Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:19, 25 января 2010

Мұны қалай ғана, қалай ғана қолдамайын?!

Бүгін Елбасымыз үкімет мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында, үлкен ұлттық корпорацияларда отандық мамандардың жоқтығын, топ-менеджментте бір де бір ұлттық өкіл жоқ екенін айтып, бұл мәселені премьер-министр Кәрім Мәсімовке шегелеп айтты. Және де Ербол деген біреуге: "Үнемі бұлбұлдай сайрайтын кадр саясатың қайда сенің?" деп, кейіді. Анау жоқ жұмысты қайдан ғана көрсетсін: өлі кісідей өңі қуарып, отыра берді.

Шыныда да, өз мамандарымызды тәрбиелейтін уақыт алдыңғы жылы таңертең жеткен сияқты. Кім біліпті, бір күні қазақтың қарадомалағы "Аджипті", "Тотальфина Эльфті", "Шлюмбержені", "Шевронды" басқаратын уақыт та келер? Жабылып ел, ауыл, аула, жалпы - кез-келен муниципиалдық бірлік болып, осы бастаманы қолдасақ екен.

0
260
0