Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
11:14, 28 июня 2012

Таухид деген не өзі?

Таухидтің үш түрі Аллаһқа иман келтіру төрт нәрсені қамтиды:
1) Аллаһтың барлығына иман келтіру; 2) Аллаһтың істеріндегі жалғыздығына иман келтіру; 3) Аллаһтың адамдардың құлшылықтарындағы жалғыздығына иман келтіру; 4) Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығана иман келтіру.
Аллаһқа иман келтірудің екінші негізі – бұл оның істерінде жалғыздау. арабша бұл таухид ар-рубубийя деп аталады. бұл Аллаһ тағаланы барлық істерінде жалғыздау, яғни жаратушы, ие, билеуші, тәрбиелеуші, ризық беруші, өлтіруші, тірілтуші, пайда мен зиян әкелуші және басқа да сипаттарға лайықты тек Аллаһ екенін мойындау.
Біз адамдардың ішінде, Аллаһпен бірге әлем жаратылысында біреудің қатысқанын немесе Аллаһтың сипаттарына ие біреу бар екенін жариялағандарды білмейміз.
Пайғамбарымыз Мухаммедтің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) заманында өмір сүрген көпқұдайшылардың (мушриктердің) өздері де, құлшылық етіп жүрген тәңірлерін: ол періште болсын, пайғамбар болсын, ай немесе күн болсын, немесе қандай да бір пұт болсын – бұлардың барлығы Аллаһтың иелігінде екенін растайтын.
Аллаһ тағала айтты: «Егер олардан: «Аспандар мен жерді кім жаратты», - деп сұрасаң, олар әлбетте: Аллаһ», - дейді», (анкәбут, 25).
Tағы Аллаһ тағала айтты: «Айт: «Егер білсеңдер, жер мен оның бетіндегі барлығы кімдікі», - деп сұрасаң. олар «Аллаһ», - дейді», (муминун, 84-85).
Тағы да Аллаһ тағала айтты: «Айт: «Жеті көктің раббысы және ұлы арштың раббысы кім?». сонда олар: «Аллаһ», - дейді», (муминун, 86-87).
Тағы Аллаһ айтты: «айт: «Сендерді аспан мен жерден кім ризықтандырады? Құлақ пен көздерге кім иелік етеді? Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады? Әр істі кім басқарады?». Олар «Аллаһ», - дейді. айт: «Ендіше, аллаһтан неге қорықпайсыңдар?», (юнус, 31). Олар таухид ар-рубубийяны, яғни аллаһтың істеріндегі жалғыздығын мойындаған. «…Өліден тіріні, тіріден өліні кім шығарады? Әр істі кім басқарады?». Олар «Аллаһ», - дейді…», ия, олар бұны теріске шығарған жоқ, алайда бұған қарамастан Аллаһқа серік қосатын еді. Аллаһ тағала айтқандай: «Олардың көбісі Аллаһқа серік қоспай иман келтірмейді»,(юсуф, 106). Олар тек Аллаһтың істеріндегі жалғыздығына ғана сенеді, бірақ бұл жеткіліксіз. Сондықтан, міндетті түрде таухид әл-улюһияға да иман келтіру керек, яғни Аллаһтың ғана құлшылыққа лайықты екеніне!
Барлығымызды жаратқан бір Аллаһ, ризық беретін де бір Аллаһ, денсаулық пен ем беретін де бір Аллаһ, бақыт пен тыныштық әкелетін де бір Аллаһ, өмір беретін де бір Аллаһ, аспандардан жаңбыр жаудыратын да бір Аллаһ, жерден өсімдіктерді шығаратын да бір Аллаһ, күн мен түнді ауыстыратын да бір Аллаһ және т.б. осы әлемдегі барлық істерді басқаратын бірАллаһ - демек біз тек сол бір Аллаһқа ғана құлшылық етуіміз керек. Басқа ешкім ол құлшылыққа лайықты емес: ол періште болсын, пайғамбар болсын, әулие болсын - бұның барлығы жаратылыс, ал біз тек әлемдердің жаратушысы Аллаһқа ғана құлшылықтарымызды арнауымыз қажет. Аллаһ тағала айтты: «Әй, адамдар! Сендерді және сендерден бұрыңғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылық етіңдер! Мүмкін тақуа боласыңдар. Ол сондай Аллаһ сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты. Әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әр-түрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан біле тұра аллаһқа серік қоспаңдар!», (бақара, 21-22).
Ал Аллаһтан өзге құлшылық етілетін нәрселер ештеңкені жаратпаған, ешнәрсеге ие емес. Аллаһ тағала айтты: «(Әй, мұхаммед! оларға) айт: «Аллаһтан өзге құлшылық ететін нәрседеріңді шақырыңдар. Олар аспандар мен жерде де кішкентай құмырсқаның салмағындай да түкке ие бола алмайды, олардың онда еш серіктестігі жоқ. Сондай-ақ, Аллаһқа олардың ешбіреуі көмекші де емес», (сәбә, 22). Аллаһқа иман келтірудің үшінші негізі: таухид әл-улюһийя, яғни Аллаһты құлшылықта жалғыздау.
Бұл мәселені талқылау алдын біз құлшылықтың не екенін біліп алуымыз қажет. Ғалымдар «әл-`ибәдаһ» (құлшылық) терминіне келесідей анықтама береді: Аллаһ разы болып, сүйетін жасырын немесе жария сөздер мен амалдардың барлығы. Егер Аллаһ бір сөзді жақсы көрсе, онда ол сөзді айтып жүру құлшылық болып есептеледі. Немесе егер Аллаһ бір іске разы болса, демек ол іс - құлшылық болып табылады, ол үшін оны жасаушы мұсылман адам сауап алады. Ал Аллаһтың қандай істі жақсы көріп, қандай іске разы болатынын біз оның кітабы Құраннан және елшісі мұхаммедтің (оған аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) сүннетінен біле аламыз.
Аллаһ тағала Құранда өзінен дұға етуді, көмек сұрауды, қолдау күтуді, тәуекел етуді, қорқуды, үміт етуді, құрбандық шалуды, намаз оқуды, ораза тұтуды және т.б. амалдарды бұйырды. Осыдан түсінетініміз Аллаһ бұл істерді жақсы көреді, демек бұл аталған істер құлшылық! Ал құлшылықты тек Аллаһқа ғана арнау керек. Аллаһ тағала айтты: «Расынды, мешіттер Аллаһтікі, Аллаһпен басқа ешкімге құлшылық етпеңдер!», (жын, 18).
Сондықтан, тек Аллаһқа ғана құлшылық етуіміз керек: Аллаһқа ғана тәуекел етіп, Аллаһтан ғана қолдау тілеп, Аллаһқа ғана үміт етіп, Аллаһқа ғана құрьандықтарымызды шалуымыз керек. Өөйткені, құлшылықтардың барлығына Аллаһ қана лайықты. Міне, осы – таухид әл-улюһийя деп аталады, яғни Аллаһты құлшылықта жалғыздау.
Таухидтің осы түріне шақыру барлық пайғамбарлардың бірінші қадамы еді, әрі бұл – кез-келген балиғат жасына жеткен мүмкіншілігі бар адамның басты міндеті. Осы үшін Аллаһ жындар мен адамдарды жаратты; осы үшін өз елшілерін жіберіп, кітаптарын түсірді. Бұдан басқа, осы үшін ғана халықтар мен оларға жіберілген елшілер арасында таластар пайда болатын, және бұл адамдардың имандылар мен имансыздарға, бақыттылар мен бақытсыздарға бөлінудің себебі еді.
Аллаһ тағала айтты: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым», (зәрият, 56).
Аллаһ тағала тағы айтты: «Раббың, өзіне ғана құлшылық етулеріңді әмір етті…», (исра, 23).
Тағы Ол айтты: «Олар, құлшылықты, нағыз Аллаһқа шын ықыласпен ханиф түрінде орындаулары үшін ғана әмір етілген…», (бәйина, 5).
Ибн Аббастан келтірілген хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) Муаз ибн Жәбәлды Иеменге жіберерде былай деді: «Расында, сен кітап иелеріне барасың. Сондықтан сенің оларды шақыратын ең бірінші нәрсең «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ әрі Мухаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) оның елшісі» куәлігі болсын. Егер олар осыны қабылдаса, онда Аллаһ оларға тәулік бойы бес уақыт намаз оқуларын бұйырғанын айт. Ал егер олар осыны да қабылдаса, Аллаһ олардың байларынан, кедейлерге берілетін зекетті бұйырғанын айт», (бұхари, муслим).
Басқа хадисінде Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) айтты: «Адамдармен олар Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқтығына және Мухаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) Оның елшісі екеніне куәлік айтқанға, намаз оқып,зекет бергенге дейін, күресуге бұйырылдым. Егер соны істесе, менен ислам ақысынан өзге қандары мен мал-дүниелерін сақтайды, ал есептері Аллаһтың міндетінде», (бұхари, муслим).
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!) тағы айтқан: «шын мәнінде, аллаһтың жүзіне ұмтылып «лә иләһа илләллоһ» деп айтқан адам үшін, қиямет күні аллаһ тозақ отын харам етеді», (бұхари, муслим).
Аллаһ тағала айтты: «Расында әр үмметке: Аллаһқа құлшылық қылыңдар, одан өзге құлшылық етілетіндерден (тағут) аулақ болыңдар», дейтін елші жібердік», (нахыл, 36).
Аллаһ тағала былай деді: « Сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған күдіксіз менен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Маған ғана құлшылық қылыңдар» деп уахи етіп жібердік», (әнбия, 25).
Тағы да Аллаһ тағала нұх, һуд, солих және басқа пайғамбарлардың өз елдеріне былай айтқанын хабарлайды: «Әй елім! Аллаһқа құлшылық қылыңдар!сендердің одан басқа тәңірлерің жоқ», (ағраф, 59,65,73). Аллаһқа иман келтірудің төртінші негізі – бұл Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығы.
Әр бір адам Аллаһтың есімдері мен сипаттарына лайықты түрде иман келтіру керек. Оларды шынайы мағынасынан өзгертпей, ақылға симағандарын немесе көңілге жақпағандарын теріске шығармай, ойға салып «қалай» деген сұрақ қоймай, жаратылыстарының сипаттарына ұқсатпай, қабылдауы керек.
Аллаһ тағала айтты: «Eң жақсы есімдер Аллаһқа тән, оған солар арқылы дұға етіңдер! Аллаһтың есімдерінде қиғаштық істейтіндерді қалдырыңдар. Олар істегендерінің сазайын тартады», (ағраф, 180).
Тағы Аллаһ тағала айтты: «Әрі аспандар мен жердегі ең жоғары сипат оған тән. Ол өте үстем, хикмет иесі», (рум, 27). Тағы Аллаһ тағала былай деді: «Оған еш нәрсе ұқсамайды. әрі ол - естуші, көруші», (Шура, 11).
1