Yvision.kz
kk
Qaz
Qaz
492 постов4 подписчика
3
10:42, 02 сентября 2012

Что туристу весело, у нас без внимания!

Алматы - Қызылорда! Жұмыс бабымен бірнеше рет осы бағытты жүріп өтуге тура келді. Осы жолы темір тұлпармен. Әсер жайында айту қиын, өткені сан алуан сезімге тап болдым. Таң қалдым, өкіндім, жындандым, қуандым. Соңғы уақытта сүйікті ісіме айналған, фотосурет жасауға мүмкіншілік ашылды. Сол суреттердің ең әдемілерімен бөлісейін.

Blog post image

Қордай асуы. Бір ерекше көрінді, өткені бұл жерден күндізгі уақытта бірінші рет өттім. Бұл қаншалықты әдемі болса, соншалықты қауіпті. Осы Қордау асуына Қордай батырдың есімі берілген екен, тіпті бір биігінде өз жерін жаулардан қорғаған батырға ескерткіш те қойылған екен. Бірақ оған жетпедім.  

Blog post image

Уикепедия мына нәрсені қына деп берді. Не болса да Қордай тастарында ерекше көрінеді екен. Айтпақшы Қордай батырдың ескерткішінен бөлек осындағы жолдың бойында еліміздің түкпір - түкпіріне тарап кеткен Бәйтерек табылды.

Blog post image

Жол бойында жүріп көп қызыққа тап боласың. Алыстан желден энергия өңдіріп жүрген ауылды да байқадым. заманауи ауыл ау сірә.

Blog post image

Айта кету керек Қордай жолдары жақсы, жол бойында үлкен құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мынау секілді агрегаттар бетоннан жол жасап жатыр. Бұл көлікті көріп, трансформерге айналып кетеме деп қорқасың. Немістердің жасаған дүниесі Қазақстан жолдарын ретке келтіруде.

Blog post image

Айта кетер бір жайт бар. Осы Батыс Еуропа - Батыс Қытай магистралінің Жабыл облысындағы бөлігі аяқталуға жақын. Көлікпен жүрсең керемет. 160қа дейін жылдамдықты асырған басқан жолдасым қатты таң қалды. Сезілмейді.

Blog post imageТараз қаласынан 60 шақырымдай жерде жатқан Ақыртас деген ерекше сарай кешені. VIII-IX ғасырларда салынған. Ақыртас соңғы 130 жыл бойы зерттеліп келеді. Бірақ әлі де сырын ешкім аша алмады. Өткені версиялар көп. П. И. Лерх Ақыртас салынып бітпеген будда ғибадатханасы десе, академик В. В. Бартольд несториан ғибадатханасы деген болжам айтады. Археолог Т.К.Басеновтың жазуына қарағанда Ақыртас салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі. 1996 жылғы зерттеулер барысында Қазақстан және Франция ғалымдары Ақыртас 8-11 ғ.-ға жататын Керуен сарайдың орны болуы мүмкін деген тұжырымға келді.

Blog post image

Өйткені, құрылыс жобасы Ирак пен Сириядағы орта ғасырлық құрылыстарға ұқсас. Ақыртас 8 ғасырдың 2-жартысында, яғни 751 ж. қарлұқтар мен араб әскерлері Атлах маңында Қытай әскерлерін талқандап, екі мемлекет арасында бейбіт қатынас орнаған кезде салына бастауы мүмкін. Бірақ, құрылыс белгісіз себептермен тоқтап қалған. Араб деректеріндегі (Ибн Хордадбех, Ибн Кудам) Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Касрибас осы Ақыртас. Біреулер тіпті осы кешенді Александр Македонскийдің әскерлері салды деген ой айтылған. Біреулер НЛО-ны да қосыпты.)))))

Blog post image
Құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп аталған. Ол алыстан көрініп тұруы үшін таудың үстіне төртбұрышты жобамен салынған. Қазіргі кезде қабырғаларының сақталған сілемдері 160,146 және 140 м шамасында. Қабырғаларының қалыңдығы 40х70х70 (80) см. Ірі тас блоктардан қаланған. Мен осы тастардың формасына разы болдым. Түп-түзу, Ақыртасты салған адамдар неткен білімді болған.

Blog post image

Қорғанның 4 қақпасы бар, біреуі солтүстікте, үшеуі оңтүстікте. Мына тастар сол қақпаныкі болса керек. Ал мына жерге келіп қонып кететіндер де бар көрінеді.

Blog post image

Қарауылдың айтуынша кейбір бақсы-балгерлер осында келіп заряд алатын көрінеді. олар үшін Ақыртас киелі жер, жердің кіндігі дей ме, әйтеуір неше түрлі әнгіме айтты қарауыл. Ішімде ойладым, ресейліктер білім қойса осында келіп "Битва экстрасенсов" бағдарламасын түсіреміз деп бәле болмасын))))) Не болса да осы жерді ғалымдар зерттейтін шығар деген үміт бар. Қазақтың жерінде бекер пайда болмаған, осында келгенде өзіңіз түсінесіз.

Blog post image

Сапарым туралы келесі пост Тараздағы Айша Бибі кесенесінен жалғасатын болады, достар.

3
2780
4