"Мезгілсіз сезім" телехикаясының 2- маусымы!

Арай Сайранканова 2012 M07 26
1174
0
0
0

Бихтер мен Бехлюл сынды жастардың тыйым салынған махаббаттарына арналған хикая соңғы жылдары түрік кинематографистерінің үздік шығармасы ретінде танылды! Екінші маусымда тыйым салынған махаббаттың...

Бихтер мен Бехлюл сынды жастардың тыйым салынған махаббаттарына арналған хикая соңғы жылдары түрік кинематографистерінің үздік шығармасы ретінде танылды!

Екінші маусымда тыйым салынған махаббаттың құштарлық пен құмарлық қызуына бой алдырған Бихтер мен Бехлюл тым ашық кетеді...

Бірге өмір сүрген екі жылдан соң бұл неке Бихтерді жалықтыра бастайды. Күйеуі Аднан екеуінің жас айырмашылығы тым үлкен екенін ол толық мойындайды, сондықтан оған деген сезімін махаббат деуге келмейді. Міне осы кезде күйеуінің інісі Бехлюл мен екеуінің арасында ұшқын жүгіріп өтіп, тыйым салынған махаббат басталады... Аднанның қызы, 18 жасар Нихалдың анасын алмастырған үй күтушісінің кетуі, оның Бихтерге деген жеккөрушілігін ушықтыра түседі.

Бихтердің анасы Фирдевс Бихтер мен Бехлюлдің арасындағы құмарлықты байқап қояды. Осыған алаңдаған ол қызының отбасын сақтап қалу үшін Нихалды Бехлюлге ынтықтырып, екеуін бір-біріне жақындастырмақ болады. Жастар алғашқыда бұл жағдайды қалжың ретінде қабылдағанымен, уақыт өте келе ол шындыққа ұласады. Олар бір-бірін ұнатып қалады. Бихтер қызғаныш пен долылыққа бой алдырып, Бехлюль екеуінің арасындағы жағдайдың бәрін жайып салған соң Нихал мен Аднан ауыр соққы алып, есеңгіреп қалады...

Махаббаттың машақаты шырғалаңға салған осы бір оқиға немен аяқталады, оны Сіздер теледидарларыңызды «31 арнаға» бағыштау арқылы ғана біле аласыздар!

Оцените пост

0