"Достық" жазғы жастар лагері

Tumanbayeva 2012 M07 1
4433
5
10
0

Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Орал» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «НИВА» спорттық-сауықтыру кешенінде 2012 жылдың 28-30 маусым аралығында...

Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Орал» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «НИВА» спорттық-сауықтыру кешенінде 2012 жылдың 28-30 маусым аралығында алғаш рет аймақтың жастар ұйымдары мен студент-жастарының басын бір арнаға тоғыстыратын «Достық» жазғы жастар лагері өтті.

Лагердің басты мақсаты: Қазақстан Республикасы  мемлекеттік Рәміздерінің 20 жылдығына жастар атынан үлес қосу, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын насихаттау, мемлекеттік жастар саясатына бағытталған бағдарламалар мен бастамаларды жастар арасында кеңінен насихаттау, жастар ұйымдарының ынтымақтастық бағытындағы тиімді бастамаларын анықтау және қолдау көрсету, жастардың шығармашылық идеяларын жетілдіру, жастар ұйымдары арасындағы тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету.

«Достық» жазғы жастар лагеріне облысымыздың 12 ауданы, қаламыздың жоғарғы және арнаулы оқу орындарының жастар ісі жөніндегі жетекшілері мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымы,  жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері қатысты.

Үшкүндік  лагердің алғашқы күні салтанатты ашылудан басталып, лагерь бағдарламасымен жалғасты. Лагерь барысында қатысушы делегаттарды алдын ала төрт  топқа бөліп, әрқайсысына топтық тапсырмалар берілді.Төрт топқа бөлінген  командалар лагерь бойына әртүрлі бағытта жарысып, семинарларға қатысты.

«Дін және жастар» тақырыбында БҚО қазіргі таңдағы діни ахуалды түсіндірсе, «Әлеуметтік желідегі әлеуметтік жобаларда» әлеуметтік желінің маңыздылығы айтылып, пайдасы дәлелденді. «Жастар ұйымдары қызмет практикасы: мәселелер мен перспективалары» тақырыбындағы әдістемелік құралының тұсаукесері болып, автордың әдістемелік құралдары таратылды. Сондай-ақ, көпшіліктің жүрегінен орын таба білген «Жаужүрек мың бала» фильмі көрсетіліп,жастардың қошыметіне  ие болды.

«Болашақ бүгіннен басталады» республикалық акция барысында қатысушы топтар арасынла спорттық шаралардан жарыс өтті. Футбол мен волейболдан дес бермеген «Жалын» командасы лаегрь чеспиондары атанды. Креативті алаң барысында төрт топ өз намыстарын қорғап, жобаларын ұсынып, оны қызу талқыға салды. Әр сайыстан жарысқан командалар салтанатты кешкі аста лагерь сертификатымен марапатталып, лагерь жеңімпаздарына арнайы кубоктар табыс етіліп, би кешімен жалғасты.

Оцените пост

10

Комментарии

0
dostuk lageri ote keremet otty 3 kun bolsada jastardun boiuna.oiuna bereri kop boldu kanwa top bolip bolinsekte osu dostuk lagerunde birligumuz jarasup mangu dostugumuz jarasadu degum keledi Askerlerge min algus alide alar asular aldagu uakitta biuk bolsin jumistaruna jemis tyleim..........
0
АСК молодцы!!!Бари де керемет болды!Соз жок!
0
Қазақ әріптері құрып қалды ма? Айимкулъ Исмфуратофа ханум.
0
Жарайсыздар!!!
Показать комментарии