Діни наным және дін таңдау бостандығы жөнінде

Мәлік Әбдіжаппарұлы January 14, 2010
6575
6
10
0

Діни наным және дін таңдау бостандығы жөнінде Республикамыз егемендік алғаннан бері мемлекетіміздің конфессиялық кеңістігі едәуір кеңейіп, түрленді. Осыған орай, халықтың діни нанымының деңгейі өсіп...

Діни наным және дін таңдау бостандығы жөнінде

Республикамыз егемендік алғаннан бері мемлекетіміздің конфессиялық кеңістігі едәуір кеңейіп, түрленді. Осыған орай, халықтың діни нанымының деңгейі өсіп, діни бірлестіктердің саны төрт еседен астам көбейді.
Қазақстан Республикасы әрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылады, азаматтар діни сеніміне қарамастан тең құқылы, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтейді.
Елімізде 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң адам құқықтары туралы халықаралық актiлер мен келiсiмдерде баянды етiлген азаматтардың дiни сенiм бостандығы жөнiндегi құқықтарын iске асыруға кепiлдiк береді.
Аталған Заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының, сонымен қатар басқа мемлекеттердiң азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар кез келген дiндi еркiн ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы, құдайға құлшылық жасауға, дiни жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға оларды күштеп мәжбүр етуге жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының азаматтары дiнге деген көзқарасына қарамастан экономикалық, саяси, әлеуметтiк және мәдени өмiрдiң барлық салаларында заң алдында бiрдей жауапты. Азаматтардың дiнге көзқарасына қарай олардың құқықтарын тiкелей немесе жанамалап шектеу, қандай да бiр артықшылықтар белгiлеу, өшпендiлiк пен жеккөрушiлiк туғызу, азаматтардың сезiмдерiн жәбiрлеу, сондай-ақ, қайсы бiр дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
3аңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкiмнiң де өз діни сенiмдерiн себеп етiп азаматтық мiндеттерiн атқарудан бас тартуға қақысы жоқ.
Дiни наным себебiмен атқарылуға тиiс бiр мiндеттi екiншiсiмен алмастыруға тек қана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол берiледi.
Өз кезегінде, дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңдардың сақталуын бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының атқарушы өкiмет органдары, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдары заңдарда белгiленген өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
Үстіміздегі жылдың 20 қарашасында облыс прокуроры С.С.Ерімбетовтың төрағалық етуімен өткізілген Маңғыстау облысы құқық қорғау органдары кеңесінің кезекті мәжілісінде қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің заңдылығын қадағалауда облыс құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіру мен тиімділігін арттыруды күшейту мәселелері талқыланды.
Мәжілісте соңғы кездері Маңғыстау облысында діни бірлестіктер санының көбейгені, яғни, 1995 жылы олардың саны 3 болса, қазіргі кезде облыста 23 бірлестік жұмыс жасайтындығы аталды. Облыстық әділет департаментінде тіркелген 22 діни бірлестіктің 11-і Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы болып табылады.
Үйлестіру Кеңесінде жауапты органдарға Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңдарының талаптарын орындау мақсатында діни ағымдардың негізгі уағыздарын түсіндіруде діни бірлестіктерді, теологтарды және қоғамдық ұйымдарды кеңінен тарту қажеттілігі ұсынылып, облысқа келіп жатқан діни кітаптарды сараптан өткізу жұмысын үйлестіру қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, дiни сенiм бостандығы мен дiни бiрлестiктер туралы заңдардың бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
Мысалы, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 375-бабының 1-бөлігінде дiни бiрлестiктер басшыларының бiрлестiктi мемлекеттiк басқару органдарында тiркеуден жалтаруы, дiни бiрлестiктiң оның жарғысымен (ережесiмен) белгiленген өз мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келетiн қызметтi жүзеге асыруы, саяси партиялардың қызметiне қатысуы және оларға қаржылай қолдау көрсетуi, қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруды, науқас адамдарды күтiп-бағуды, бас бостандығынан айыру орындарына баруды қоспағанда, дiни бiрлестiк орналасқан жерден басқа орында дiни iс-шаралар өткiзу ережелерiн бұзуы, дiнге табынушылар мен дiни бiрлестiктер мүшелерiнiң дiнге табынуға қатысы жоқ арнаулы балалар мен жасөспiрiмдер топтарын ұйымдастырып, жиындарын өткiзуi, жеке тұлғаларды дiни жоралғыларды орындауға немесе өзге де дiни қызметтерге қатысуға мәжбүр етуi ескерту жасауға немесе дiни бiрлестiк басшыларына айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қызметiн алты айға дейiн тоқтата тұрып немесе қызметiне тыйым сала отырып не жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аталған заң талаптарын орындау еліміздің әрбір азаматының парызы болып саналады.

Оцените пост

9

Комментарии

0
дінге сенбеу құқығын құрметтейтін қазақтар аздау, лол
0
мысалы да, сол секта мен басқа діндерді бақылайтын әділет департаменті, сот, ііо бірігіп, елге түрлі басы айналған жындыларды кіргізбеу, тіркемеу, қудалауға келіссе жақсы болатын еді ^_^
осындай кездерде солардың бәрі заң оындағыш болып кетеді ше, сенім бостандығы, анау-мынау деп...
0
екінші ойынызды түсінген жоқпын. Олар да адам баласы емеспе? және
барлық мұсылман қауым біртұтас фанатик емес қой

неге сіз қатыгезсіз сондай? иманды адамдар бар, ол әр адамның қалауы
0
қазір Иманды қазақтар бар оған шүкір деуге болады
бірақ өз басым сіз айтқандай "сенбеу құқығы" болуын қаламаймын
0
иманды дегенді қалай түсінесің (көп сөз, боқ сөз, қысқаша өз анықтамаңды жазып кет)
>"сенбеу құқығы" болуын қаламаймын
неге?
Показать комментарии