Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:51, 20 января 2010

Сәрсекбай Алдоңғаровқа - 75 жыл!

Иә, "бұл соншама кім еді?" деп тіксінетін боларсыз? Әрине, Тадеуш Костюшко мен Реджеп II білетін қазағымның жадында, өз арыстарына деген орын табылмай жатады ғой.

Ендеше, Сәрсекбай Алдоңғаров ағамыз - сонау совет заманында аттай 20 жыл бойы "Қызыл Пролетар" совхозын басқарған емендей тұлға. Ол басшылық еткен жылдары, совхоз еңбек биігінен естіле білді. Көрінбеген себебі - олар туралы газетке жазғаннан гөрі - радиодан көп айтатын.

Сәрсекбай ағамыз сол жылдары совхоз басшылығына тағайындалғанда, жиылған жұрт оның қарыс маңдайына қарап, көп үміт күткен еді. Үміттері көп ұзамай ақталды да. Мысалы, сол жылдары "Қызыл Пролетар" совхозының кеңсесінде еден жуушы болған Қанипа шешей былай дейді: "75 сом алушы едім. Сәрсекбай аға келген кезде, 79 теңгеге дейін алатын болдым". Осыдан-ақ, арда азаматтың адамгершілігі көрініп тұрған жоқ па?

Сәрсекбай аға сонымен бірге - үлгілі әке. Үлкені Сәмидолла ғылым жолын қуып, кандидат атанды, Алматыда тұрады. Қызы Күлпәш әке жолымен қуған экономист, үйде отыр.

"Ер есімі - ел есінде", Сәрсекбай аға!

0
317
4