ортақ тіл, валюта мен парламенттің бізге қажеті қанша?

Арайлым 2012 M06 19
637
4
3
0

Тәуелсіз алған сәтте қуаныштан төбеміз көкке бір-ақ саты жтпегендей қуанып едік. Сол кезде ата-баба аруағы да бір аунап қалған шығар… Осы бостандық, тәуелсіздік күнін армандап сол үшін қанша тер мен...

Тәуелсіз алған сәтте қуаныштан төбеміз көкке бір-ақ саты жтпегендей қуанып едік. Сол кезде ата-баба аруағы да бір аунап қалған шығар… Осы бостандық, тәуелсіздік күнін армандап сол үшін қанша тер мен қан төккен бабаларымыздың ерен еңбектері мен асқақ армандарын бүгінгі ұрағы бағаламау, сол құнды тәуелсіздігіміздің қадірін білмегендік. Мына биліктегі азаматтар үшін елінің мүддесі, ұлттық құндылықтары мен тәуелсідіктің қадірі бір тиында болмағаны ма сонда? Неге, Рсей айтты екен деп,  біз басымызды ие беруіміз керек? Онсызда халық бірін білсе бірін білмей өзгелердің қолтығыны қыстырылып кетіп жатқан дүниелеріміз қаншама. Ресейдің бодандығында өткен жетпіс жылда қазақтың көрген қорлығы аз емес, ал ел болып бесігімізді түзеп, етек-жеңімізді жинар шақта  тағыда сол бодандыққа өзімізді ерікті түрде кіргіземіз бе? Егер шынымынде біздің билік бұл істі қолдап, қол қойса, онда қайран қазақ-ау басыңнан сорың айырылмайтын болды ғой, мына тәуелсіздігіміз ертен тарих беттерінде «Қазақ елінің 20 жылдық тәуелсіздігі» деген атпен қалар. Кезінде Ресей империясы қазақ жеріне қамалдар (крепость) салып, лагерьлерге айналыдырған еді, енді ХХІ ғасырда бізге Ресейдің атом бомбасы мен ядролық қаруларын сынайтын алаңға айналдыруда. Қалай, сонда біздің маңдайымызға Ресейдің сынақ алаңы мен тәжірибелік лабораториясы болу жазылған ба? Егер бұл тәуелсіздікті сақтай алмасақ, ата-баба үмітін ақтай алмасақ, аманатты аяламасақ, онда біз кеудесінде жүрегі жоқ, денесінде қанның орнына су ағып тұрған тірі өлік болғанымыз ғой. Жоқ, біз КЕЛІСПЕЙМІЗ… Бізге ортақ ТІЛДЕ, ортақ ВАЛЮТАДА, ортақ, ШЕКАРА мен ПАРЛАМЕНТТІҢДЕ керегі жоқ, қзақ жасатырна өз ТІЛІ, өз ВАЛЮТАСЫ, берік ШЕКАРАСЫ мен өз БИЛІГІ керек. Біздің бодан БОЛҒЫМЫЗ КЕЛМЕЙДІ. Егер билік бұған құлақ аспаса, халықтың пікірімен санаспаса, халық бұған бей-жай қарамайтыны анық, БАС КӨТЕТЕР халық бар, тәуелсіздікті сақтап қалу үшін күресетін жастар бар. Сонны ұмытыпайық… қазақ момын халық  қой, бірақ бір көтерілсе халықтың қаһарын басу оңай болмайтыны анық. ҚАЖЕТ БОЛСА БҰЛ ЖОЛДА СОҢЫНА ДЕЙІН БАРАМЫЗ, СОҢЫНА ДЕЙІН ТҰРАМЫЗ, КҮРЕСЕМІЗ…

 

Оцените пост

3

Комментарии

0
Құл боламыз.
0
Құдай сақтасын. Егер ұлым - құл, қызым - күң болатын болашақ күтіп тұрса, онда мен ана болудан БАС ТАРТАМЫН.
0
Керісінше, көп болсақ, күшіміз де көбееді.
Показать комментарии
Дальше