Тікелей эфир

«Би - өмірім...»

... дейді Бауыржан биші. Ер азаматтың есіміне «биші» деген сөзді тіркеп қойған біртүрлі болып көрінер, бірақ Бауыржан биді жанына егіз еткеніне тура 13 жыл болыпты. Жасы 17-де. Яғни, бар-жоғы 4 жасынан бастап биге қатысқан. Айтпақшы, студент атанғанына да көп болған жоқ. Мамандығы қандай дейсіз бе? Өнерге еш қатысы жоқ. «Жігітке жетпіс өнер де аз» деген атам, Бауыржан бүгінде математик мамандығы бойынша білім алуда.


Танысып қояйық

Шәкиев Бауыржан Болатұлы Қарағандының тумасы. Осында өсіп, осында ер жеткен, әлі де ер жетіп келеді. №81 орта мектепті ойдағыдай бітіріп, қазір Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде математика факультетінің I курсында оқиды. Студенттік өмір қалай екен, ұнап жатыр ма деп қызығушылық танытқан болғанбыз, қысқа әрі нұсқа «иә» деп қана жауап берді. Соған қарағанда өз ісінің маманы, аз сөйлеп, көп ойлайтын адам ба деп қалды бір ойымыз.

Бауыржан бидің қандай түрімен айналысатынын айтпаппыз ғой. Олай болса, біздің Бәкең кезінде баяу ғана тербетіле билейтін еуропалық би түрімен де, аяқтарын жылдам-жылдам басып, бастарын жан-жаққа бұрғыштап, шапшаң қимылдайтын латын-америка билерімен де айналысқан. Уақыт өте келе соңғысын таңдайды.

Тақырып тұздық ретінде

«Спорттық бал билері» деген ұғым бар. Ол нағыз эстетикалық және сәнді спорт түріне жатады. Спортқа жатқызатын да себебі бар - би де көп энергияны, күшті, табанды жаттығуды қажет етеді. Спорттық бал билері екі топқа бөлінеді, оған еуропалық билер (стандарт) мен латын-америка билері жатады. Еуропалық билер билегенде: жігіттер фрак, ал қыздар ұзын көйлек киеді. Би түрлері: Баяу вальс, Вена вальсі, Баяу факстрот (квикстеп), Жылдам факстрот, Танго. Ал, латын-америкада жігіттер жейде мен лосины, қыздар жеңіл, ашық көйлектер киеді. Би түрлері: Ча-ча-ча, Самба, Румба, Джайв пен Пасодобль. Спорттық билер бойынша жарыс осы екеуі  бойынша өткізіледі.

Кездейсоқтық емес

Биге мақсатты түрде келді. Оны Бауыржанның анасы Баян былай деп есіне алады: «Өзім жас кезінде биледім. Мәнерлеп сырғанауды қатты ұнаттым. Сондықтан жас кезімде жиі айтатынмын: не қызым, не ұлым болса, биге немесе мәнерлеп сырғанауға берем деп. Бауыржаным төрт жасқа толғанда би клубтары туралы мәліметтер жинап, сұрастырып жүрдім. Туған күнінде құрбым телефон шалып, қызы екеуін биге берейік деген ұсыныс жасады. Қуана келістім. Тағы бір айтатын жайт бар. Осыған дейін барлық киім-кешегін, жол ақысын өзіміз көтеріп келеміз. Бұрын кішкентай болғанда, оңайырақ болатын. Қазір бір костюмінің бір бөлшегі бәленбей ақша тұрады. Сонда да көмек сұрағанымыз жоқ. Демеушіміз жоқ. Неге өнер академиясына түспеді  дейсіз бе (күліп)? Өйткені бұл тестке дайындалып жүргенде, аяғым ауырды, бірнеше операциялар жасалды. Содан балам: «мама, мен сенің қасында боламын» - деп шешім қабылдады. Әлі де өнер академиясына түсуге ойы бар. Енді оны уақыт көрсетеді». 4 жасында Бауыржанды «ЭлиТА» би клубына Әлия Түсіпбекованың жетекшілігіне береді. Ол кеткеннен соң, 7 жасынан бастап «Аида» би клубына Кимлач Иван Николаевичтің сыныбына қабылданады. Бүгінгі күнге дейін Кимлачтың қарамағында.

Бидің өмірінде алатын орны жайлы сұрағанда созбалақтап, қызыл сөзге салғысы жоқ биші бала ағынан жарылды: «Таңдау жасадым, өйткені ұнады. Бисіз өмір сүре алмаймын. Биге 2-3 күн бармасам болды, ауыра бастаймын. Әрине, үйде де билеп жүремін. Арманым - хореограф болу, биден жаттықтырушы болу, өз алдыма жеке клуб ашу. Биден ешқашан қол үзіп кетпеймін».

Маңдай термен келген марапаттар

Бисіз бір күнім жоқ дейтін Бауыржаннан «қандай жетістіктерге жеттің?» деп сұрағанымыз сол екен, бірінен соң бірін тізбектеп кете берді. «Бұлар тек ірі жеңістерім ғана», - деп жымиып та қойды. (Сонда аталмай қалғандары қанша екен...). «Ірі жеңістерінің» ұзын ырғасы төмендегідей болып шықты:

1999 жылы Ташкент, халықаралық турнир, 1-орын

2004 жылы Петропавл, халықаралық ашық біріншілік, 1-орын

2005 жылы Теміртау, биден ҚР чемпионаты, «Қазақстан чемипион» атағы және «2005 жылдың үздік бишісі» атағына ие болды.

2006 жылы Екатеринбург, халықаралық чемпионат, 92 жұптың арасынан 9-орын

2010 жылы Астанада WDC нұсқасы бойынша Қазақстан чемпионаты, күміс жүлдегер

2010 жылы Санкт-Петербург, халықаралық би чемпионаты, 16 жұп қатысты, 1- орын

2010 жылы Тараз, спартакиада, Қарағанды 1-орын, өзі 2 бағдарлама бойынша (еуропалық, латын-америкалық) 2-орын

2011 жылы Тараз, универсиада, еліміздің барлық облыстары қатысқанда, Қарағанды командалық есеп бойынша 3-орын.

Қосарымыз және бар. Бауыржан Болатұлы 2009 жылы биден спорт шебері атағын қорғаған. Жер-жерде жеткен жеңістерін айтып жатқанда, анасы сөзге араласып: «Маңғыстаудан басқа Қазақстанның түгел облыстарын аралап шықты ұлым. Шетелге де шығуға болады. Қаражат жоқ оған...», - дейді.

Жұбы туралы

Әрине, мұндай марапаттар тек Бауыржанға ғана емес, қасындағы жұбына да тиесілі. Өйткені олар «биік шыңға екеулеп шықты». Жұптары туралы сұрадық. Бауыржан: «Осыған дейін 5 жұп болды. Алғашқысы – Аягөз. Ал, Алина Цыганковамен чемпион болдым (Теміртауда). Осы сәт есімнен кетпейді. Билеп болдық. Бәріміз мазасызданып нәтижесін күтіп тұрмыз. Алматыдан бір қарсыласым болды. Әрине, финалға өтетінімді білдім. Сонда да чемпион болам деген ойымда жоқ. Жаттықтырушым келе жатыр. Жүзінде не қуаныш, не көңілсіздік белгісі жоқ. Сосын маған жақындады да: «Сені құттықтауыма болады», - деді. Сол кезде жеңгенімізді білдік.

Қазіргі жұбым Олеся Антощук, №93 орта мектептің 9-сыныбында оқиды. Мұнымен 2007 жылдан бастап билеп келемін. Негізі 2005-2006 жылдары Қарағанды Қазақстан бойынша биден өте мықты болатын. Ал, қазір Алматымен үзеңгілес келеді. Өйткені біздегі мықты жаттықтырушылар Астанаға, басқа жаққа кетіп қалды». (Ойға батып кетті осы сәтте).

Ағынан жарылу

Бауыржанның мінезі қандай дедім бір кезде. «Мінезі ашық, бауырмал, «атылатыны бар», бірақ кек сақтамайды», - күлді  анасы, әрі мақтаныш, әрі зілсіз әзілмен. «Өнердегі қолдаушым - анам», - деді  Бауыржан басын көтеріп. «Маған бастысы – қазылардың бағасы емес, анамның айтқаны. Ол маған бас қазы, бас төреші. Анама ұнаса болды, демек жақсы билегенім».

Кеше

Анасы: «Кішкентай күнінен биге өзім апарып жүрдім. Жарысқа қатысқанда көрермен болып, залда отырған жоқпын. Шымылдықтың әр жағында қарап тұратынмын. Сосын ол маған қарайды. Бас бармағымды көрсетем. Одан сайын қуанып билеп ала жөнеледі. Мен бір жаққа шығып кетсем, соңымнан «мама!» деп айғайлайтын іздеп. Сосын жаттықтырушысы маған  ешқайда кетпей, осында отырыңызшы дейтін. Биге қатысқан күннен кейін, тура 8 айдан соң жарысқа қатысты, ол кезде жарыс Нүркен Әбдіров атындағы спорт сарайында өтті. Бірінші орын алды».


Бүгінгі күні

Бауыржан: «Күнде-күнде жаттығуға барамын. Жаттықтырушымен 1,5-2 сағаттай дайындаламыз, одан кейін өзіміз тағы қосымша дайындаламыз. Алда Петропавлда жарыс. Би үйретушісі бол деген ұсыныс түсті. Тек сабағыма кедергі келтіргім келмейді».

P.S. Сөз соңында кейіпкерден жеңіске жетудің сырын сұрадық. Ал, Бауыржан үшін оның ешқандай құпиялылығы жоқ екен. Бастысы – жаттығу дейді. Сонымен, жеңіске жетудің формуласы: табанды жаттығу, жаттығу, тағы да жаттығу.

Гүлсаян Ыбырай, Қарағанды

Алия Arsik
5 қараша 2012, 16:17
10287

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Әсерлі жазба екен! Қазақтың осындай жігіттерін көргенде қуанып қаласың! Кеудең мақтанышқа толады! Жарайсың, Бауыржан, ісің алға бассың, биік шыңдардан көрін! Ал, авторға айтарым, жарайсыз!!!! І/н: Жансая!
GULI93
1
0
"Сегіз қырлы бір сырлы" осындай талантты қазақтың жігіттеріне не жетсін))

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38402
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
вчера / 14:43
  • 7882
  • 69
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 1739
  • 2
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2376
  • 5
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1379
  • 0
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1340
  • 6