Тікелей эфир

Алматы жастары бос уақытын қайда өткізеді?

Алматы жастары

«Екпін» осы сұрақты қаламыздың өнерлі, белсенді жастарына қойып, сүйікті кафе/мейрамханалары жайында сұрастырып, қаладағы жазғы демалысты өткізудің варианттары туралы ақпарат жинастырған болатын.


Мақсат, Maximum - A.K Pro:

Әр кезде әр қалай демаламын. Клубтар, кафетерий, бар, т.б. Жұма, сенбі сайын «Mojo», «Gogol», «Staut», «Garbage» барына барып тұрамыз. Ол жердің танымалдылығына, интерьеріне қараймын. Ал үйіме жақын не жақын болмауы маңызды емес. Мысалы, «Staut», «Garbage» — сыра ішкенге, әңгімелескенге жақсы, тыныш.

Жеті жасымнан бері Алматыда тұрамын, сондықтан оның кез келген жері маған ыстық. Күн жылы кезде Қапшағайға, тауға шығып тұрамыз. Меніңше, қазірде жастар арасында ең танымал жер — «Mojo», «Da Vinci». Бірақ бізде бар/клубтардың көптігі сондай, оның қай-қайсысын біліп, бара бермейсің.

Айнұр, студент:

Қаладағы ең сүйікті жерім — Қалдаяқов пен Қазбек би көшелерінің қиылысында орналасқан «Арайлым» аспаздығы. Ол жердің тағамдары ұнайды. Өте дәмді, әрі қолжетімді. Сонымен қатар, интерьері де жақсы. Әдемі картиналар және ала көлеңкелі свет атмосфераны тіпті романтикалық етеді. Бұл жерге күндіз келсеңіз, қаланың шуынан бір сәтке демалып қаласыз.

«Арайлымда» қашанда таза, бәрі жинақы, әрі қай кезде келсең де, дәмді тамақтың иісі аңқып тұрады. Мұнда ыстық тамақтан өзге нешетүрлі кофе ішіп, өздері жасайтын түрлі тәттілерден дәм татуға болады. Ең бастысы, онда Wi-Fi бар.

Батыр, senior designer:

Апта бойы жұмыста болғандықтан, сыртқа демалыста шығамын. Демалысым көбіне кафе, мейрамхана немесе клубтарда өтеді. Солардың ішінде қазірге кезде «The Noodles» деген мейрамхана ұнайды. Қателеспесем, Алматыда олардың саны үшеу. Бұл жердің сервисі, тамағы және интерьері ұнайды. Сонымен қатар, менюінің өзі өте жақсы жасалған. Қай тамақ қай ұлттыкі, қаншалықты ащы, қандай еттен жасалғандығының барлығы кішкентай символдармен белгіленіп қойылған. Жеңілдіктері де бар.

Ал кофе ішуге көбінесе «Gloria Jeans» кафесіне барамын. Шетелде болсам, оған бармас едім. Бірақ мұнда оған альтернатива жоқ. Жас келгендіктен, түнгі клубтарға бара бермеймін. Бірақ анда-санда Шевченко-Абылайханда орналасқан «B.For» және «Қазақстан» қонақ үйінің 26-қабатында орналасқан «Bar Fly»-ға барып тұрамын.

Ая Бапани, дизайнер:

Жасөспірім кезімде кішкене еркекшора болатынмын, экстрималды спортқа жақын едім. Белсенді демалыс ұнайтын. Скейтбордта сырғанап, әрдайым байкер ағамнан қалыспайтынмын. Уақыт өте келе біраз үлкейіп, достарыммен, құрбыларыммен жай кездесіп, коктейль ішіп, әңгімелесу көбірек ұнайтын болды. Кейде билеуге шығып тұрамыз. Ол жерлерді көбінесе мен таңдамаймын. Шақырған жаққа барамын. Сондай-ақ қыдыратын орындарды ауыстырып тұрғанды ұнатамын. Сондықтан тұрақты баратын орындар жоқ. Ал кафе/ресторандардың, ең алдымен, қызмет көрсетуіне және ол жердің контингентіне назар аударамын. Өйткені ондай жердің мәдени атмосферасы мен үшін маңызды. Мысалы, қазір отырған жеріміз, сосын Достықтың жоғарғы жағында Royal Tulip қонақүйінің жанында «Parmigiano» рестораны ұнайды.

Сұңқар, рэпер:

Менде нақты демалыс күні жоқ. Қалаған кезімде демаламын, қалаған кезімде жұмыстарымды істеймін. Негізі Ақсай-4 ауданында тұрғандықтан көбіне достарыммен сол маңдағы демалыс орындарына барып демаламыз. Өзім ішімдік ішпегендіктен клуб/барларға онша көп бара бермеймін. Алайда, достарыммен ең көп баратын жерім — Staut. Негізі, мен үшін баратын жер емес, компания маңызды.

Дастан, Sen-ushin.kz сайтының әкімшісі:

Қазіргі кезде бір жаңа жоба бастап жатқандықтан, демалуға уақыт тапшы. Жалпы түнгі клуб, мейрамхана, кафелерге барғаннан гөрі, саябақта серуеңдегенді, не сонда тыныштықта кітап оқығанды ұнатамын. «Атакенттің» маңында орналасқан өте әдемі, әрі тыныш және тауға әдемі көрінісі бар кішігірім саябақ — қаладағы сүйікті жерлерімнің бірі.

Достарымызбен жиналғанда Тимирязев пен Гагарин көшелерінің қиылысында орналасқан «Пиво-Донер» деген жерге барып, дөнер жейміз. Өйткені бұл жер қаламыздағы ең дәмді дөнер жасайтын орын болып табылады. Сонымен қатар, достарыммен көбіне Бұқар жырау мен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан «Del Papa» итальян кафесінде тамақтанамыз. Ол жердің атмосферасы үйдегідей жақсы және пиццасы өте дәмді, ұнайды.

Надира, бьюти-блоггер:

Егер жұмыс күні болса, онда кофейня сияқты тыныш жерге барып, әңгімелескен, тәтті тағамдар жеген ұнайды. Қазірде қалада кофейнялар өте көп. Оны бір тенденция десек те болады. Ең сүйіктісі - «Коферум». Онда тағамдары да тәтті, интерьері де әдемі, фондық музыкасы тартымды. Көп жағдайда барған кезде орын болмай қалады. Оның өзі бір көрсеткіш деп ойлаймын.

Жаз кезінде жазғы алаңда отырамыз. Ал сенбі, жексенбі күндері жүзуге, тауға баруға тырысамыз. Өзім блогшы болғандықтан, демалыс күндері көбінесе жұмыс шығып қалады. Репортажға байланысты ақпарат жинау керек, уақытым түрлі шараларға қатысумен өтеді.

Ал жалпы орындардың, ең біріншіден, қызмет көрсетуіне қараймын. Өйткені, қанша жерден мақтап жатса да, сервисі жөнді болмаса, бармаймын. Ал екіншіден, интерьер. Сәнді жасалған жерде өзіңді де жақсы сезінесің. Егер белгілі бір жердің интерьері, музыкасы саған жағымды эмоциялар сыйлай алса, онда сол жаққа дәл сол эмоциялар үшін қайта-қайта ораласың.

Мәди, TruMan, музыкант:

Демалатын орынды достарымызбен жиналған кезде, ортақ шешім қабылдап бара саламыз. Тұрақты орнымыз — сыра ішуге баратын «Стаут». Абай мен Абылай хан көшелерінің қиылысында орналасқан. Сосын тағы бір жер — лагманы қатты ұнайтын «Узбечка». Осы екі жерге барып тұрамыз. Орындарды аса таңдамаймыз. Ойымызға келген жерге бара береміз. Ал жалпы мен қыдыруды ұнатпаймын. Клубтарға бармаймын. Меніңше, үйдің тамағынан асатын жер жоқ.

«Екпін» жобасы материал дайындау кезінде мекен еткен «Cafeteria-ға» алғысын білдіреді.

Құрметті оқырман, ал сіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз, қай жерде демаласыз, сүйікті орындарыңыз бар ма?

Материалды дайындаған:

«Екпін» командасы

Алия Arsik
7 қараша 2012, 11:42
12377

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

25 jas - jastar qatarina qosuga bola ma? )
Air Astana компаниясының жастар тарифі саған әлі күшінде болса, әлі жассың қарағым)))
Сразу видно что на русском было все, а перевели на казахский.
Бұл жерде ойын тек Ая орысша білдірді)
Неее, изначально было на казахском, потом перевели на русский, затем снова на казахский.
Менің де тұрақты тек сол жерге барып тұратын орным жоқ, шыққан сайын болмаған жерлерге баруға тырысамын. Бос уақытымыз болса, әрине бірінші киноға барамын. Қазірде үйдің жанындағы АДК-нің кинотеатры ұнайды: адам аз, билеттер әрдайым бар, сондай-ақ онлайн билет алуға мүмкіндік бар:) өте қызық функция.
Ал кафе/мейрамханалардың ішінен: Жарокова Әл-Фарабидегі Ciao Pizza қатты ұнайды, сицилиялық салат әсіресе ммм...:) Содан соң сүйікті суши жейтін "Сумосан"-кеңес берем!
Кофені аса ұнатпайтындықтан, кофейняларға көп бара бермейм, барсам тек десерт жеу үшін: коферум, кофемания. Примерно осылай:)
Сондай-ақ жігіттерге: қыздарыңызды не әйелдеріңізді бір қуантқыларыңыз келсе "Самал", "Шафран" сияқты мейрамханаларға әкеліңіздер, өкінбейсіздер:)
Arsik
1
0
мен де үйдің қасындағы чао пиццаға жиі барам, бірнеше жыл болды уже))
былтыр ДК тірі кезінде анда-санда барып тұратынбыз, іші тар болса да, музыкасы күшті еді... :(
сұхбат алып, фотоға түсіруге экселент кофе мен кафетерия жақсы екені материалдарымыздан белгілі болды))
Дастанмен келіспеймін, күшті донер - Өзюрт (Мәметова-Төлебаев)
Бірақ Мәди айтқандай, тамақты үйде ішу керек)))
донерді мүлдем жей алмаймын:) Өзюртті көру керек екен, мүмкін көзқарасым өзгерер
Сосын айтпақшы Жаннамен болған yvision.kz сұхбаттағы Томис Пастрида ұнады)
иә, освещениесі жақсы))
Сұмдық! Ширк! Аттан! Қазақ жастары қашан кафе жағалап, сыра тасып еді. Кілең алхаш, муачачача
Менің денсаулығым сені мазаламауы тиіс деп ойлаймын
Дұрыс ойлайсын, әлбетте "Ширк" деген сөзің не мағынада айтылған? Бұл сөздің кафе-сыраға қандай қатысы бар?
Қараңғы қазақ төріне жарқырап шығып күн боламын деген асыл қазақтың, текті бабалардың ұрпақтары ширкке бой алдырған күйі қоғамнан да, адамнан да алыстап бара жатқандығын құлақтарыңызға алтыннан қымбат, платинадан пайдалы ақыл ретінде адал да, ақ жүрегіммен ескертіп отырмын дещ, муахаха:) Еп, Абай сен адам болмайсың ше, негізі:))))
екінші оқығаннан түсіндім )
Құдай-ау, мені де түсінетін шиважарболғыр бар екен-ау!
a.k.pro LOVEkayu vas)obozhayu)suhbat voobwe teema)iwkiwter dep aita bermendep,Sunqar iwpeidi goi)restect vam ash kazak!
Iaaaa Sunqar kazakstanda sen siakti xardkor jok. Makaumen Tarlandi bazar jok kulattin tek kana alga..... shin jurekten SHIMKENTten
а мен ауылда демалганды унатамын!отпуск алгасон!кыдыраам ширкиин
Иә, дұрыс айтасыз! Ауылдың таза ауасына, табиғатына жететін ештеңке жоқ қой :)))
Бос уақытымды Жалғастың үйінде өткізетін жаман әдетім бар еді, ендігі үміт Айжанда.
Алкаш болсан,алкаш бол!Бастысы адамдык касиетiндi сакта!
AKSAI.AT.UA кiруге умытпайык!
Байдан шыккандар кайда барат деп бир шапкылап жур диттае)) Айтпакшы Аш Казак Про жигиттер Темиртауга келиндерсиш концерт койып...
Дача рулит по любой!
=)) ашқазақтар жүр гой! ХЫХ
ash kazakh Mady Maksat Sunqar senderge bazar jok ulken kurmet Шыгыс Казакстаннан! Аш Казак тек алга
Onkei sira ishkishter, Medeude, Koktobede, Almaarasanda demalatindardi taba almadindar ma?
Arsik
2
0
бір жерден сыра деген сөзді оқып, бәріне неге жаға бересіз? әлде қазақ жастарының көбі алкогольді ішпейді деп айтқыңыз келіп отыр ма? бары осы, шынайы көрсеткіміз келді. әлде сіз басқа Қазақстанда өмір сүресіз бе?
Jauap bergen segiz adamnin beseui tungi klub, sirahana(staut) ti demalatin jeri retinde atap otir, Kazak jastari alkagoldi ishedi, birak bir boligi, Osindai makala jarialaitin kezde kogamnin barlik boligin kamtitindai etip jasagan durus shigar...Men de shinayi zatti korgim kelip otir... mumkun sizge shinayi zat sira ishkishter shigar... bari omir surgen ortaga bailanisti...
Arsik, ашуланба, бәрі жақсы болады :))) Сұқбаттасқан жастар мықты дем алады екен, әсіресе, Дастан деген романтик жігіт :)
дұрыстап оқысаңыз, мына жердегі жастар ішпейміз, тауға шығамыз деп отыр негізі. әр түрлі жастарды көрсеттік, бірақ сіз секілді адамдар ылғи да жоқ жерден негатив іздеп жүреді. мүмкін бұл сіздің бойыңызда жатқан комплекстер де шығар, қайдан білейік. бірақ материалды оқыған аудиторияның басым бөлігі бәрін дұрыс түсінді деп ойлаймын.
иә, сын пікірлер бізге қажет. рахмет. бірақ мәселеге бір жақты қараудан аулақ болған жөн деп санаймын. мына жерде тамаша, талантты жастарды шақырдық, ал сіз оларды ішкіш деп айыптапсыз)).
Osi bir zatka sin kozben karasan kompleksin bar dep shigatindarin ne?
Men bir okirmanmin, menin pikir bildiruim men siyaktilardida(kompleksi barlardin) kogamda bar ekenin este saktau kerek ekenin bildiredi. Kelesi bir makalanizda osi bir kozkarasti da nazarinizga alarsiniz dep oilaminin, Kompleksimdi aitkaniniz ushin rahmet :-)
Өкінішке орай біздің жастар осындай. Сыра ішпетіндер ішпейтіндерден көп, біз ертегіде емеспіз. Шындықтың көзіне тура қараса "картина маслом".

Бұрын қазақ қыз-жігіттерінің бөгде іс-қимылдарына қызғанышпен қарасам, қазір жәімен қоямын. Бәрінің халін ойлай берсең басың қатады. Қызғанышқа лайық адам болса шіркін... жоқ емес, бар... аз.
Akshan bolsa jaksi goi bolmasa nesi jaksi JAksi goi goi akshan bolsa kidirasin kafege barasin Kizdarmen kidirasin Bolsa jaksi goi BOLMASA nesi jaksi Jurmis goi Auildaaa Airan sut kimiz kimiranga maz bolip ondai kafe restoran degendi kinodan koremiz goi ))
amenov
0
0
Айнұр на домовенка Кузю похожа! ))
Вобщем корытнды))) 1шк1н келсе 1шет1н жерге,кофе 1шсен кофитериге бар,донер жесен...деп кете берет.оданда уйдеее AshKаZаkhтын тректерн косып коиып жатканым жаксы емеспе.айтпакшы Мади брат шын фота онша емес бо капты)
sheber
1
0
Жақсы, жақсыыы.. рахмет.
"Чукотка", "ТСБ" туралы ешкім ештеңе айтпағаны біртүрлі, зато кфтрияға алғыс =))) Ол жерге барсам тек Жаннаға бола, а так айтып өткен барларғары жетері жоқ-ау әлі.
угууу и аш казахи тоже здесь))))люблюю
ооо Ару сенде журсн ба бяхта? =)))
Мой пікір такой: номер 4 - оок)
Ішемін деп жазбадым ғой))
жок ішетінім рас, бірақ бұл жерде айтпаған едім xD
Ақиқатты айту керек )))) уахахах))))
өңшең алқаштар ))))))
это молодеешь не похоже старперы не умеют развлекаться!))
үтірлерді қойсаңыз, ой мағынасын түсіну қиындау екен:)
menin wawim buira buira,tinda rap ti buira bastan degenin jattttap algam))))))))))))))))))))
аитеуир казахстанда озимиздин алматыда демаласындар соган ризамын кеибиреулер шетелге шабады сендерге улкен курмет Сункар,Максат,МАди
оте кызыкты акпарат
Менің сүйікті жерім Cafeteria (Құрманғазы Байсейтова), интервью алынған дер! Дизайны керемет және AB Restaurantтын ресотран, кофтиреий пиццириялары тамаша!
міндетті ішіп көруге тиіс жерлердің тізімі артыпты ғой, уақақа
Мені осындай жерге апарыңдаршы, қыздар, тым ұялшақ едім...
ұялғаныңыз қандай керемет:)) апарайық)
Жақсы болды, тек суретке түсіріп, сұхбат алмашы, ок?:))))
Дастан, оқымысты болып көрінгің келді ме? :)))
Кандай кітап оқитынымды кім білсін xDDD
Солай көрініп қалсам кешірім өтінем)
magan ash kazak katty unaid.tarazga kelip koncert koigandarina rizzzzzzzzzzaaaaaaaaa boldim....

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2896
  • 32
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 1920
  • 36
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1770
  • 32
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 1697
  • 14
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1551
  • 12