Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
03:46, 26 июня 2012

Приключения Алдара Косе. Мультсериал.

Blog post image

Образовательный проект анимационной студии Azia Animation, 30-ти серийный мультфильм про приключения Алдара Косе. Показывайте мультик своим маленьким друзьям и подругам, сестрам и братьям, мамам и папам, бабушкам и дедушкам. Наше национальное культурное наследие показаны в современной трехмерной анимации. Все серии на казахском языке.

01. Алдар Көсе Он тақия

Сараң Бай Алдарға бір шағын ғана кесек матадан он тақия тік деп, дәріс алған туралы
===================================================================

===================================================================

02. Алдар Көсе мен ұры

Ұры Алдар Көсені ұзақ уақыт бойы алдап, өз қулығына мәз боп жүрген еді. Бірақ ақырында сазасын мұздай құдықтың ішінде тартыпты.

===================================================================

03. Алдар Көсе Жасартқыш тоқпақ

Бірде бай мен оның бәйбішесі жұртты ақымақ етіп, жеңіл ақша табудың амалын тауыпты. Бірақ Алдар Көсе жасартқыш тоқпақ туралы өтірікті ойлап тауып, айласын асырыпты

===================================================================

04. Алдар Көсе Тегін ешкі

Алдар Көсе аяқ астынан қайтас болса, бай оны жерлеп, жаназасын шағартын болады деген шартпен Алдар байға ешкісін тегін беріпті. Келесі күні Алдар байға келіп, уәдесін орындауды талап етіп, өзімен бірге ел аралауға шақырыпты

===================================================================

05. Алдар Көсе Ерекше тауық

Бұл оқиға түкке тұрмайтын нәрседен әл-ауқат жасауға болатыны туралы. Бірақ ол әр адамның қолынан келмейді. Оған нағыз дарын мен сәттілік керек

===================================================================

06. Алдар Көсе Сый

Бірде хан Алдар Көсені күлкі етпек болып, оған екі қап қарды сыйға тартыпты. Ал ку Алдар болса, сыйын алуға жазда келіпті.

===================================================================

07. Алдар Көсе Қалыңдық

Алдар Көсе байға қарызын төлей алмай, түрмеден құтылу үшін айла тауып, қыз боп киініп алыпты. Оны аңғармаған бай, Алдарды ұзатып жіберіп, оған қалың мал алыпты. Аяғында бәрі айқын болғанда, үлкен шу көтерілпті.

===================================================================

08. Алдар Көсе Сиқырлы кесе

Бірде Алдар Көсенің көріпкел деген атағы шығыпты. Біразға шейін жолы болып, бір күні ойлап тапқан қабілетінің кесірінен басынан айрыла жаздапты.

===================================================================

09. Алдар Көсе Қошқар мүйізі

Екі бай Алдар Көсеге күн көрсетпепті. Онда Алдар қошқар мүйіздері арқылы ол екеуінен құтылудың амалын тауыпты

===================================================================

10. Алдар Көсе Жылан балық

Бірде бай өзенді меншіктеніп, одан ешкімге балық аулауға рұқсат бермепті. Оны естіген Алдар Көсе байды өзенге жоламайтындай етіп, айласын асырыпты.

===================================================================

11. Алдар Көсе Қыңыр көршілер

Бай мен оның бәйбішесі жарастық таппай, күнде дауласыпты. Екеуі осылай ерегісіп отырып, ашу үстінде, бүкіл дүниелерін Алдар Көсеге бергендерін байқамай қалыпты.

===================================================================

12. Алдар Көсе Күтпеген қонақ

Бай мен оның бәйбішесі түнеп шығуға сұранған Алдар Көсені үйлеріне кіргізбей, қуып жіберіпті. Түнде Алдар құбыжық боп киініп, дөрекі әдепсіз үй иелерінің сазасын тартқызыпты.

===================================================================

13. Алдар Көсе Тар үй

Бірде Алдар Көсенің көршісі келіп, киіз үйін кеңейтуге сұрапты.Сонда Алдар оған бәрі салыстырумен ғана танылады деп үйретіпті.

===================================================================

14. Алдар Көсе Сиқырлы тон

Қақаған аязды күні Алдар Көсе өзінің шұрқ тесік тоны қымбат бұлғын тоннан көрі жылырақ деп байды көндіре білген екен.

===================================================================

15. Алдар Көсе Сиқырлы қоржын

Ежелгі қазақ ауылындағы қаржы пирамидасының қандай болғаны туралы ертегі.

===================================================================

16. Алдар Көсе Оқымысты қоян

Бай күні-бойы қиялдап, ғажап нәрсені армандап жүргенде, алдына Алдар Көсе келіп, ғажап есебінде оқымысты қоянын сатып жіберіпті.

===================================================================

17. Алдар Көсе Қара жын

Бұл ертегі Алдардың қара жынды қашыртып, байдың үйін аластап, тазартқаны туралы.

===================================================================

18. Алдар Көсе О дүниенің өкілі

Бай Алдар Көсеге істеген жұмысына ақша төлемей, кетіп қалғандықтан, бәйбішесіне о дүниеден келген қонаққа сый көрсетуге тура келіпті.

===================================================================

19. Алдар Көсе Тегін сыйлық

Дүкеніне жұртты алдап кіргізбекші болып, бай бір айла жасапты. Оның қармағына Алдар Көсе ілініп еді, бірақ амалын тауып, қиын жағдайдан шыға біліпті.

===================================================================

20. Алдар Көсе Ұзақ сонар өлең

Алдар Көсе кімнің өлеңі ұзағырақ екен деп, Шайтанның өзімен дауласыпты. Ақырында ұтылған Шайтанға Алдарды үш күн бойы арқалап жүруге тура келіпті.

===================================================================

21. Алдар Көсе Тіл біткен Есек

Бірде қаһарлы хан Алдарды жаңсақтыққа ұстамақ болып, оны ауа-райын болжатып қойыпты. Содан кейін хан соғысқа аттанып, Алдардың есегі қате болжам жасағаны үшін басынан айрыла жаздапты. Оны қожайыны адамша сөйлетуге уәде беріп, аман сақтап қалыпты.

===================================================================

22. Алдар Көсе Айналғыр ат

Ұры керемет бір атты ұрлап алыпты. Ал Алдар Көсе ұрының зәресін ұшырып, қылмыстық кәсібін қойдыртқызып, атты қожайынына қайтарып беріпті.

===================================================================

23. Алдар Көсе Сиқырлы қасық

Сараң бай мен оның бәйбішесі Алдар Көсеге сый көрсеткісі келмепті. Сонда Алдар сиқырлы қасық туралы айла тауып, тамақты қулықпен бергізіпті.

===================================================================

24. Алдар Көсе Ханды қалай емдеді

Хан ауырып қалып, оны емдеп-жазған адамға бар қазынасын аямай беруге дайын болыпты. Сонда Алдар Көсе келіп, тәуіп болмай-ақ, ханды аяғына тұрғызыпты.

===================================================================

25. Алдар Көсе Ақыр Заман

Зілқұмар бұзақылар Алдар Көсеге келіп, ертең ақыр заман болады деп, оны күлкі қылмақ болыпты. Алдар болса ол екеуіне соңына жақсылап сый көрсеткені сонша, бұзақылар аттарынан да, киімдерінен де біржолата айрылыпты

===================================================================

26. Алдар Көсе Дүлей жын

Бұл оқиға жынның ғасырлар бойы шөлмектің ішінде отырып, ызасы әбден қайнап, ашу үстінде, оны босатқан адамды өлтірмек болғаны туралы.

===================================================================

27. Алдар Көсе Қауын дәнегі

Қу бай Алдар Көсеге жұмысына төлегісі келмей, қауын дәнегін беріп, құтылғысы келіпті. Ақырында тұлпар боп, әлі қалмағанша шабуға тура келіпті.

===================================================================

28. Алдар Көсе Атасының тақиясы

===================================================================

29. Алдар Көсе Әмиян

Алдар Көсені күлкі етпек болған бай, тыр-жалаңаш қалып, атынан арйылып, түремеден бірақ шығыпты

===================================================================

30. Алдар Көсе Әркімнің өз өлшемі бар

Ханның жанындағылар Алдар Көсеге берілетін сыйынан бір бөлігін алмақ болыпты. Сонда Алдар өзіне сый ретінде жаза сұрап, оны парақорларға әділ бөліп беріпті.

===================================================================

1