Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
05:49, 29 июня 2012

Expo2017: елес пе, белес пе?

Blog post image

12 маусымда Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) 151-ші Бас ассамблеясында Қазақстан ЕXPO-2017 көрмесін өткізу құқығына үміткер ретінде өзінің кезекті тұсаукесерін сәтті өткізді. Маңызды шешім қабылданар сәтті бірқадам жақындатқан сапар туралы ҚР ЭДСМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар ҚАЗЫБАЕВ әңгімелеп берді.

– Халықаралық көрме бюросының 151-ші Бас ассамблеясының жиынынан кейін әлемдік қауымдастықтың Қазақстанға ықыласы ауып келе ме?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының атынан ассамблея делегаттарына бейнежолдау арқылы көрмені Астана қаласында өткізетін болса, бұл бүкіл Орталық Азия кеңістігіндегі және ТМД мемлекеттері аумағындағы алғашқы көрме болатындығын, осылайша көрменің шекарасы кеңейетіндігін атап айтты. Шешім 2012 жылдың соңында Халықаралық Көрмелер Бюросына мүше 160 елдің жасырын дауыс беруі жолымен шығарылмақ.

ХКБ-ның бас-штабында көрме павильоны таныстырылды. Павильон жобасының авторы кім? Несімен ерекшеленеді?

ЕХРО-2017 Астанада өтер болса, 100 гектар аумаққа 97 павильоннан тұратын қалашық салынады. Ол үшін қаланың оңтүстік-шығысындағы гольф клуб, Шәмші Қалдаяқов көшесі, К-1 айналма жолының қиылысынан жер бөлінді. Жоба бойынша көрме қалашығы 4 тақырыптық павильонға бөлінеді. Олар – Өмір, Әлем, Ғарыш және Сана. Қазірдің өзінде болашақ EXPO нысандарын тиімді пайдаланудың жоспары дайын. Бұл жерде технологиялық жетістіктер паркі болмақ.

–Жалпы дүниежүзілік көрме өткізу елдің экономикасы мен туризмін дамытуға қаншалықты пайда келтіреді?

– EXPO-2017 көрмесі үш айға, яғни 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін созылады. Көрмеге әлемнің 100-ге тарта елі мен 10 халықаралық ұйым қатысады. Біз көрмеге 1 млн аса адам келеді деп болжап отырмыз, ал 5 млн адам дегеніміз – бұл көрмеге бірнеше рет келіп-кетушілердің саны ғой. Қазақстанның халықаралық деңгейде танылуына, экономикалық және инфрақұрылымдық жағынан дамуына бұл шара кәдімгідей ықпал етеді. Сәйкесінше, саяхатшылар мен көрмеге қатысушыларға қызмет көрсететін туризм сервисі дамиды. Өйткені, келушілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудармашылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет. Яғни, бұл – қосымша жұмыс орны, табыс табу мүмкіндігі.

"Астана" журналына жарияланды

1
1500
3