Тікелей эфир

«Менің Аяным» Лира Қоныс

Лира Қоныс 1981 жылы Ордабасы өңірінде дүниеге келген. Халықаралық Қазақ Түрік университетінің шығыстану факультетін тәмамдаған. «Сізге ғашық қыз», «Мәңгілік сағыныш», «Құлпынай қосылған балмұздақ» атты прозалық жинақтардың авторы. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі дүркін жеңімпазы. Тәуелсіз «Үміт-Тарлан» сыйлығының иегері. Республикалық «Дала мен Қала» газетінде қызмет атқарған.


МЕНІҢ АЯНЫМ

- Кешке түнгі клуб «Пирамидада» кездесеміз бе?

- Уақытым жоқ, - дедім.

Жабырқап қалды.

- Кездесу керек едік.

- Басымды қатырмашы, а?!

- Сен қазір мақұл демесең, көшеге жүгіріп шығамын да, көліктің астына түсіп өле саламын.

- Маған бәрібір.

Аян жолға қарай жүгіре жөнелді. Тал арасынан атып шыға келгенде сүліктей қара шеттік көлік ызғып келіп, тежегішін басып үлгерді. Рүлдегі жігіт түсе сала, жағасына жармасқан. Өң-түсі қалмаған.

- Сотталып кете жаздадым ғой, оңбаған!
Ұрып жатты. Аян қорғанған жоқ. Жұдырық үш-төрт рет жауып өтті. Салғырт тұра берді.

- Ұр, мені өлтіріп тасташы! Неге тоқтадың? Неге басып кетпедің?!

Көліктің иесіне қарап көзін шытынай айқай салды. Анау абдырып қалған.

- Егер өлетін болсаң біреуді жаныңа байлап кетпей, өзің өл! Сені өлтіріп алып, сотталып кетіп, бала-шағамды аш қалдырар жағдайым жоқ. У ішіп өл, атылып өл, асылып өл... Інішек, құдай үшін енді жолға қарай жүгірме!
Ол жол жиегінде жүрелеп отырып, алақанымен бетін басқан Аян мен әріректе үнсіз тұрған маған кезек-кезек қарап аз тұрды да, көлігіне мініп кете барды.

- Қарашы, мені ажал да керек етпеді.

Ештеме де айтқым келмеді. Сағатыма көз жүгірттім.

- Маған қайту керек, - дедім.
Қолын көк түсті джинсы шалбарының қалтасына салып, кілтін шығарды.

- Өзім апарым саламын...

Сонау жерде қаңтарулы тұрған машинасына бет алған.

- Бармаймын! Бәрібір мінбеймін! Сені көргім келмейді!
Айқайлап жібердім. Жолай өтіп бара жатқан қыз бен жігіт бізге жалтақ-жалтақ қараған.

- Шын ба?

- Сені жек көремін!

Келе қалған таксиді тоқтатып мініп кеттім.

***

Сөмкемнен қол орамалмен  бірге сусып жылтыр сурет те жерге түсті. Аян іліп алған. Көзінде қызғаныштың оты тұтанды.

- Бұл кімнің суреті? Мұның менен несі артық?

- Адам жанын түсіне алады.

- Оны өлтіре аламын.

- Сосын мен де өлмін.

- Сосын, оны да, сені де өлтіріп, соңынан өзім аттанамын.

Аян уәде берсе орындамай қоймайтын. Қорықтым. Алдай салып сабасына түсіруді ойладым.

- Сені жақсы көретінімді білмейсің бе?

Өз құлағына өзі сенбей аң-таң.

- Мен түс көріп тұрған жоқпын ба?

- Мүмкін.

- Онда мәңгілік оянбай-ақ қояйыншы...

Құшақтай алдым. Өзімнің аярлығымнан жиіркеніп, оны аядым...

***

- Бізге енді үйлену керек, - деді ол.

- Жоспарымда жоқ.

- Апамның жазылмайтын ауру екенін білесің. Көп күні де қалған жоқ. Кеше тым құрыса алғашқы келінімнің босаға аттағанын көріп кетейін деді.

- Орында.

- Келісесің бе?

- Басқа мәселелерді бітіруім керек.

- Мектеп бітіргенше күт дедің, күттім. Университет бітіргенше күт дедің, күттім. Енді аспирантура... Үй ал дедің, алдым. Машина ал дедің, алдым. – Күрсінді. Мұнысы ызама тиген.

- Жолыңды бөгеп тұрған кім бар? Алматыда қыз көп!

- Мен саған үйленемін деп өзімді сендіргенмін.

- Ал, мен сендірмегем!

- Әл үстінде жатқан анам үшін...

- Саған басқа қыз іздеген жөн.

***

...Ол ай болды хабарласпай қойды. Бастапқы апталарда аңғармадым. Соңғы кез ойлай бастадым. Күнде көз алдымда  жүргенге көзім жаттығып, бағаламай келгендеймін. Тым-тырыс кеткеніне мазасыздандым. Оны білетін көп жылдар ішінде тұңғыш рет жақсы ойладым. Еріксіз қағаз бен қалам алып, есімін жаза бердім: Аян, Аян, Аян... жүз рет, бәлкім мың рет жазған шығармын. Кітапханада отырмын. Терезеден екі даңғылды кесіп жүйіткіген көліктер көлбеңдейді. Тал-дарақ арасынан Аян екеуіміз репертуарын жаттап алған орыс театры қарап тұр. Кітапты жаба салдым. Бұрылғаным жоқ. Әдеттегіше, әлденені сылтауратып дидарына көз жүгіртіп алып, көңілімнен шығып жатса, тілдесуіне мүмкіндік жасамадым. Ханның ұлы болса да қарағым келмеді. Өмірімде тұңғыш рет Аянның сезімдеріне адал болуым керек деп шештім.

- «Фемиданың» соңғы нөмірін сіз алдыңыз ба?

Әлгі жігіт өтірік сылтау айтып келіп тұр.

- Алған болсам алдымда тұрмай ма?

- Кітапханашы қолда деп еді...

Көзіме реніш жинап, жаратпай қарадым. Ұзын бойлы аққұба жігіт... Орта бойлы болса да, Аян мұнан сымбатты. Қараторы болған Аянға жарасады. Аянды ақтап алдым. Жалған жымиып жоғалды. Аянға хабарласуым керек деп ойладым. Әлде... ауруханаға анасының жағдайын сұрап барсам ба? Бір ретте ауруханаға бірге баруды ұсынғанда бас тартқаным үшін өкінемін бе деймін. Кездесуім керек деп шештім. Кітаптарымды тез өткіздім. Сыртқа шықтым. Жазғы кафе көзге жылы ұшырайды. Мұнда Аян екеуміз талай келгенбіз. Түнгі клубтың да есігінде қара құлып. Оның жаны ақшам түсе кіреді. Бұл жерде Аян жақсы төбелесе алатынын дәлелдеген. Аяндап алаңға да келіп қалыппын. Көлік астына түсіп, көз жұмбақ болатыны да осы тұс еді. Онысының ақымақтық емес, еркелегені екенін қалай аңғармағам?... Жол бойында машиналардың қабаттасқан сигналы естіледі. Бұрылдым. Жас жұбайлар.

Шаңырақтарын берік болсын дедім ішімнен. Ақ лимузин алдына жүрек формасындағы ақ гүлдер қыстырыпты. Мен жиырмаға толғанда Аян осындай екі мың бір ақ розаны сыйға тартып еді... Ешқашан да Аянды ренжітпеймін деп өзіме уәде бердім. Тас орындықтардың біріне тізе бүктім. Көңілді жастар әрірекке аялдапты. Ақ көйлекті қалыңдыққа көз тіктім. Қуыршақтай бойжеткен. Көйлегі керемет жарасады. Бір шоқ қызыл гүлін қоюға ескерткішке беттеді. Ал, жанындағы күйеу жігіт... Өңіріне ақ гүл қыстырған, езуінде маған әбден таныс болған әдемі жымиысы бар күйеу жігіт – менің Аяным еді. Менің Аяным...

Лира Қоныс, «Мәңгілік сағыныш»

Жалын баспасы, 2009 ж.

Алия Arsik
8 қараша 2012, 13:27
5042

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

amirus
1
0
Мен үшін түсініксіз жанр екен. Не үшін қиналып жатқандарын түсінбедім, бірақ қызық екен, бәлкім, осындай оқиғаны алғашқы рет қазақша оқығаным үшін қызық болғаны шығар.

Лираға әдеби табыстар тілеймін.
Arsik
1
0
бұл жазушы көп дау-дамай туғызды, көп сын айтылған, соған қарамастан, елдер бей-жай қалмай, оқып отырады. мына жерде орыс тіліне аударылған шығармалары бар www.proza.ru
amirus
1
0
Лираға байланысты Google-дан мағлұмат іздеп, бірнеше мақала оқыдым қазір ғана, шыныменде біраз дау-дамай болған екен. Сілтемеңізге рахмет!
Лира Қонысқызының алғаш "Тиын" деген атпен шыққан әңгімесін оқығанмын. Ерекше әсер алғам. Кітап оқымайтын заманда том-том кітап тұрмақ 4-5 беттік шағын әңгімені оқуға ерінетіндер бар. Қазақта танымал ақын қыздар баршылық. ал прозашы қыздар өте аз,мәселен Роза Мұқанованы ғана біледі қалың оқырман. Жеке өз басым Лира апайға творчестволық табыс тілеймін шын жүректен. Бүгінде табиғат көрінісіне он бет, кейіпкер сипаттауға он бес бет арнап толғап жазатын жазушы ер-азаматтар жетіп артылады. Әр заманның өзіне сай стилі, сарыны болады. Соны түсіну керек оқырман. Лира Қонысқызы сіздің болашақтағы әлемдік деңгейдегі танымал жазушы болуыңызбен алғашқылардың бірі болып мен тілеймін!
Ееххх, қолда барда алтынның қадірі жоқ қой. Ой саларлық шығарма екен.
sheber
1
0
Қазақстанда осындай жазатын автор бары қуантады.
Кішкене Х.Муракамимен қиылысатын сияқты, басқа да жұмыстарын оқып көрем.
Ия махаббатынан айырылып қалған қыздың өкініші туралы әңгіме екен. Түсінбейтін қиын несі бар.
мен әдебиетші емеспін сол себепті шығырманың жазылу тілін түсінбеймін, бірақ әңгіме ұнады қазіргі таңда философиялық тұрғыдан ойланатын жастар өте аз
Керемет шығарма! Жоғарғы сынып оқушыларына нені оқы деп ұсынсам екен деп ойланып жүргенде,Лира Қонысты іздеп тауып өзім оқыдым. Сосын оқушыларыма ұсынғам,өте қуанып қалды.Осындай көрсете алатын туынды болғанына рахмет!Ал қазір Құралай Омардың поэзиясынан басымды алмастан отырмын.Қазіргі қазақ жастарының іздеушілері табыла берсін!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8192
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 2807
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 2984
  • 37
Тихий фронт. КНБ – это не та контора, которая будет громко афишировать свою деятельность

Тихий фронт. КНБ – это не та контора, которая будет громко афишировать свою деятельность

После тех громких и пугающих событий, которые произошли год назад, всем в Казахстане стало понятно, что от работы спецслужб зависит в нашей жизни действительно многое.
openqazaqstan
14 июля 2017 / 9:55
  • 2381
  • 25
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2333
  • 30
Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Шум, гам, есть люди воспитанные, есть невоспитанные, есть просто дикие люди. Есть и странные люди. В очередях хаос, все друг друга хотят перепрыгнуть, все суют свои бумажки под нос справочному бюро.
decorus
14 июля 2017 / 16:04
  • 2087
  • 15
Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Я пытаюсь произнести на грузинском "Дайте, пожалуйста одну лепешку" и протягиваю деньги в окошечко, а дедуля пекарь-продавец на чистом русском говорит: «Да бери-бери, деньги не надо!».
Zario
14 июля 2017 / 22:38
  • 1932
  • 29
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
вчера / 11:06
  • 1798
  • 17