"Тағдырымның жанары..."

Габиден Мустафин 2012 M07 8
678
0
4
0

Жақында теледидардан Нұрмұхаммед Әбілқасымов туралы сюжет көрдім. Кейін ғаламтордан сол кісі туралы оқып, шығармашылығымен таныстым. Басына түскен қиындықтарға қарамастан үлкен ерлік жасап жүрген...

Жақында теледидардан Нұрмұхаммед Әбілқасымов туралы сюжет көрдім. Кейін ғаламтордан сол кісі туралы оқып, шығармашылығымен таныстым. Басына түскен қиындықтарға қарамастан үлкен ерлік жасап жүрген ақынның туындыларымен танысу тұрарлық іс екен...

"Нұрмұхаммед Қанатбекұлы Әбілқасымов 1978 жылы 19 желтоқсанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында дүниеге келген. Жасынан төсекке таңылып, науқастанған ол тағдырына мойымай, өнер жолында келеді. Қаламды аузына тістеп, ұялы телефонның нүктелерін басып өлең жазады және осы әдіспен сурет те сала біледі. Сондай-ақ  дойбы мен шахматты шебер ойнайды, бірнеше рет аудандық жарыстардың жеңімпазы болған. Мектепке бармаса да көкірегі күмбірлеп тұрған Нұрмұхаммед білмекке құштар, білімі де ешкімнен кем емес. Сонымен қатар "Тағдырымның жанары" атты кітабы шықты, жеке шығармашылық кеші де өтті. Бұл блогта сіздер Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың шығармашылығымен жақын таныса аласыздар. Қош келдіңіздер!"

"Қиындық, сынамаққа маған келген,

Кім бар екен, бұл жауды оңай жеңген.

Айқаспай-ақ ұтылсам  атыма ұят,

Айналамда қалың жұрт, мына елден.

Кел, қиындық, екеуміз айқасайық!

Тәуекел деп, белбеуді  шештім белден."

Н. Әбілқасымов

Оцените пост

4
Дальше