• 29794
  • 20
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ХХ-шы ғасырдың Гомеріатанған Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 150 жылдығын атап өту Астанадан бастау алды Гомер деген кім осы?

Ол – күллі жаһанға жауһар жырларымен даңқы жайылған адам. 
Ол – бір ғана Гомер есімімен өзінің ұлтын жер бетінде қыбырлап жүрген барша адамзаттың рухани көшбасшысы ретінде танытқан және соны күллі адам баласының санасына мәңгіге сіңіріп кеткен адам. Жаһанның әдебиет оқулығы Гомер есімімен басталды. Гомерді білмейтін адам – адамзат жасаған рухани байлықтан мақұрым қалған адам болып есептеледі.

Ал сондай дәрежедегі ұлылардың ұлысы болып есептелетін Гомерге теңеп отырған біздің Мұрын жырау бабамыз ше? Оның есімін ұлттық әдебиетіміздің айналасында жүрген аз ғана шоғыр және Маңғыстау, Атырау өңірінің адамдарынан басқа жан білмейді, білгендері көп жыршының бірі деп қана қарайды. Бұдан асқан бейқамдық болар ма? Небір данышпандық пен ұлылық та біздің қазақтан шығады, адам айтса сенгісіз салғырттық та біздің қазақтан шығып жатыр.
Бұған кім кінәлі өзі?
Бұған 60-шы жылдан бері-қарайғы ұрпақ – түгел кінәліміз!
Кінәмізді мойындай отырып, 40-шы жылғы қырғынның ортасында майданнан күн сайын келіп жатқан және соғыс біткенше әлі де келе беретін қара қағаздардан қара жерге кіріп кетердей болып аза тұтып отырса да, күллі түркі жұртының құрдымға кетуге айналған шексіз байлығын жанұшыра құтқаруға ұмтылған академик Қаныш Сәтпаевтың және сол кездегі ҚССР Халық Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы Нұртас Оңдасыновтың тарихи ерлік жасағандарына бүгін таңдай қағудамыз.
1944 жылы Ташкент қаласында өткен Орта Азияның түркі тілдес халықтарының фольклоры туралы Бүкілодақтық ғылыми-теориялық конференцияда Мұрын жырлаған «Қырымның қырық батыры» эпосының дүниежүзілік маңыздылығы айрықша аталыпты. Кезінде академик Нығымет Сауранбаев «Әлем әдебиетінде көлемі жағынан «Қырық батыр» эпосына тең келетін туынды жоқтың қасы. Оны бастан-аяқ жырлап шығу үшін 45 тәулік қажет. Осы асыл мұраны бізге бұзбай-сызбай жеткізген Мұрын жыраудың ерлігі өлшеусіз» деп жазып кетіпті. Бірақ сол айтылғандардың тереңін ұғынып, бұл жырды әлемдік деңгейге алып шығу мәселесі ешқашан күн тәртібіне қойылған емес.

Тіпті ол – ол ғой. Тәуелсіздік алып, ес жидық деген кезде де біз күні бүгінге дейін Мұрын жыраудың бар екендігіне республикалық деңгейде назар аударып көргеніміз жоқ. Рас, Маңғыстау облысы Мұрын жыраудың 130 жылдығын да, 140 жылдығын да шама-шарқынша атап өтіп жатады. Оның мұрасын зерттеушілер де бар, бірақ олардың еңбектеріне тек соны жазған зерттеушінің ғана дүниесі сияқты қарағандығымыз да қызық.
«Қазақ әлемі» атты кітабында: «Неге, қазақтың ең бай циклды қыса-дастандары «Қырымның қырық батыры» немесе «Ноғайлы жырлары» деп аталады? Неге дүниежүзілік үрдісте «Латын Америкасының әдебиеті», «Африка өнері», «Еуропа мәдениеті» деген эстетикалық категориялар бар да, «Ноғайлы жырлары» деп аты айқай салып тұрған күллі түркіге ортақ мұрамыз сол категориялар қатарына енгізілмей келеді?» деп, «неге? неге?» деумен қазақтың бір туар ұлы Ақселеу Сейдімбек те күні кеше дүниеден өтті. Бұл алаңдаушылық пікірін А.Сейдімбек 1995 жылы айтты. Ешкім селт етпеді. Бұл туралы қыршын кеткен дарын Серікбол Қондыбай көлемді зерттеу еңбегін жазып, тағы да мемлекеттік деңгейде назар аудармаққа күш салды. Қозғалыс болмады.
Дегенмен ұлы мұраның жай-күйі талайға тыныштық таптырмай келгені рас еді. Біз шыдамы таусылған кездегі жанайқайын бейнелегенде «ақыры жарылды» дейміз, яғни, бұл – жандүниені қопара, айналасын дүр сілкіндіру. Мұрын жырау мұрасына қатысты осындай жанайқайы ақыры ҚР Парламенті Мәжілісін дүр сілкіндірді.
Облыс әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің Мұрын Жыраудың 150 жылдығын республикалық деңгейде атап өту жөніндегі ұсынысын аманатқа алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Сейтмағанбетова рухани байлықты аман сақтап қалу және оны әлемге таныту мәселесінің майданында үлкен серпіліс тудырып, ерлік жасады десек болар.
Ерлік дейтінім, қазіргі кез – жаһандану заманында әрбір ұлт өзін жаһандық процеске жұтылып кетпеудің амалдарын жанталаса іздеп, болар-болмас бірдеңелерін қомпайтып, рухани жағынан жан сақтаудың амалына кірісіп кеткен кез. Әрине, біздің мемлекет те кірісіп жатыр, бірақ «Қырымның қырық батыры» атқа қонбайынша, әлемді рухани мұраларымызбен таңқалдыруымыз екі талай. Сол «екі талайлықты» сезініп, депутат Г.Сейтмағанбетова бастап, бұл пікірді Мәжіліс депутаттары А.Смайыл, З.Алшымбаев, С.Оспанов, Б.Тілеухан қостап, ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовке 2009 жылдың 24-ші маусымында депутаттық сауал жолдады.
Сауалда былай делінген: «Жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған, табиғатынан шексіз есте сақтау қабілетіне ие болған талантты жыршы, 18 жасынан бастап «Қырымның қырық батырын» ұзақ жылдар жырлаған, жырлай жүріп Бұқара мен Хиуаның, Әмудария мен Сырдарияның, Каспий теңізінің оңтүстігі мен Қара теңіз төңірегін мекендеген сан-мың халықтың бай мұрасын жадында сақтап келіп, бүгінгі ұрпаққа аман-есен жеткізген Мұрын жыраудың туғанына биыл 150 жыл толады. ... «Қырымның қырық батыры» жырлары 14-17 ғасырлардағы халық ауыз әдебиетінің құнды жәдігері болып табылады. ...1944 жылы Ташкент қаласында өткен Орта Азияның түркі тілдес халықтарының фольклоры туралы Бүкілодақтық ғылыми-теориялық конференцияда Мұрын жырлаған «Қырымның қырық батыры» эпосының дүниежүзілік маңыздылығы айрықша айтылды. ...Алайда телегей мол қазынаны сан жылдар бойы сақтап, жүйелі орындап, келешек ұрпаққа табыс еткен Мұрын жыраудың өзі де, оның мұралары да елімізде өзіне лайықты орынын әлі алған жоқ.
...Сондықтан Мұрын жырау туралы деректі фильм түсіру, оның өмірі мен өнер жолдарының ізімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында экспедиция ұйымдастыру, ...жырды басқа тілдерге аударып, қағаз және электронды варианттарын шығару жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныс бар.
Сонымен қатар Мұрын жыраудың 150 жылдығына орай бүкіл түркі тілдес халықтардың ғалымдары мен зерттеушілерін шақыра отырып, халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйым-дастырылса дұрыс болар еді. Ал алдағы уақытта жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мұрын жырау мұраларын үздік-сіз білім беру жүйесінің барлық сатысын-дағы мекемелердің, тиісті оқу орындарының оқу бағдарламаларына енгізу мәселесін қарастыру керек деп ойлаймыз.
Депутаттық сауалымызды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама-ларында көзделген тәртіппен қарауыңызды және жазбаша жауап қайтаруыңызды сұраймыз.»
Бұл сауалға Үкімет тарапынан ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімов қол қойған жауап келді. Жауапта депутаттық сауалда көтерілген мәселенің аса маңызды екендігі және осы мәселеге орай айтылған ұсыныстардың барлығын да жүзеге асыру мақсатында тиісті министрліктер мен мекемелерге тапсырма берілгендігі айтылған. Астана қаласында 7-ші қазан күні өткен Мұрын жыраудың 150 жылдығына арналған республикалық «Жыраулық дәстүр жауһарлары» атты ғылыми-практикалық конференция сол депутаттық сауалдың және сауалға жауаптың нәтижесі.
Конференция жақсы өтті.
Жақсы дейтінім, мұнда өте маңызды ұсыныстар айтылды. Бұл шараны жүзеге асырған ҚР Мәдениет министрлігінің Тілдер комитеті конференцияға бірталай ғалымдарды, ақын-жазушыларды, жыршыларды шақырыпты. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Жауынбай Қараев, тарихшы-саясаткер, академик Өмірзақ Озғанбаев, филология ғылымдарының докторы Бибіайша Нұрдәулетова, профессорлар Жұмат Тілепов, Серік Негимов, ғалым Серікқазы Қорабаев, жазушылар Төлен Әбдіков, Әкім Тарази, Әнес Сарай, Роза Мұқанова, жыршылар Амандық Көмеков, Тұрлан Бейсенбаев, Жетес Жәмеков, Баянғали Әлімжанов қатысты.
Конференцияны ашқан және жүргізіп отырған ҚР Мәдениет министрлігі Тілдер комитетінің төрағасы Ербол Шәймерденов қырғыз халқының «миллиард туған ел бар, бірақ «Манасты» туған кім бар?» деген сөзімен бастап, Мұрын жырау мұрасының кешегісі мен ертеңі туралы жақсы сөз сөйледі.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Әкім Тарази «Осындай жиынға шақырғандарың үшін алғысымды айтамын, бірақ мен бұл жиынға шақырмасаңдар да келетін едім. Өйткені Мұрын жырау заты бөлек тұлға. Демек бұл жиынның да заты бөлек. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары әдебиетке келген менің замандастарымның шығармашылық қуатына әсер еткен дүние осы батырлар жыры деп есептеймін. Мұрын жырау атына Астана қаласынан көше беру керек. Мұрын жыраудың портреті министрдің кабинетінде ілулі тұру керек, мүсіні тұру керек. Өйткені Мұрын жырау – түркі әлемінің Гомері. Жырауларды сыйлағанымыз - өзімізді сыйлағанымыз» деді.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Әнес Сарай өзінің бір кездері Тәжікстанға барғандығын, сонда Фирдоусидің мұражайында болғандығын, мұражайдың кіре берісінде «Шахнаманың» кейіпкерлерінің үлкен-үлкен мүсіндері қойылғандығын тамсана әңгімелеп, Маң-ғыстаудағы Мұрын жыраудың мұражайын үлкейтіп, республикалық деңгейге көтеріп, «Қырымның қырық батырының» мүсіндерін жасатып, мұражайға кірген адам өзіндік бір батырлар әлеміне еніп кеткендей әсер алатындай етіп орналастыру керек деген ұсынысын білдірді.
Ғалым-зерттеуші Бибіайша Нұрдәуле-това Мұрын жыраудың адамзатта сирек кездесетін ерекше талант иесі екендігіне, адами қабілеті қайталанбас құбылыс екендігіне тоқталып, жырдың ауызша дүниеге келіп, ауызша таралу қасиеті туралы терең мазмұнды ғылыми баяндама жасады.
Профессор Жұмат Тілепов: - Мұрын жырау түркі нәсілдес халықтан шыққан ірі талант. Ұлы Отан соғысы кезінде халықты рухтандыратын идеологиялық шаралар қажет болды. Оны Сталиннің өзі қолға алды. Орыстар Суворовты, Кутузовтарды көтерді.Осымен орайлас қазақ батырлары да қолға алынды. Сол екпінмен Мұрын жырау Алматыға шақырылып, «Қырымның қырық батыры» хатқа түсті. Бірақ, өкініше орай, соғыстан кейін осы істердің барлығы да теріске шығарылып, тіпті көптеген зерттеушілер жазаға тартылды. Болашақты болжай білетін М.Әуезов өзінің шәкірті Сұлтанғали Садырбаевқа Мұрын жыраудың жыршылық мұрасын зерттеуді тапсырып кеткен. Жыршылық ел болып қастерлейтін киелі өнер. Қырғыздар жырауларын еліміздің қуаты деп есептейді, - деді.
Ғалым-зерттеуші Серікқазы Қорабаев Мұрын жырау атындағы халықаралық жыршылар байқауын өткізіп тұруды дәстүрге айналдырып, жеңімпаздар «Мұрын жырау» алтын медалімен марапатталса деген ұсыныс айтып, бұл жырлардың үзінділерін мектеп оқулықтарына кіргізіп, болашақ ұрпақты отан сүйгіштікке баулитын әдістемелік құрал ретіндегі рөліне маңыз беру керектігіне назар аудартты.
Шынында да қазіргі шетел мультфильмдеріндегі небір құдыретті күш иелері біздің балаларымыздың санасына әбден орнығып, мұндай батырлар тек шетелдіктерде ғана болады деген ұғымды қалыптастыра бастады. Өзінің ата-бабасы батыр тумағандай, жерін қорғамағандай түсінікпен өсіп келе жатқан жас ұрпақты ұлттық мұралар рухында тәрбиелеу мәселесі өткір тұр.
Маңғыстаудың мұнайы әлемнің назарын өзіне қарай қалай бұрып тұрса, дәл сол сияқты Мұрын жырау мұралары да әлемнің назарын өзіне қарай бұра алатын байлық. Оның өзіндік себептері де толып жатыр. Бір себебі мынау: Мұрын жырауды теңеп отырған Гомеріміздің мұрасы қағазға түсіріліп жеткен. Ал 50 000-нан астам жолдан тұратын «Қырымның қырық батыры» ауызша жеткен. Біз эпостық жырларымыздың ауызша жатталып, ауызша айтылғанына етіміз үйреніп кеткен ұлтпыз. Ал егер әлемдік деңгейдегі мұралардың осы күнге дейін сақталу ерек-шеліктеріне көз жіберсек, осындай мол мұраның ауызша жетуі, оны 45 тәулік бойы айтып тауыса алмауы – ғаламдық фантастика! Адам айтса сенгісіз жағдай! Әйгiлi көркем сөз шеберi Ә.Нұрпейiсов айтқандай “Өнердiң мiндетi - адамды таңқалдыру”. Ал ондай дүние бізде бар. Тек біз оған өзіміз ғана таңдана бермей, әлемді де таңғалдыру мәселесіне Мұрын жыраудың өзіндік қасиеті мен оның мұралары арқылы кірісуіміз керек сияқты.
Мұрын жырау мұраларын зерттеудің жаңа кезеңі басталуы тиіс. «Қырымның қырық батыры» жырының көркемдік деңгейін саралайтын тың зерттеулердің берері көп. Тіпті, мәселе жырды немесе жыршыны насихаттауда да емес, мәселе эпикалық жырлардың ұлттық-идеологиялық және отан сүйгіштік қызмет атқаруына мүмкiндiк беру. Демек жаhанның оны қалай пайдаланып жүргенiн зерттеу де бiз үшiн өзектi. Бiр қарағанда Шекспирдi адамзат танып болған сияқтанады, оның шығармашылығы туралы жаhанның жүздеген тiлiнде сан түрлi мамандық иелерi бiрнеше мыңдаған зерттеулер жазды. Соның өзiнде де ағылшындар Шекспир ғаламын зерттеудi әлi де жалғастыруда. Әлемдегi шекспиртанушылардың басын қосып, пiкiр алысады. Осыдан екі жыл бұрын академик Рымғали Нұрғали шекспиртанушылардың бiрi ретiнде Лондонға арнайы шақырумен барып келдi. Демек, өлең-жыр мәселесi қазiр бұрынғысынан да өзектi.
Өйткені жыр тек жыр ғана емес, ол өзінің өн бойында тарихи сансыз ақпараттарды көтеріп, сақтап келе жатқан алып «компьютер». Жыр өтпелi кезеңнiң талайын бастан кешiрген. Соның бәрiнде де ол өз ұлты мен өз дәуiрi туралы ақпаратты ғасырлар бойы сақтай алатын құрал ретiнде танылды. Күлтегiн мен Асан Қайғы, Доспамбет пен Махамбет, Абай поэзияларынан біз қаншама ақпарат алдық. Демек, тiршiлiк қанша саясаттанып кетсе де, бәрiбiр ол әдеби мұралардың қызметiне мұқтаж болады.
Рухани әлемдегі сол мұқтаждықтың дәлелі ретіндегі тағы да бір сең қозғалды. Қозғалыс екпінді болса екен.
Жиналғандар мен конференцияны ұйымдастырушылар үлкен іске қозғау салған ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Г.Сейтмағанбетоваға зор алғыстарын білдірді.

15 января 2010, 5:33
5916

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 11903
  • 177
Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Я в тогдашней Алма-Ате родился, вырос. В школу начал ходить пешком. Весь центр опползал. Все эти знаковые места помню как ещё не знаковые места. Никаких этих ностальгических страданий у меня нет.
Aidan_Karibzhanov
21 авг. 2017 / 16:25
  • 5059
  • 33
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 3468
  • 52
Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Его отцом был Мырзагул, матерью Жания, оба глубоко верующие. По рассказам, Бекет-Ата обладал богатырской силой, что в том числе помогало выбивать мечети в крепких скалах.
theYakov
21 авг. 2017 / 17:21
  • 2579
  • 3
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2368
  • 4
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 авг. 2017 / 11:16
  • 2530
  • 67
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 2168
  • 1
«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

Я всегда теряюсь, когда слышу этот вопрос, потому что я так и не сумел выразить причину одной фразой. Давайте рассмотрим популярные варианты, и я объясню, что именно мне в них не нравится.
convoluted
21 авг. 2017 / 12:29