғали және А.Әминнің ісі бойынша сот отырысы өзінің үшінші күнін аяқтаған болатын.

Сотқа айыпталушылардың туыстары, бірлі-жарым бақылаушылар мен журналистер қатысып, куәгерлерлік етуге бірнеше адам шақырылды. Естеріңізге сала кетсек, соттың екінші күнінде, яғни 17 тамызда Козловтың қорғаушысы В.Сәрсембина соттан Киікбай Ешманов пен Амангелді Айтқұловты бір-бірімен беттестіруді талап еткен еді. Бүгінгі отырыста аты аталған азаматтарды кездестіріп, көкейді тескен сауалға мардымды жауап алғандай болды қорғаушы В.Сәрсембина. Айтқұлов Ешмановтың оған қоңырау шалғанын жоққа шығармады. Сондай-ақ, Ешманов мырза әкімшіліктегі басқа да азаматтарға хабарласып, олармен тікелей байланысқа түскенін де хабарлады. Екі азаматты беттестіріп болғаннан кейін сот өз заңдылығымен жалғасын тауып, шақырылған өзге де куәгерлерден жауап алуды бастады. «Елдің ішінде бүлік тудыруға бірден-бір негіз болған адамның бірі» деген сөздер Наталья Соколова жайына да сот отырысында көптеп айтылған болатын. Кешегі сотта Соколова ханым шақырылып, оған мемлекеттік айыптаушылар мен қорғаушылардың, айыпталушылардың көкейінде қыж-қыж қайнаған сауалдар оқтай боратылды. Заңгер Наталья Соколова Ақтауда Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминнің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан сотта берген жауабында «мұнайшылардың жалақысына қосылатын 1,7, 1,8 коэффициентін есептеу дұрыс болмағанын және оны мойындайтынын айтты. Оның 2011 жылы ереуіл ұйытқысы бола білген тұжырымдамасы, бүгінгі күні негізсіз екеніне енді ғана көзі жетіп, «кезінде шығарылған есептер қазір дұрыс емес деп ойлаймын» деді Соколова. Тағы бір куәгерлік етуге келген Асылбек Айдаров атты зейнеткер ақсақалдар алқасымен 2011 жылдың 27 мамырында ереуіл болған жерге барып жұмысшылардың жұмысқа шығуларын сұрап, сабырға келуге шақырған. Еруілге шығушылардың барлығы жалған ақпаратқа сеніп, Наталья Соколованың күйттегенімен және оппозиция өкілдері жұмысшыларға келіп «Жата беріңіздер, жатқан адамдар жеңіске жетеді» деген сынды сөздермен қолдау көрсеткендерін көзі көрмесе де, құлағы шалып қалғанын айтты. Сондай-ақ, шақырылған куәгерлердің айтуына қарағанда, негізгі оттың маздауы осы оппозиция өкілі В.Козлов, С.Сапарғали, А.Әмин бастаған ұйытқылшылардан деп отырғанға саяды.

Бүгін жалғасатын сот отырысына тергеу ісінің сарапшылары куәгер ретінде шақырылатын болды. Негізінен бұл В.Козловтың өтініші негізінде қарастырылған мәселе еді. Сот төрағасы мемлекеттік айыптаушылардың, қорғаушылардың талабына сәйкес 21 тамыз күні сарапшылардың куәгерлік ететінін айтып, таңғы 9-дан кешікпеулерін сұрады.

Асылжан Иманғалиев

http://www.serke.org/news/sotta-sokolova-munaishylardy-adastyrganyn-moiyndady

1
290
0