Олимпиаданың жабылу салтанаты Лондон2012

AkbotaKuzekbay 2012 M08 7
533
0
1
0

Бүкіл әлем көз тіккен Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиаданың аяқталуына да, міне, тура бес күн қалды. Айтпағым, Лондондағы жазғы Олимпиаданың жабылу салтанаты жайында. Тамыздың он екісі күні...

Бүкіл әлем көз тіккен Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиаданың аяқталуына да, міне, тура бес күн қалды.

Айтпағым, Лондондағы жазғы Олимпиаданың жабылу салтанаты жайында. Тамыздың он екісі күні Лондон уақытымен кешкі тоғызда болатын Олимпмиаданың жабылуы  "Olympic Stadion" атты стадионда өтеді (ашылу салтанаты да осында өткен). Бұл үлкен шараға барлығы 4100 қатысушы адамдар атсылысады, олардың ішінде 3500 еріктілер мен 380 балалар жиналды. 2016 жылы Олимпиада ойындарын қабылдайтын Рио-де-Жанейро қаласы ресми түрде Олимпиада жалауын өзіне алады. Стадионда жағылған Олимпиаданың алауы ағылшынның The Who тобының әнінің шырқалуымен қайтадан өшеді.

Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты "Ағылшын музыкасының симфониясы" деген атпен өткізіледі. Ағылшынның танымал әншілері мен топтары кештің көркін әсем әуенмен әсерлете түседі.  Атақты деген Take That, The Queen, Pet Shop Boys,Elbow, Oasis, One Direction топтары, Kaiser Chiefs, Jessie J, Emeli Sande, Ed Sheeran сияқты әншілер өз өнерлерін көрсетеді. (Олардың арасында мен жақсы көретін топ One Direction және өнерлеріне тәнті әншілер Emeli Sande мен Ed Sheeran бар! Асыға күтемін..)  Сондай-ақ бұрынғы Spice Girls тобы кеш жабылуында бірігіп, ән айтпақ. Бұл кештің жоспары көрермендерге сый ретінде толығымен жарияланбай жатыр. Оны, әрине, жексенбінің түнінде көреміз.

Ал әзірге Олимпмиаданың бәсекесін тамашалайық және еліміздің спотшыларына жанкүйер болайық!

Ақбота Күзекбай

Оцените пост

1
Дальше