Видеоблог: Менің сүйікті кітаптарым

8607
22
0
21

Сәлем, достар! Бүгін «Екпін» видеоблогының екінші көрсетілімін алдарыңызға ұсынып отырмыз. Бұл жолы тақырыпты кітап әлеміне арнадық. Жобамыздың бағытына сай театр, балет, көрмелер секілді шаралар...

Сәлем, достар! Бүгін «Екпін» видеоблогының екінші көрсетілімін алдарыңызға ұсынып отырмыз. Бұл жолы тақырыпты кітап әлеміне арнадық. Жобамыздың бағытына сай театр, балет, көрмелер секілді шаралар бізге жақын екенін білесіздер. Әдебиет әлемі де біз үшін маңызды тақырыптардың бірі. Осы материалда журналисіміз Айжан Кәрібаеваның кітап сөресімен таныс боласыздар.

Бүгін сіздермен сүйікті әрі қызықты кітаптарыммен бөлісіп отырмын. Әдеттегідей айтқым келген дүние бұдан да көбірек, бірақ соның кіші бөлігін болса да жеткіздім деп ойлаймын.

Монтаждау барысында Samson «Стив Джобстың кітабын орысша оқып жатырсың ба?» деп сұрады, мен: «Иә, шетел кітаптарын көбінесе орысша оқимын» десем, «Ал орысша оқи алмайтындар не істейді сонда?» деп таңырқап қалды. Шындығында, біраз классикалық туындылардың аудармасы бар болғанымен, соңғы шығатын әлемдік бестселлерлердің қазақшаға аударылмайтындығы өкінішті. Қарап отырсақ, бұл қолдан келмейтін әрекет те емес, жыл сайын аудармашы мамандығын бітіріп жататын мамандар қаншама. Тек осы сала бір жүйеге келтіріліп, белсенді әрекет ететін механизмге айналса, бес-алты жылда ол да үйреншікті іске айналып кетер еді. Әлемнің көптеген үздік авторлары мен озық идеяларын өз ана тілімізде оқығанға не жетсін.

Сол үшін, меніңше, қазірден кітапқұмар қазақ оқырмандары бар екендігін көрсету керек, олардың қатарын толықтыру өз қолымызда. Сұраныс болса, ұсыныс та болады. Сондықтан кітап оқудан жалықпайық, кітапқа деген құмарымыз қанбасын.

Ad

Rate post

21

Comments

Login to comment