Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:57, 16 января 2010

Баспа дизайны мен вебдизайн

Blog post image

Баспа дизайны мен вебдизайннан аз-кем түсінгенім

Алдымен баспа дизайнына тоқталайын. Баспа дегеннен-ақ оның газет, журналға қатысы барын түсіну қиын емес шығар. Жалпы, әр мамандықтың өзінің қыр-сыры бар. Ал газет, журнал шығарумен айналысатын жеке кәсіпкерлер, яғни редакторлар оның өтімділігіне басты назар аударады. Неғұрлым ол өтімді болса, ол редакция ұжымына да пайда әкелмек. Ал журнал өтімді болу үшін оның дизайнына көңіл аудару керек. Тақырыпты айқайлатып қойып, оқырманды тартатындай болуы, суреттерді ұтымды пайдалану қажет!!!

Ал, жаңа медиа мен дәстүрлі медианы пайдаланбас үшін ойланыңыз!!! Әрине, мүмкіншілікке қараймыз. Десек те, дәстүрлі дизайннан не теледидар қарап, не радио тыңдап, немесе тек газет оқи алсаңыз, жаңа медиада мұның барлығын бір уақытта істеуге болады. Осыдан кейін таңдау өзіңізде!

Web1, Web2 дегеннің не екенін білесіз бе? Білмесеңіз, қысқаша ақпарат бере кетейін, Web1-ден билік өкілдеріне қатысты ақпарат алып, өз ойыңызды еркін білдіруге мүмкіндік болмаса, Web2-де сол мүмкіндікті пайдалана біліңіз!

0
3111
2