• 58724
  • 93
  • 14
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Біздің ағамыз

Менің бір ағам бар, періште дерсіз. Өзін мейірден, сөзін пейіштен сайлағандай.

Менің бір ағам бар, ақкөңіл дерсіз. Алдындағысын алдыңызға ысырып, артындағыны үнемі алдына шығаратын.

Менің бір ағам бар, қамқор дерсіз. Қараусыз қалғанды қамқорлығына алып, үйсіз болса түнететін, күйсіз болса күнелтетін. Ашты тойдырып, қорадағысын сойдырып беретін.

Менің бір ағам бар, көңілшек дерсіз. Үлкенмен дана, кішімен бала болып сөйлесетін. Мылқаудың тілін тауып, үнсізді сөйлететін, кереңді тыңдататын, салы кеткенге үміт сыйлап, артық кеткенді орнына қоятын нағыз психолог.

Менің бір ағам бар, орақ тілді. Талайды тілімен сұлатқан, тойымсыз әкімді бір сәтте сөзімен құлатқан, жемқорды өкіндіріп, адалды жетілдірген жан. Тілінің бізі бар, руханият әлемінде өзіндік ізі бар биік тұлға.

Менің бір ағам бар, кішіпейіл. Оның алдында әкім мен қара да, шенеунік пен шаруа да бірдей. Бәріне иіліп, арудай қиылып тұрады.

Менің бір ағам бар, текті дерсіз. Дастархан басында да, орындық үстінде де қазақтығынан мысқалдай айныған емес.

Менің бір ағам бар, еңбекқор дерсіз. Бүгін үйде, ертең түзде жүрсе де жазудан жалықпайтын. Туысқа да, жұмысқа да, тіпті десеңіз тұрмысқа да уақыт тауып жүретін.

Менің бір ағам бар, данышпан дерсіз. А десе, аузынан Абай түсетіндей әр сөзі даналыққа, ізгілікке бастап тұратын. Оның аты – Нұртөре!!!

Сөйтсек, Нұртөре менің ғана ағам емес екен. Осыны ұқтым. Оны төңіректеген үлкен де, кіші де аға тұтады. «Ақылы асса, аға ғой» деген осы шығар. Осыны білген мен де Нұрекең ішкен бұлаққа ауыз салып көріп едім. Алайда, менің Нұрағам тұнығы лайланбаған шәрбат судан дәм татқан екен. Оның рухани тоятын қандырған да сол ауылдағы ақсақалдардың әңгімесі, ананың әуезесі, құрдастың орынды әжуасы екен. Одан қалды шаң басқан сөрелердің легін толтырған кітаптар, журналдар және газеттер. Міне, осындай мөлдір бұлақтың сылдырын естіп, шөлі қанғанша қанып ішкен судың құнары Нұрағамның әлі күнге шейін рухани азығы болып келеді. Сондай-ақ, ол одан кейін де үнемі таза су ішуді дағдыға айналдырды. Бүгінгі елуге келген ерімізді де ел арасына абыроймен жеткізген сол таза судың тұнығы, яки адал еңбегі десек те болады.

Бала күнімде ауылға Нұртөре келді дегенді естігенде, ауылға бір нұр келгендей елестеуші еді маған. Ақар-шақар халық бар ісін тастап жас та болса жасампаз бауырының қолын қысып амандасып қайтқанға мәз болушы еді. Бәрінің ағасындай төр үйдің төріне жайғасатын Нұрекең шежіреден сыр шертіп, жұрттың мейірін қандыратын әңгімеден тарқатып, көпке көңіл сыйлап кетуші еді. Арасында ұлық ойлар мен өткір әзілдер, өнеге мен өсиет сөздер ақ пен қараны жымдастыра өрген ала жіптей көптің көңілін тояттандырып жіберетін. Мен сонда ылғи да Нұртөредей боламын деуші едім. Өйткені, менің білетін көзі тірі идеал адам осы кісі болатын. Жазғандарын ойға да, қырға да сүйреп оқушы едім. Тіпті, қанша қайталасам да өткізіп алғаным бардай, өзі қандай болса, сөзі де сондай деп іштей тоқмейілсіп отыратынмын. Залымға да, ғалымға да, ұлға да, ұлыға да бірдей түсінікті етіп жазатын адамның өз ауылымнан, керек десеңіз өз әулетімнің арасынан қара көрсетуі мені пейішке жетелегендей болатын. Осы шуақты сәттер қалай да аға жолын ұстануға итермеледі. «Болмасаң да, ұқсап бақ» деген тәмсілдегідей, жақсының жолын қуу мен сияқты баланың арманы еді.

Адамды қашан да алға арманы жетелейді. Кейде сол арманның ой жетпес қиял, көз жетпес сағымға айналатын тұстары бар. Кейде мен де Нұрағаңа қарап, арманымның тым асқақ екендігіне көз жеткіземін. Өйткені, Нұртөре болу үшін жұрт сүйіп оқитын журналист болу аздық етеді. Сондықтан, әу баста сарқылмас сара жолды таңдаған, ешкім қайталай алмас дара жолға түскен ағамыздай болу қиынның қиыны екен. Кейде біз адамдарды тек ет пен теріден жаралған дейтін болсақ, Нұрекеңе қарап ар мен намыстан, кісілік пен тектіліктен, еңбек пен ептіліктен жаралғандығын мойындаймыз. Сол үшін мұндай қайталанбас тұлғалардың жолын ұстану кім-кімнің де қолынан келе бермейтіндігі басы ашық дүние болып қала бермек.

Нұрекең ең бастысы қиссалардағы әр қауымға жіберген пайғамбардай бір ауылдың балаларына жол салушы адам болып саналады. Шетінен шешен сөйлейтін елдің ішінен суырылып шығып, басылымға басшы болған нар тұлға. Осыдан кейін аға жолын қуып қолына қалам алғандар да өртеңге шыққан шөптей көбейді. Сөз зергері артындағы жалынды жеткіншектерден-ақ құс жолындай жауһар із қалдырғанын сезініп отыр бүгінде.

Көпшілік Нұрекеңнің өн бойынан шалалықты да, алалықты да байқаған емес. Қайта даналығына тәнті! Ол тек, бір елдің ұлы ғана емес, бар елдің ұлық тұтанын ағасына айналды. Демек, ол менің ғана ағам емес, баршамыздың ағамыз!

Жандос БАЙДІЛДА.

   
19 июня 2012, 14:21
1003

Загрузка...
Loading...

Комментарии

биздин агай, биздин агай, биздин агай ТАМАШАААА, деп ан шыркаймыз )))

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6175
  • 24
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2873
  • 32
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1736
  • 32
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
вчера / 18:42
  • 1760
  • 36