• 58673
  • 93
  • 14
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Елбасына рахмет!!!

Басшысын сыйлаған ел қор болмайды. Дегенмен, сыйлау деген сөздің мәні көпшік қою, жағымпаздану, асыра мақтаумен өлшенбесе керек. Қаншама мекеме басшыларымен сұхбаттастым. Бәрі «Елбасының сындарлы, салиқалы саясатынан» бастап, президент туралы бір жылы пікір айтып қалуға асығады. Құдды бір, отырған орнын таяу арада біреу тартып алатындай...

Мемлекеттік басылымдардың барлығы жазу емлесіне қайшы елбасы, президент деген сөздерді бас әріппен жазып жүр. Осыдан президенттің мәртебесі артып, абыройы асқақтап кетеді дей алмаймыз. Халық «Ақ патшам» деп ардақтаған елбасымыз мақтауға мұқтаж дегенге де сену қиын. Ендеше, көпіртіп мақтап, әсіре пайғамбарлыққа көтеріп жіберетініміз қай сасқандығымыз?!

Президентті мақтамау оның дәрежесін түсіру емес. Бірақ, біздің қоғамда мақтауға лайық мемлекет басшысы ғана емес екендігін де мойындайтын уақыт жетті ғой. Ал, біздің газет те, телеарналар да жыл бойы президенттің Жолдауын талқылаумен уақыт өткізеді. Ғалымның хаты, жазушының шығармасы ешкімді де қызықтырмайды бүгін. Қаламы қарулы, жазуы шымыр, ойы орамды, жазудан қалқан тұрғызған қаншама жазушыларымыз басылым беттерінде назын білдіріп, айқайға басқанмен, президенттің қабылдауына барғанда әлемді шарлап келгендей төрт құбыласы тең кейіп танытады. Егер аузы дуалы жазушы халықтың мұң-мұқтажын айтып, мәселе көтерсе, ұсыныс жасаса, тілін кесіп алмайтын шығар?!

Бізде егіні бітік шыққан да, қойы қозылаған да, әйелі ұл туған да «Елбасына рахмет!» дейтіні қалай? Не болмаса, жұмыстан қуылған, тестілеуден төмен ұпай жинаған да, тісі ауырып, тірлігі оңға баспаған да сәтсіздігін елбасынан іздейтіні тым күлкілі. Егер елде тыныштық орнап, халықтың көйлегі көк, тамағы тоқ болса, ол – президенттің азаматтық борышы. Ал, халық ашынып, бала шошынып жатса, ол да елбасының тікелей кінәсі емес.

Президент қандай дәрежеге жетсе, ол ең алдымен халқының арқасында. Ал, мемлекеттің ұстанған бағыты оң болса, оған президент пен биліктегі тереңнен ойлайтын азаматтардың қосқан үлесі зор. Президентке мемлекет билігінің тұтқасын ұстатқан халық. Сондықтан, сол халық басшысын тек мақтаумен семіртпей, қамшылап отырғаны дұрыс деп ойлаймын.

Біздің президент жәй ғана мемлекет тізгінін ұстаған басшы ғана емес, әлемде салмағы бар саясаткер, тұлғаға айналған азамат деп есептеген жөн болар. Мен үшін тұлға мақтауға жерік болу, атқарған еңбегі үшін халықтан сый күтетін пендешілік кейіптен биік болуы тиіс. Солай деп те ойлаймын.

P.S Жақында «Қазақстан» телеарнасында бір жігіт жылыжайдағы өнімдерінің өнімді болғанын айта келіп, келсін-келмесін «Елбасына рахмет» деді. Ауылдағы бір ағамыз ҰБТ-дан төмен көрсеткіш жинағанын қызының білімсіздігін емес, елбасының саясатының әлсіздігінен алға тартады. Бұл үлкен қателік болса керек.

29 июня 2012, 18:43
3472

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 қаз. 2017 / 20:38
  • 8332
  • 78
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 қаз. 2017 / 22:34
  • 5720
  • 22
«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

Чат дагестанских родителей в WhatsApp стал популярным в Интернете. Кто-то записал общение родителей в мессенджере и после опубликовал в Твиттере.
tala03
12 қаз. 2017 / 15:10
  • 3194
  • 12
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 қаз. 2017 / 15:46
  • 3146
  • 12
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 қаз. 2017 / 22:29
Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Рядом с посёлком Актогай в ВКО расположено одно из крупнейших в мире неосвоенных медных месторождений. В октябре Актогайская обогатительная фабрика вышла на проектную мощность.
theYakov
12 қаз. 2017 / 10:47
  • 3118
  • 23
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 қаз. 2017 / 11:32
  • 2391
  • 29
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 қаз. 2017 / 15:15
«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

Зачастую казахские селебрити выходя в свет, привлекают внимание и обьективы камер только к своей персоне, оставляя свои вторые половинки в тени неизвестности.
gulshat87
13 қаз. 2017 / 17:56
  • 1798
  • 6