Эйфманның Каренинасы

1655
2
0
9

Балет — психологиялық драманы жеткізудің ерекше амалы болумен қатар, адамның сана-сезіміне енудің де бір тәсілі. «Анна Каренина» романы мені қашанда қызықтыратын. Өйткені Толстойдың қай туындысын алы

«Балет — психологиялық драманы жеткізудің ерекше амалы болумен қатар, адамның сана-сезіміне енудің де бір тәсілі.

«Анна Каренина» романы мені қашанда қызықтыратын. Өйткені Толстойдың қай туындысын алып қарасаң да, ол кейіпкерлерінің психологиясын, жандүниесін түсіне отырып жазатындығын сезінесіз. Әрі осы сезімталдық арқылы бұл романда Ресейдің сол кезеңдегі келбетін көрсетудегі айқындығына тәнті боласың.

«Анна Каренина» романында Аннаның психикалық әлемі ғана емес, оның тұлға ретінде психоэротикалық келбетінің өзі нақты көрсетіледі.

Осы романдағыдай үлкен құштарлық, метаморфозалар мен фантасмагорияні тіпті бүгінгі күннің әдебиетінен де кездестіруіңіз екіталай. Осының барлығы менің хореографиялық ойлауыма негіз болды.

Карениндердің белгіленген бірыңғай жүйемен өмір сүрулері сыртқы көзге татту-тәтті өмір сүретін, идеалды отбасының иллюзиясын қалыптастырған болатын.

Ал Аннаның Вронскийге деген құштарлығы әдеттегі жүйені бұзды. Әрі қос ғашықтың бір-біріне деген ынтықтығын ашық көрсетулері қорқынышты еді... Өйткені ол тіпті Аннаның өзіне жұбайы мен баласының алдындағы міндетін ұмыттырып жіберді. Ол аналық міндетін құштарлыққа айырбастады десе де болады.

Аннаның ішінде екі адам өмір сүреді. Сырттай Каренинге, ұлына, елге белгілі ақсүйек әйел болса, іштей құштарлық әлеміне еніп кеткен әйел.

«Жұртшылық алдында қалыптасқан келбетін, өздері жасаған иллюзияны сақтап қалудан, шынайы құштарлыққа беріліп кету маңыздырақ болды ма?», «Кішкентай баланы тән құштарлығы үшін ана мейірімнен айыруға құқымыз бар ма?» — осындай сұрақтар кезінде Толстойға маза бермеген еді. Ол сұрақтардан бүгінгі күні біз де аттап кете алмаймыз. Алайда олар қанша уақыт бойы адамзатты мазалап келсе де, оған әлі жауап жоқ».

Түпнұсқа

Балетмейстер Борис Эйфманның бұл балетке деген махаббаты ерекше екеніy оның сөзінен де, ісінен де байқауға болады. Осы жолы Аннаның рөлін атақты балерина Сәуле Рахмедова ойнап шықты.

Сәуле Рахмедова, балерина:
— Бұл балетті жай билей салумен салыстыруға келмейтін қойылым. Өйткені мұнда хореография өзге, әрі қиын. Сонымен қатар, іс-қимыл да өзгеше. Бірақ мұндай қиын рөлдер әртіс үшін тағдыр сыйы деп айтса болады. Себебі рөлге ену барысында оған кіріп кеткендігің соншалық, оны күні бойы ойлап жүру рөлдің, қойылымның саған әсер еткендігін білдіреді. Дәл осы «Анна Каренина» балетінде бимен қоса сенің актерлік шеберлігің аса бағаланды. Әрі билеп жүріп, ойнап жүріп, қойылымның мәнін көрерменге жеткізе білуің керек еді.

Борис Эйфман, қоюшы-балетмейстер:
— Мен бұл қойылымды әлемнің көптеген елдерінде қойғанмын. Барлық жерде кездесетін басты қиындық — актердің аз уақыт ішінде жаңа стильмен танысып, техникасын толық меңгеріп алуы. Әрине, бұл жолы да алматылық труппа қалай ойнап шығады екен деп уайымдадым. Бірақ, менің ойымша, олар керемет ойнап шықты.

Хореография: Б. Эйфман 
Музыка: П. И. Чайковский 
Декорациялар: Зиновий Марголин 
Костюмдер: Слава Окунев 
Шам: Глеб Фиштинский

Қазақстандағы премьерасы: 18 маусым 2011 жыл.

Ad

Rate post

9

Comments

Login to comment