Қазақстандық кітаптар кімге қажет?

Алия 2010 M01 28
4746
4
1
0

«Қазақстандық кітаптарды сату тиімсіз», – деп хабарлайды Қазақстан қаржылық порталы www.profinance.kz. Осы пікірді Мемлекеттік Кітап палатасының директоры Жанат Сейдуманов білдірген болатын. Оның...

«Қазақстандық кітаптарды сату тиімсіз», – деп хабарлайды Қазақстан қаржылық порталы www.profinance.kz. Осы пікірді Мемлекеттік Кітап палатасының директоры Жанат Сейдуманов білдірген болатын. Оның сөзіне қарағанда, еліміздің кітап дүкендерінің 90-95% өнімі – ресейлік. Ал Кедендік ұжым пайда болса, қазақстандық кітаптар дүкен сөрелерінен мүлдем жоғалып кетуі мүмкін, деп болжамдайды сарапшы.

Маманның айтуынша, 2009 жылы қазақстандық кітаптардың шығарылу көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 20% төмендеді. “2009 жылы 2008 жылдық кітап өнім көлемінің 78,4% шығарылды.

Сонымен қатар, Ж.Сейдумановтың мәлімдеуінше, қазақ тілінде шыққан кітаптар саны көбейді, олардың 54% мемлекеттік тапсырыспен жарыққа шыққан екен.

Баспа үйлердің барлығы дерлік қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыстар арқасында күн көруде, ал ондай тапсырыс тізіміндегі кітаптардың көбісі әлеуметтік-маңыздылығы бар және лимитті таралымда. “Дәл қазір бұл ақпараттық, мәдени, ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі, себебі қазақстандық кітаптардың сатылымы айтарлықтай қысқарды”, – деп мәлімдеді Мемлекеттік Кітап палатасының директоры.

Кітап өнімінің негізгі бөлігін шығаратындар – Алматы мен Алматы облысы, ал Ақмола, Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстарында осы салада биыл жағымды өзгерістер байқалады.

Сейдумановтың айтуынша, кітаптардың көп бөлігін ғылыми басылымдар құрайды — 417 аталым, ғылыми әдебиеттер – 285 аталым, көркем әдебиет — 209 аталым.

Ұлттық кітап палатасы өткізген зерттеу бойынша, орташа есеппен алғанда, жарты жылдың ішінде әр қазақстандық 3,7 кітап сатып алады. Ал белсенді оқырман легіне қазақстандықтардың тек 17% ғана жатады.

“Бүгінгі қазақстандық оқырмандардың жағдайы келесідей: детективтер – 32%, әйелдер романы – 35%, классика – 10%, поэзия – 5%, фантастика – 17%”, – деп хабарлайды сарапшы.

Бүгінде қазақ тілінде жарық көретін және сұранысқа ие кітаптардың көбісі – оқулықтар екенін ұмытпау керек. Жыл сайын қыркүйектен бастап «Атамұра» баспасының дүкендерінде оқушылар мен олардың ата-аналарынан құралған кезектер – кітапқа деген қажеттілік оқу процессімен байланысты екенін анық көрсетеді. Ал әдеби кітаптардың сөрелерінде сол баяғы Ахмет, Бейімбет, Сәкендердің тандамалы жинақтары мен Мағауин, Есенберлин, Мұратбековтардың романдары. Осы кітаптардың бағалары не бары 450-650 теңге шамасында. Бағалары қалта көтеретіндей болса да, қазақ тілді тауар тобының жаңартылуы мен кеңеюі мәз емес. Ал осындай уақытта жасөспірімдер американдық жазушы Стефани Майердің романдарына неге қызықпайды? «Twilight» романының бағасы Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдарынан» бес есе қымбат, соған қарамастан бір жылдың ішінде сатылымдардың көшбасшысына айналды. Жастар көркем әдебиетті оқымайды немесе қазақ тілді жазушыларды менсінбейді дегенді жиі естиміз, бірақ бүгінгі қазақстандық баспа үйлер жастардың қызығушылықтарына жауап беретін әдебиеттер ұсынып көрді ме? Ең құрығанда, Донцоваларымыз да жоқ…

Қазақша жаңа кітаптар легінен көбінде тек мамандандырылған не дінге байланысты жұқа кітаптарды көреміз. Қайтеміз, қазақстандық кітаптарды сату тиімсіз деп жатса.

Мінбер.кз үшін

Оцените пост

-8

Комментарии

0
енді қайтесін біз бұрыңғы ҚСРОда ең орыстанған елміз. Құдай қаласа болашақта бәрі өзгереді -қазақ тілі өз шыңына шығар
0
Ләйім солай болсын!
0
өкінішке орай қазақ тілінде шыққан кітаптардың сапасы өте нашар, бастауыш мектеп оқулықтарынан бастап, ЖОО-ғы оқулықтар, ғылыми зерттеулер, көбінесе мәні де жок, мағынасы да аз болады... сапасы нашар болса - ол кітаптарды жазған адам таныстары, оның астында оқитын студенттер мен оқушыдар алуға мәжбүр болады...
Показать комментарии