• 56356
  • 93
  • 14
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Алмас пен Катя

Кім не десе, о десін, бірақ өз басым Алмастың бұл қылығын ерлікке бағалар едім. Біз кейде тым еңкішпіз. Аузынан сөзі, үстінен бөзі түсіп, аузын буған өгіздей орысша шүлдүрлегеннің алдында төмендеп қалатынымыз бар. Өзіміздің әлемдегі ең ұлы тілде сөйлеп тұрғанымызды да ұмытып кетеміз. Бірақ, Алмас ондай емес.

Алмас Қытайдан келген бауырларымыздың бірі. Қарадүрсіндеу естілсе де, оралман. Менің группаласым. Оларды кейде қалың қытайдың арасынан өмір сүруге әбден бейімді мінездеріне қарап, «өлермен» деп те жібереміз. Бірақ, олардың бізден айырмашылығы ана тілімізді таза біледі. Орысшасы біздің қытайшамыз сияқты, яғни өте нашар. Тіпті, 5 шкалалық өлшеммен нөл деген баға қоюға болады.  Алмас та бір түйір орысша білмейтін сол көп оралманның бірі.

Алмас домбыраның құлағында ойнайтын. Қазақ әуендерінің мақамына салып бейпіл сөздермен араластырып неше түрлі ән де салатын. Сары өлеңнің сардары сол еді. Ешбір сұрағыңызға дені дұрыс жауап та ала алмайсыз. Мәселен, «Қайда бара жатсың?» десең «Алға қарай» дейтін шімірікпестен. Қисық, қыңыр, бірақ адал болатын. Бірақ, жанын алғалы тұрсаң да түзу сөйлемейтін.

Сол Алмас кейде ішкі толғаныстарын маған ептеп айтатын. «Қытайлар орыс қыздарға ғашық болады» дейтін. Тіпті, Қазақстанға келіп аяғы оқтаудай орыс қыздарын көріп таңданып айтқан түрі екенін де ұғатынмын. Мына пақырың да адам секілді жанынан шығарып сырын айта алады екен ғой дейтінмін сонда. Бірақ, Алмас орыс қыздары туралы айтқанда оны орындалмас арман дегендей күңіреніп айтты. Неге? Себебі, бір ауыз орысша білмейді. Ал, қазақтығыңызға қарап қалған, домбыра ырғағына, қазақтың әуезді әуеніне елти қоятын бір орыс қыз табылады ма?! Әрине, жоқ. Тек Катя болмаса...

Алмас үшінші курсқа өткенде Катя екінші курс оқитын (аударма бөлімінде). Алмас мүлдем орысша білмейтін болса, Катя қазақшасы нашар Қостанайдың қызы. Бірақ, екеуінің көңілі жарасып кетеді деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірген емес. Катяға Алмас түгілі менің де жүрегім дауаламайтын. Бірақ, Алмас көздеген Катясын құрығына түсірді. Өлең жазып, сөз де айтқан жоқ. Бәрібір оны түсінетін Катя жоқ. Тек домбырасын алып, көзінің қиығымен ғана сезім сәулесін түсіріп жүрді. Қазақтың күйлерін тартып, қоңыр даусымен ән айтатын. Катя осының бәрін бағаласа керек. Екеуі қосылды ақыры. Мұны естіп, жігіттердің барлығы Алмастың арқасынан қағады. Алмас болса, ұялып, Катяның құрбылары келсе жатақханадан бойын аулақ ұстайды. Өйткені, оның ойын тек Катя түсінетін еді. «Ғашықтың тілі тілсіз тіл» деген осы шығар. Екеуі де басында елден ұялып жүрді. Алмас Катяны, Катя Алмасты елге теңім деп жариялауға жүректері дауаламады. Бәріне, уақытша сезім ғой қысқа қайыратын.

Жұрт қызбен төрт ай жүргенін мақтанып айтып жүргенде, Алмас Катямен екі жыл қол ұстасып, махаббат көгінде қалқыды. Бірақ, Алмас оқуын бітіргеннен кейін Катямен қатынасын ептеп үзе бастады. Өйткені, жүрек қалағанмен, Қытайдағы ата-анасының қарсылық танытатынын сезді. Өкініштісі, соның бәрін түсіндіріп Катяға жеткізе алмады. Ал, Катя болса Алмастың айта алмағандарын үнсіз ғана ұғып жүретін. Осылайша, екеуі үнсіз жүріп, үнсіз тарқасты. Есесіне, интернационал махаббатттың ерекше үлгісін көрсетті.

Алмас екі жыл Катямен жүріп, орысшасын әлдеқайда ілгерілетіп алды. Тіпті, Шәуілдірден келген өзінің аттасы Алмасқа (черный Алмас) қарағанда орыс тілінде тәуір сөйлеп қоятын.

15 августа 2012, 20:40
2615

Загрузка...
Loading...

Комментарии

"Алмас екі жыл Катямен жүріп, орысшасын әлдеқайда ілгерілетіп алды."

Мақаланың мағынасы осы ма? Онда мен де ағылшын тілін үйрену үшін ерлік жасап бір афроамерикандық қызды тауып алайын.
Бұл мақала емес, бұл жәй әңгіме.Түйін жоқ мұнда. Қалай түсінсең,өзің біл)))
Әңгіменің бәрібір аяғы болу керек қой. Әдемі бастап не хэппи-енд, не жан түршіктірер соңы жоқ... Олар әлі бірге жүр ма, бір бірінен қашып тындыма, қосылып тынды ма?? Не болды соңында? Әңгіме деген соң, ережелерін сақтау керек қой. Мен бағдарламалаушымын, айтайын дегенім, әрбір бағдарламаның басы, денесі, соңы болады. Сіздің әңгімеңіздің бас бар, ортасы да өте қызық, кенеттен аяғын шауып тастадыңыз... Соңы жоқ болған, ерлікке тұрарлық ісі де мағынасын жоғалтып алды
енди бул ангиме ойдан емес омирден алынган гой, кайдагы хэппи энд?
Алмасын бишара кызбен ойнап ойнап тастап кетти ме?
amirus
0
0
өкінішті. қызды тастауға болмайды олай.
Шын махаббат болмаған ғой, әйтпесе әке-шешені көндіруге болады...
Шын сөзім,шын сезім болды араларында)))
Я считаю, что Вы ошибаетесь. Предлагаю это обсудить. Пишите мне в PM, пообщаемся.
Кофеварка Rancilio Silvia
да бальшая фантазия у таво хто ето сочинял
торрент Dj Vartan - The best of rae
Әңгімені аяқтасаңыз жақсы болар еді.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 9848
  • 98
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9256
  • 32
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 5351
  • 12
Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
вчера / 22:56
  • 5424
  • 14
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4797
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3312
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

Икона "Умягчение злых сердец" несет особые - сакральные, духовные смыслы. Ее намоленность ощущается даже за те секунды, пока прикасаешься губами к образу.
ValentinaVladimirska
20 мая 2017 / 0:09
  • 3347
  • 0
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
вчера / 13:53
  • 2581
  • 58