Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:33, 18 мая 2010

Ақиқат. . .

Қазіргі таңда жазба баспасөзден гөрі, ғаламтор шарлап, қажетті ақпарды табу, қажетті ғана емес, ақиқатқа жақынын табу күнделікті іске айналған. Алайда, осыған қарамастан, нағыз ақиқатты табу қиынға соғуда. Неге дері бар ма, барлық мәселе ақша мен мүддеге келіп тіреледі. Тоталитарлық жүйеде бір партия, бір көзқарас, бір жалпыға бірдей ақпарат көзі болды. Қазір, ақпарат көзі мың алуан, ақиқат жазатыны жоқ десек, шындық ауылан 15 шақырымға да аспаспыз.

Студент болған кезде есте қалған Томас Гобсс алде Габсс (тегі есімде айқын қалмапты) "адам адамға қасқыр" деген анықтамасы қазіргі күнде өз өзектілігін жоғалтпаған. Қазір ақиқат нағыз емес, қалтасын түрлі-түсті cash басқандарда. Солар төлеген ақиқат қоғамдық ойды (ортаны) қалыптастырып, баспасөз беттерімен қатар, түрлі форумдар мен басқа да интернет кеңістігіндегі қол жеткен жерлерде қызу талқыға түсіп, талайдың жүйкесін тоздырған.

Осымен айтайын дегенім, нағыз ақиқат жоқ. Шындық әркімнің көзімен көргені, не болмаса камераға түсіргені. басқа жазылғаны сенуге тұрмайтын, уақыт бөлуге жарамайтын бос сөз.

 

0
769
0