Тікелей эфир

«Азаматтық журналистика арқылы талай келеңсіздіктің бетін ашуға болады»

«Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мен сөз бостандығы демократияның басты нышандарының бірі» деп есептейтін елдер ақпаратты - «демократияның негізгі валютасы» санайды. Американдық заңгер Ральф Нейдердің бұл қағидасына батыс елдері еш уақытта күмән келтірген де емес. Кезінде атақты Наполеонның өзі: «төрт жүз мылтықтан емес, төрт газеттен қорқамын» депті. Біздің отандық БАҚ осындай пәрменділікке қашан ие болады?

«БАҚ туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу керек» деп қалаған уақытта мәселе көтере беретін кез келген шенеунікке қазақстандық журналистика қашан тосқауыл қоя алады? Шенеуніктердің аузынан «журналистер мемлекеттік құрылымдардың халық алдындағы міндетті жұмысын көрсетуден гөрі, сол құрылым басшысының жеке өмірін көп қазбалайды» деген сындар көп айтылады. Ал, өз ісінің ашықтығы мен шынайы адал қызметін көрсетуге сол шенеунік қаншалықты ниетті? Әр сөзіне сауысқандай сақтықпен қарайтын мемлекеттік мекеме басшыларының сөз бостандығына «демократияның негізгі валютасы» есебінде қарайтын кезеңі қашан келеді? «Мінбер.кз» ұлттық интернет газетінің бас редакторы Есенгүл Кәпқызының бұл мәселеге қатысты айтар уәжі мен ұстанымы айырықша екен.

- Есенгүл, қазіргі қолданыстағы «БАҚ туралы» заңның пәрменділігі қаншалықты? Оған уақыт ұзатпай өзгерістер мен толықтырулар енгізіп тұруды құп көресіз бе? Соңғы кездері журналист этикасы көп сөз болуда?

- Мен біраз еңбектерді қарап шықтым. Журналистің этикасына байланысты әлемдік журналистиканың өзіндік төрт түрлі басшылыққа алатын мәселелері бар екен. Онда адамның жеке басына тиіспеу, шындықты айту, біреуді қорқытып, үркітпеу, өзінің құқығын асыра пайдаланбау деген мәселелер. Бұл енді кез келген журналистің қаперінде жүретін мәселе деп ойлаймын. Бұл ұстаным біздің заңда да бар. Оның сыртында біздің журналистердің жұмысын реттейтін көптеген заңдар бар, «БАҚ туралы» заңымыз бар, ең бірінші кезекте тұратын ҚР Конституциясы бар, тағы сол сияқты «Тілдер туралы» заңымыз бар.

Оның сыртында Қылмыстық кодекс, Азаматтық кодекс тағы бар. Осы кодекстердің кейбір тұстарында журналист жұмысына қатысты нақты әңгімелер айтылады. Мысалы, Қылмыстық кодексте жалған жала жабу фактісі заңмен дәлелденетін болса, журналистке қылмыстық немесе азаматтық кодекс негізінде жаза тағайындалады. Оған енді этика мәселесіне қатысты тыйымдар көбейсе, білмеймін. Онсыз да журналистің іс шараларын, олардың аяқ алысын аңдып отыратын тыйымдар өте көп. Сондықтан да, журналистердің заңдарына жиі-жиі өзгертулер енгізіп, аздаған еркіндігін шектесе, онда журналист деп атаудың керегі жоқ шығар.

- Сіз болашақ журналистерге этика мәселесінен дәріс оқисыз. Ендеше, айтыңызшы, бұл мәселеде журналист қалай болуы керек?

- Жалпы, журналистік этика дегеніміз не? Ол ҚР Заңдарын сақтау, шектен аспау, халықаралық нормаларды білу, бағалау. Тұлғаның жеке басының құпиясына тиіспеу, біреуді қорламау. Бізде оның сыртында Президенттің жеке басына тиіспеу, оны жария қорламау, депутаттың ар-намысына нұқсан келтірмеу, үкімет адамының ар-намысына тимеу. Айта берсек, мұндай тізім кете береді. Осы тізімнің арқасында біздегі журналистердің еркін аттауына мүмкіндік болмай қалды. Бізде бір қызығы, анау болмайды, мынау болмайды деген тыйымдар бар да, ҚР заң, заңнамалық актілерінде: «мынадай жағдайда мына адамның ар-намысы қорланады» деген бап жоқ. Соған байланысты ар-намысын әркім өзі белгілейді. Оның сыртындағы моральдық шығынды да әркім қалауымен қоя береді. Бір кездерде «Жас алаш» газетінің басында мұндай келеңсіздіктер өте көп болды. Әрбір шенеунік әр журналисті сотқа сүйреп, әбден әуреге салған. Ондай жағдай ара-кідік болса да, қазір де бар.

- Сіз шетелдік мамандардың да журналистикаға қатысты дәрістеріне көп қатысасыз. Ол дәрістерден не үйрендіңіз, қандай озық тәжірбиелерінен мысалға келтірер едіңіз?

- Әлемдік тәжірбиеде бүкіл журналистер биліктен жоғары тұрады. Америкадағы, Германиядағы журналистердің жұмыс істеу тәсілі мүлдем бөлек. Олар бір ақпаратты біз сияқты бүкіл БАҚта бір сипатта беріп шықпайды. Бізде оқиғаның арасында жүру жоқ. Көп ақпаратты интернеттен ала саламыз. Пресс-конференцияларды көп жағалаймыз. Американдық бір профессордың: «Журналистке пресс-конференцияға барудың керегі жоқ. Пресс-конференция біреудің ішкі есебі. Сендер ақпаратты одан да халықтың арасынан іздеңдер. Ақпарат негізінен асүйде айтылады. Журналистің міндеті сол ақпаратты ана асүйден алып шығу» - дегені бар еді. Германиялық мамандар дәріс алған кезде біздің: «сіздерде тәуелсіз басылымдар бар ма?» дегенімізге күлді. Себебі оларға бұл сауалымыз сондай күлкілі естілсе керек. Өйткені неміс басылымдарының бәрі тәуелсіз. Билікке тәуелділік оларда жоқ.

- Біздің журналистика бұл биікке қашан жетеді?

- Ол үшін азаматтық журналистиканы дамыту керек. Азаматтық журналистика батыста қалыптасқан термин болып енді. Біз де құдайға шүкір, қазір соған келе жатырмыз. Қанша жерден тыйым бақылалар көп болса да, интернет даму үстінде. Сол интернет арқылы азаматтардың белсенділігін арттыру, блогтар ашу бүгін қолға алынатын мәселе. Оған журналист болу шарт емес. Өз қоғамындағы мәселеге қатысты әркім ойларын ашық беріп отырса, азаматтық журналистика дамиды. Ал, бүгінгідей тыйымы көп жүйеде халыққа анық ақпаратты жеткізу үшін азаматтық журналистиканың дамығаны ауадай қажет. Интернетте азаматтық журналистиканы дамыту, сол арқылы қоғамға үн қосу әр азаматтың міндеті. Батыс елдерінде осы азаматтық журналистика дамуының арқасында талай былықтың беті ашылғаны белгілі.

- Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Шолпан Қараева


«Екпін» журналының ұжымы еліміздің барша БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен құттықтайды. Шабытыңыз сарқылмасын, жазарыңыз таусылмасын! Қаламдарыңыз мұқалмасын, әріптестер!

Алия Arsik
5 қараша 2012, 13:31
3649

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

ushkin
1
0
"Сендер ақпаратты одан да халықтың арасынан іздеңдер. Ақпарат негізінен асүйде айтылады" Жақсы айтылған...

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Буквально вчера заинтересовался одним любопытным сайтом. Не зря заинтересовался, взбесил он меня не по-детски. Да и не только меня. С этим хитрым сайтом был связан настоящий взрыв негатива в Казнете.
Rulan_Oteshev
13 сент. 2017 / 16:32
Почему GGG, при любом результате боя, не войдёт в историю как великий боксёр

Почему GGG, при любом результате боя, не войдёт в историю как великий боксёр

16 сентября в Лас-Вегасе состоится боксёрский вечер, главным событием на котором станет бой за титул чемпиона мира в среднем весе между Геннадием Головкиным и Саулем «Канело» Альваресом.
openqazaqstan
13 сент. 2017 / 13:44
  • 5123
  • 33
Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Если раньше путь до Хоргоса занимал около 5 часов по Кульджинской трассе, то сейчас время до границы с Китаем сокращается до 2,5-3 часов. Уже сейчас можно ехать по 4-полосной дороге с цементобетонным покрытием.
theYakov
15 сент. 2017 / 9:35
  • 5101
  • 12
Посол Польши: «Переход на латиницу для Казахстана станет цивилизационной революцией»

Посол Польши: «Переход на латиницу для Казахстана станет цивилизационной революцией»

Сегодня в Казахстане активно обсуждают предложенный латинский алфавит казахского языка в Парламенте, мнения высказываются самые разные, некоторые даже предпочли вообще отказаться от такого перехода.
Shimanskaya
13 сент. 2017 / 12:28
  • 2916
  • 45
Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

За три месяца я поработала в трёх разных сферах. И сегодня, хочу поведать вам о работе в одной из богатейших компаний мира. Звучит значительно лучше, чем «Я работаю в Mc Donald’s».
madiNAtty
15 сент. 2017 / 12:44
  • 2833
  • 16
Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Вчера состоялся предпремьерный показ нашего отечественного фильма "Крылья, подаренные матерью", после просмотра которого защемило сердце - настолько правдоподобной казалась эта история.
Gulmira-I
14 сент. 2017 / 9:34
  • 2172
  • 0
Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Алматы - самый лучший город для меня, так как родной и самый близкий. Так как я много лет прожил за рубежом, могу сказать свою точку зрения, что надо делать у нас.
Ispanec
15 сент. 2017 / 6:20
  • 1842
  • 21
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 1674
  • 16
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 1911
  • 17