Тікелей эфир

Аптаның қызықты материалдары #17

Интернеттегі демалысыңыз қызықты өтсін деген ниетпен әдеттегідей осы аптаның қызықты мәдени материалдарын ұсынып отырмыз.

Бақытгүл БАБАШ: Бұл дүниеде бір ғана жан бар…

– «Өңкей мұңды өлеңіме тоғытып…» Өлеңдеріңіз мұң мен сап-сары сағынышқа толы. Тағдырсыз өлең болмайды дейді. Әлде өміріңіз мұңлы ма?

– Өмірімнің әр күні мұңлы десем, күпірлік болар. Мұңлы сәттерім де аз емес бірақ. Достарым жиі айтады: сенде бәрі де бар, өмірді өлеңде неге қоюлатасың? – деп. Осының жауабын білген күні айтамын деймін. Себебі, себебін өзім де білмеймін.

Білетінім – өмірдегі Бақытгүл өлеңдегі кейіпкерден әлдеқайда бақытты. Өмірде – халімді қас-қабағымнан-ақ байқайтын, мені қазан-ошақтың басынан аспайтын әйел деп емес, елінің қызы деп бағалайтын аяулы жарым, дүниедегі теңдессіз бақыт – ана бақытын сезіндірген қос құлыным, менімен бірге қуанып, менімен бірге мұңаятын бауырларым, анам, достарым бар (жалғасы).

Саңыраулар театрына сараңдық танытпасақ етті

Жақында «Саңыраулар театры алғашқы премьерасын өткізеді!» дегенді естіген кезде бұл қандай театр және оның премьерасы қалай өтеді екен деп іздеп барып, есту қабілеті төмен жастардың өнерін тамашалаған едік. «Керемет! Тамаша!» деп қол соққанбыз тәнті болып. Бір өкініштісі, сол өнерпаздар гастрольге шыға алмай жүр. Себебі ақша жоқ.

Саңыраулар театрының алғашқы премьерасы Ганс Христиан Андер­сеннің «Түймеқыз» («Дюймовочка») атты ерте­гісі болды. Шыны керек, театр жаста­ры­ның есту қабілеті төмен болса да, олардың актерлік шеберлік­тері кез келген адамды бейжай қал­дыр­майды. Жас өнерпаздар­дың сахна­да өзін-өзі ұстауы, барлық іс-қи­мылды нақышына салып орындауы, өнерге деген құлшынысы, эмо­циясы –  бәрі сөзсіз-ақ шебер берілген. Ал, ең бастысы, көрермен қауым – есту қабілеті төмен жандардың қуаны­шында шек болмады (жалғасы).

КҮЙШІ ДИНА САХНАҒА ШЫҚТЫ

«Күй – Құдайдың сыбыры». Адам неге күй шығарады? Күй қалай келеді? Осы бір тылсымды Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жаңа қойылымы түсіндірмек болыпты. Сахнада Қазақстанның халық жазушысы, ақын  Фариза Оңғарсынованың «Даланың күйші Динасы» атты драмасының шымылдығы көтерілді.

«Жетіскеннен пьеса жазып жүр дейсің бе» деп кейитін еді бір режиссер. Сол айтпақшы, Фариза ақынға пьеса жаздыртқан бір жайт бар. «Былтыр ғана Фариза Оңғарсынованың «Даланың күйші Динасы» атты драмасы ның 150 жылдығы өтті. Қисынға салсаң, дүрілдетіп тойлануы керек еді, бірақ cелт еткен адам болмады (жалғасы).

Опера әншілері базарда ән салды

Қазақ опера тарихында тұңғыш рет театр хор әншілері мен әртістері сахнада емес, халық көп шоғырланған орталық базарда өнер көрсетті. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртістері мен хор әншілері Алматының Орталық базарында«Опералық флэш-моб» шарасын өткізді.

Орталық базардағы саудагерлердің орнын алмастырған театр әртістері жанды дауыста әлемге әйгілі опералардың партияларын орындады. Базарға сауда жасауға келген жас-кәрі әуелгі баста елге танымал әншілерді аса тани қойған жоқ. Табан асты ән шырқалған кезде базарда жүрген жандар бастарын көтеріп, ән шырқалып жатқан жаққа қарай ағылды (жалғасы).

ТАҒЫ БІР ФИЛЬМ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ, БІРАҚ...

Әттең, бізде заң орындалмайды ғой. Заң орындалса, жылдың басынан бастап кинотеатрдағы барлық фильмдерді қазақша тамашалайтын едік. Бірақ ондай бақыт қайда, былтырғы «Көліктер-2» және биылғы «Қара киімділер-3»-тен кейін тағы бір голливудтық туынды қазақша сөйлейтін болды деп шәпкімізді аспанға атып жатырмыз. Ғаламтор мен кинотеатрларда «Батыл жүрек» (Brave) анимациялық туындысының қазақша трейлері көрсетіле бастады.

Бәрі жақсы ғой. Тек былтыр «Көліктердің» көрсетілімінен кейін «Меломан» үлкен жиын жасап, компания өкілі Вадим Голенко: «Мемлекеттік тілге көзқарасымыз дұрыс. Бірақ аударма мен дубляж өзін өзі ақтаған жоқ. Көрсетілімнен кейін шотқа салсақ, табыстың 80 пайызы орысша көрсетілімнен түскен екен, қазақшасы касса жинай алмады» деп састырды (жалғасы).

Алия Arsik
4 қараша 2012, 6:25
1417

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
вчера / 11:23
  • 33510
  • 13
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8269
  • 5
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 5944
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 5848
  • 59
Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Эти кабальные займы никакой пользы для экономики не несут, при этом ухудшают финансовые возможности населения, пополняют ряды новых неплательщиков, тем самым создавая социальную напряженность в...
Armanjan
18 июня 2017 / 15:43
  • 3891
  • 28
Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Терпеть не могу миф о том, что мы "молодой народ, окруженный старыми нациями" и у нас еще есть время на развитие. Это чушь! Мы что - на миллион лет позже эволюционировали из обезьян?
Aks_Ras
18 июня 2017 / 10:16
  • 3169
  • 18
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 2448
  • 10
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2246
  • 6