Келісімшарт әскерін сандармен сөйлетсек

Асхат Еркімбай 2013 M11 10
763
0
0
0

Келісімшарт негізіндегі әскери қызметке қатысты соңғы мәліметтері

Еліміздегі әскери салаға өзгеріс енгізіліп жатыр. Әскеріміз келісімшарт негізіндегі сарбаздардан құралмақ.

Келісімшарт негізіндегі әскерді жасақтау ісінің қазіргі күйін төмендегі инфографикадан көре аласыз.

Инфографикадағы ақпараттар yvision-дағы жазбалардан құралып алынды. Бұған дейін yvison-да Қазақстан әскерін сандармен өрнектеген azaticus-тың орыс тіліндегі жазбасы да жарияланған еді.

ҚР Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңда әскери қызметке кіретін адамдарға төмендегідей талаптар қойылатыны айтылған:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;

2) курсанттарды қоспағанда, он тоғыз жастан кіші емес және әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың осы Заңда белгіленген шектi жасынан бес жас кіші болмауға;

3) әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандығы болуға;

4) мерзімді әскери қызметті өткерген не жоғары оқу орындарының әскери кафедрасынан оқудан өткен немесе әйелдерді қоспағанда, Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен болуға тиiс.

Екінші тармақтағы шекті жас деп отырғаны - 45 жас. Ал сержанттық құрам үшін бұл - 47 жас.

Тұтастай алғанда еліміздің әрбір азаматына келісімшарт негізінде әскери қызметін өткеруге мүмкіндік те, жағдай да қарастырылып отыр.

ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сәкен Жасұзақовтың Қазақстан әскерінің келісімшарт қызметіне өтуіне қатысты берген сұхбатының орысша нұсқасын Альбинаның блогынан, қазақшасын "Айтабер" блогынан оқи аласыз.

Оцените пост

0
Дальше