Отандық кино туындыларының ішінде соңғы уақытта жарық көріп, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленген режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» атты тарихи драмасы «Қазақстан» Ұлттық...

 

Отандық кино туындыларының ішінде соңғы уақытта жарық көріп, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленген режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» атты тарихи драмасы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан 5 шілде күні, түнгі сағат 22.05-те көрсетіледі. Теледидар әлемінде тұңғыш рет тұсауы кесілгелі отырған бұл премьералық көрсетілім Астана күніне орай Ұлттық арнаның көрермендерге жасаған тартуы болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, «Жау жүрек мың бала» фильмі еліміздің кинотеатрларына прокатқа биылғы жылдың мамыр айының 3-де шықты. Жаңа туынды екі апта көрсетілім ішінде 2 миллион доллар жинап, отандық кинотуындылар ішінде кассалық кірістен рекорд орнатты. 17 мамырда бұл фильм Францияда өткен 65-ші Канн кинофестивалінде шетелдік мамандардың назарына ұсынылып, жоғары бағаға ие болды.
 

Оцените пост

0