Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
03:45, 12 июля 2012

СУ ТОҚТАСА ТОҚТАР, СҰМ ТОҚТАМАС

Болсаң егер ұры, алқаш, нашақор,

Кел бауырым – осы менің талғамым!

Жамандықтың зор қақпасын аша гөр,

Әрқашанда арманы осы «Алғаның!»


Жымысқы ниетті, қолдарынан түк келмейтін саясаткер-сымақтардың ең басты мақсаты – қандай жолмен болса да ел назарын өзіне аудару. Ол үшін ұрлау керек болса ұрлайды, жырлау керек болса жырлайды. Кісі өлтіру керек болса өлтіреді, елді қаралау керек болса қаралайды. Аты шықпаса, жер өртеуге дайын тіркелмеген «Алға» партиясының басты қағидасы осы.

Ақша бар жерде албасты бар

Ақшаның ашпайтын құлпы жоқ. Қоғамдағы ең жексұрын, ішімдік атасының асы, арам ақша бабасының мұрасы көрінетін оңбағандардың барлығын «Алғалықтар» ақшаның құдіретімен жинап алады. Алғаның бар шаруасы – әулекі топтың қолдан жасалатын әләулайы, өңшең қылмыскерлерді жинап алып, соларды қорғау, бауырлары заң алдына бара қалса оған саяси сипат беріп кеңірдектерін созып айқайлау.

Оның не үшін қажеттігі әуелден белгілі – барлығы бірігіп Әбілазовтың арзан ақшасына гөлайттап, ылығып қалуды мақсат қылады. Алға оларға ақша беріп қана қоймайды, нәпсінің барлық түрлерін азған адам баласының ойына келуі мүмкін барлық амалдармен қанағаттандырудың жолдарын қарастырады. Мысықтың мауығатын кезі, иттің ылығатын кезі адам өмірінде қалай көрініс табатынын көргісі келген жан Алғаға барсын. Алғаның гаремінен бәрін көреді. Бірақ, байқаңыз, Алғаның қабырғасындағы адам баласының барлық фантазиясынан асып түсетін хайуандық қарекеттер күні ертең-ақ ғаламтор бетіне шыға келуі оңай. Өйткені, олар бұдан да ләззат табады.

Аузы қисық болса да бай баласының айтқаны  - ақиқат

Саясаттағы сауалдарына жауапты ғаламтордан іздейтіндердің барша саясаттанушыларға ең жиі қоятын сұрақтарының бірі – «неге Алғаның идеологиясы өте жиі өзгереді?» деген сауал. Жауап қарапайым, Алғада идеология дейтін идеология жоқ. Алыстағы Англияда ма, әлде Францияда ма, әйтеуір бір жерде бой тасалап жүрген алаяқ азғын Әбілазов Алғаның иесі, ол қай жаққа таяғын көтереді, сол жақтағы төбеті ұлып қоя береді.

Бірақ, Әбілазовтың іші пысып, ерігіп отырғанда қолындағы дирижерлік таяғын  оңды-солды сілтей беретінін қаперге алсаңыз, қырық төбеті (іштерінде жіңішке даусымен нәзік ұлып қыңсылайтын қаншықтары да бар) қырық жаққа ұлыған «Әбілазов оркестрінің» қаншалықты гениальный туынды  ойнайтынын түсіне бастайсыз. Оларға бәрібір, кешегі жауын басына іс түссе дос қылып ала қою, кешегі досы қаншалықты азғындағанын көріп есін жинай бастаса жау қылып шығару боқтан оңай шаруа. Бір жағынан бұл оларға істейтін іс жоқ (еңбек етуді ұмытқалы қашан) ерігіп отырғанда ермек болмай ма?

2009-жылы Алғалықтар аса жоғары көлемдегі мемлекет қаражатын талан-таражға салғаны, қымқырғаны үшін айытпалған «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті қорғауға анталай ұмтылды. Сонда, Жәкішевке қорған болғылары келді деп ойласаңыз оңбай қателесесіз. Олар тағы бір «ақшалы дорбаны» көріп, қай тесігінен бізге қандай алтын саулап түсер екен деп жармасты.

Былтыр талай жылдан бері есірткіге көзі тұманданған серіктері Симбинов есірткі саудасына қатысқаны үшін айыпталған кезде оны да қорғамақ болып, айналасына қыңсылай үйірілді.

Биылдыққа Жаңаөзенде әлеуметтік шиеленістер туғызып, елді билікке қарсы айдап салғаны үшін айыпталып отырған Козловтың құйрығын жалап бағуда. Өйтпеске, шаралары жоқ, Әбілазов алысқа кеткенен кейін соның мол қазынасымен жалғастыратын басты делдалдарынан айырылып қалса ертеңгі күніміз не болады деп уайымдайтын шығар олар.

Артық қыламын деп тыртық қылды

Алғалықтар өз өмір салттары тұрғысынан қарағанда дұрыс қимылдап жатқандай сезінеді. Бірақ, күншуақтап отырған иесінің басына қонған шыбынды өлтіремін деп бір салып қожайынының жанын жаһаннамға жіберген аю секілді секілді сауатсыз қылықтары жақтастарына зиянын тигізбесе пайдасын бермейді.

Олар аю секілді дүмбілез, әрекеттері де аюдікіндей ақымақшылыққа толы. Былтырғы Жәкішевті қорғаған тірліктерін алайық. Жан-жақтан шәуілдеп Жәкішевтің атын атай-атай, оны жұрттың алдында Әбілазовтың оң қолы етіп шығарды. Шын мәнінде солай ма, әлде емес пе, оны Жәкішев пен Әбілазов біледі. Бірақ, басында өз бетімен істеген қылмыстары бойынша ғана айыпталған Жәкішев соңында аяқ астынан қалайша «Алғаның» алғышебінде жүргенін байқамай қалды.

Симьбиновтың айыптары қолмен қойғандай дәлелденгені анық болған соң оны серіктері «үмітсіз шайтанға» балады да, мүлдем ұмытты. Тым болмағанда әлгі «шайтанмен ауыз жаласуға» дайындарының өзі оның есімін есіне де алған жоқ.

Ал, Козловтың жөні бір бөлек. Әбілазовпен арадағы алтын жіп – Козлов кетсе бұлардың күні не болмақ? Қазірдің өзінде жалақылары төленбей, табыстары төмендеп, күні кеше ғана ырғын ақшаның ішінде ызғын-шу болып, әулекілетіп жүрген алтын ғасырлары көзден бұл-бұл ұшып тұрған жоқ па?

Олай болса соңғы кездегі үнсіздіктерін «ақшасы төленбесе ешкімді қорғаудың мәні жоқ екенін» түсіне бастағандығы деп білеміз бе? Әбден мүмкін.

2