Yvision.kz
kk
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 постов3 подписчика
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
8
11:45, 08 ноября 2012

БАҚ Олимпиада 2012 туралы не жазып жүр?

Blog post image

Құрметті оқырман, осы аптада біз Олимпиада 2012 кезінде қазақ тілінде жазылған қызықты спорт материалдардың дайджестін жасап отырып, шетелдік газеттер еліміздің Лондондағы жетістіктері туралы не жазып жатқанын тағы ұсынып отырмыз.

_______________________________________________________________________

Олимпиада ойындарын жүргізетін қазақстандық комментаторлардың жұмысына көңіліңіз тола ма?

Blog post imageДариға Тұранқұлова, сахна тілінің ма­ма­ны, академик, өнертану профессоры:

– Олимпиада ойындарын қарап, көріп жүрмін. Қазақстандық комментатор жігіттердің жұмысына көңілім толмайды деп айта ал­май­мын. Жұмыстары жақсы, тырысады, ойынды барынша жеткізуге деген құлшыныстары бар, ойлары да түсінікті. Бірақ тіл техникасы жетіспейді, арасында тіл байлығы жетпей жатады. Тіл техникасының өзі бірнешеге бөлінеді. Мысалы, эфирлік тіл, сахналық тіл техникасы (мақала толығымен).

Қазақстанды спорттық державаға айналдырған Олимпиада

Ресейлік блоггер Олимпиада ойындарындағы медальдарды халық санына шағып есептеп шыққан екен. Бұл рейтинг бойынша Қазақстан бірінші болып шығады.

Blog post image

Соңғы бір апта әлем үшін Қазақстанмен танысу апталығына айналды. Дәл қазір Тұманды Альбион еліндегі әлемдік спорт додасы Қазақстанның сыртқы имиджін жақсартуға арналған шара секілді көрініс беріп жатыр (мақала толығымен).

«Біз Қазақстанға күлетін ек»

Blog post image

Қазақстан құрамасының Лондон Олимпиадасындағы жетістіктері бүкіл әлем үшін «тосын сый» болған сияқты. Ойда жоқта орыстардың Абайды іздеп, оқи бастағаны сияқты («ОккупайАбай»), әп сәтте әлемнің түкпір-түкпіріндегі жұртшылық Қазақстанды танып жатты. Екі күнде екі алтын алып 4-орыннан, 4 күнде 3 алтынмен 6-шы орыннан көрінген құрама жайында ғаламторда кімдер не демей жатыр. Виртуалды тораптағы пікірлер жарысын  бақылау көгілдір жәшіктегі спортшылар бәйгесін бақылаудан кем түспейді. Әнуар Нұрпейісов, Нұртас Адамбаев, Әсел Сәдуақасова, Аян Өтепбергенов сияқты шоу бизнес өкілдері, өзге де интернет пайдаланушылар әлеуметтік желілерде  ойларын іркіп жатқан жоқ (жалғасы). 

Зүлфия – қазақтың қызы, Алматыда туған, ал Қытай «жалға берген спортшымыз» деп намысқа тиеді

Blog post image

Соңғы жылдары әлемдік деңгейде салмағы артып, алып елдердің көшін бастауға ниет білдірген Қытайдың дөңайбат мінезі жаңа дүниежүзілік алпауыттың бас көтеріп келе жатқанын байқатқандай еді. Бұл жан-жағына жалын шашқан ақырзаман айдаһарының тікбақай келбетін елес­теткен. Сол айдаһар мұхиттың ар жағында өз саясатын Еуропаға, қала берді бұрынғы ТМД мемлекеттерінің бірқатар азиялық кеңістігіне бұлдап келе жатқан салмағы тым ауыр АҚШ-қа да қабақ шытып, «менімен санаспасаң болмайды» дегендей қыр көрсете бастап еді. Бүкіл әлем: «Апыр-ау, ұйқыдағы айдаһар ояна бастады ма?», – деп, тіксініп қалған. Ірінің аты – ірі, үрей буған көбісін (жалғасы).

Қазақ қоржынында он медаль

Лондон Олимпиадасының аяқталуына екі-ақ күн қалды. Әзірге қазақ қоржынында он медаль бар. Дегенмен, әлі де жүлде қорымыз молаяры сөзсіз.

Blog post image

Жалпыкомандалық есеп АҚШ пен Қытай арасында өрбуде. Бір күн американдықтар көш бастаса, екінші күні Ұлы жібек елі алға шығып кетуде. Осы жолы кезек американдықтарға жеткен секілді. Қытайдан екі алтыны артық АҚШ әзірге алда. Ал бірінші аптасын сәтсіз өткізген Ұлыбритания Олимпиаданың екінші аптасында қоржынын 25 алтынмен толықтырып үлгерді (жалғасы).

О национальной гордости казахстанцев

Cборная Казахстана завоевала уже шесть золотых медалей, обогнала в общекомандном зачете Германию и вот-вот настигнет Италию. При этом на прошлой Олимпиаде у нашего азиатского соседа было всего два «золота» (и 13 медалей в целом). В чем же секрет успеха Казахстана?

Blog post image

Возможно, завесу тайны чуть-чуть приоткроет история с иркутянкой Светланой Подобедовой, принесшей «золото» Казахстану в тяжелой атлетике. О том, почему спортсменке не дали выступить за Россию, не сдерживая эмоций, она говорила сама: «Давайте я не буду называть имен. Тренерский штаб „тащил за уши“ в сборную России девушку-москвичку, а меня просто убрали. Когда Алексей Геннадьевич позвонил (главный тренер сборной Казахстана Алексей Ни), я даже не раздумывала, сразу приехала в Алматы. А главному тренеру женской сборной России Пархоменко я все сказала в глаза» (Московский Комсомолец газетінен).

Shock for gold medal hope Savannah as world champion Marshall suffers defeat

Great Britain's reigning world champion Savannah Marshall suffered a shock 16-12 defeat in her opening bout to Marina Volnova of Kazakhstan.

Blog post image

Marshall lacked a little timing in the early stages against the former world silver medallist, who lunged in with right hands and had some success in knocking the Hartlepool fighter out of her rhythm.

Marshall began to land right hands in the second, but Volnova also stepped up the pace, bulling side and finding some success with uppercuts, and at the halfway stage of a nervy affair the score was level at 7-7 (MailOnline-дағы материал).

8
1721
6