Тікелей эфир

Франция інжу-маржандары көрермен мен суретшінің көзімен

Құрметті оқырман, елімізге Франциядан келген көрме жайында жақында жазған болатынбыз, бүгін осы көрменің жәдігерлерімен жақынырақ танысып, көрмені тамашалап қайтқан көрермен мен суретшінің пікірімен бөлісіп отырмыз.


Бақытжан Бұқарбаев, саясаттанушы, блоггер: "Шетелде жүргенде әлемге танымал өнер иелерінің көрмелеріне барушы едім, сонда осындай жәдігерлер өз қоғамымызға қашан көрсетіледі екен деп ойлайтынмын. Міне, бүгінгі күні бірнеше ай ішінде қаламыздың әрбір тұрғыны мен қонағы көрмеге барып, Францияның өнер шеберлерінің шығармаларын тамашалап, ләззат ала алады. Расына келетін болсақ, өзім осында жәдіргерлерді тамашалауға мүмкіндігінше көп адамның келгенін қалаймын.

Алған әсерім мол, бірақ менің әсерім – өнерден аз-мұз болса да хабары бар адамның әсері. Бала кезімде суретші боламын деп армандайтынмын. Қазір басқа мамандық иесі болсам да, сурет салуды тастамадым. Оның есесіне бейнелеу өнерінің тарихынан хабарым бар. Айтайын дегенім, биылғы көрмедегі көптеген туындылармен осыған дейін кітап, журнал беттеріндегі иллюстрациялар арқылы таныспын. Өнер майталмандарының біразының есімдері де таныс. Стиль мен бағыттар арасындағы айырмашылық пен олардың өнер тарихындағы орны жайлы білемін. Яғни осындай ақпаратқа ие бола отыра, нағыз таза әсер алу қиынға соғады, бәрібір ішіңдегі сыншы анда-санда араласып қояды. Сондықтан, кейде өнер тарихынан беймәлім адамға қызғаныш сезіммен (сөздің ең жақсы мағынасында) қараймын. Өйткені осындай туындыларды тамашалағанда санаң араласпай, әсерді тек жүрегіңмен, ішкі дүниеңмен ғана қабылдаған жөн.

Бұл көрменің өзге көрмелерден ерекшелігі, біріншіден, бұл жеке адамның көрмесі емес, бұнда көптеген атақты өнер иелерінің туындылары көрсетілген. Екіншіден, көрмеде бейнелеу өнерінің барлық бағыттары қамтылған десе болады. Франция әр кез өнердің орталығы болған. Көршілес мемлекеттердің суретшілері мен мүсіншілері осында келіп, өнер саласындағы жаңалықтардан хабардар болуға тырысқан. Бұл дегеніміз, әлемдік өнер тарихындағы бағыттардың барлығы дерлік Франция өнерінде табыла білген. Көрмеде классикалық кезең, романтизм, импрессионизм,
модернизм, пуантилизм, кубизм, фовизм, метафизикалық бағыт және басқа да бағыттардың ең үздік үлгілерін көруге болады. Үшіншіден, жәдігерлерді тамашалай отырып, елдің тарихынан мағлұмат алуға болады. Мәселен, орта ғасырлардағы Франция короліне арнап тоқылған кілемді көре аласыз. Келесі залда өткен ғасырда тоқылған кілем үлгісі тұр. Өндірушісі бір мануфактура. Бұл дегеніміз бір зауыттың өнімдерінің мысалында Францияның тарихын көруге болады деген сөз.

Төртішіден, бейнелеу өнері туындыларынан басқа осында он тоғызыншы ғасырдың ортасынан бастап, яғни дүниеде тұңғыш фотосурет ойлап табылғаннан бергі жасалған фотосуреттерді тамашалауға болады. Франция тарихы мен оның танымал тұлғалары бейнеленген. Мәселен, Шарль Бодлер, Полина Виардо, Сара Бернар, Александр Дюма және басқалардың суреттерін көруге болады. Фотосурет сүйер қауымға аталған экспозиция өте қызық болады деген ойдамын. Сонымен қатар, осында Коко Шанель, Кристиан Диор, Ив Сен Лоран сияқты әлемдік танымалдыққа ие дизайнерлердің өз қолымен жасаған киім үлгілерін көруге болады. Франция – моданың жүрегі емес пе? Көрмеде киім үлгілерінің болмауы кешірімсіз қателік болушы еді.

Көрменің тағы да бір назар аударатын тұсы – Францияның танымал композиторларының шығармаларымен танысу мүмкіндігі. Бір сөзбен айтқанда, көрме өнерсүйер қауым мен кез келген франкофилдің көңілінен шығатыны анық.

Өзіме ұнаған туындыға келетін болсақ, ондай шығармалардың саны көп. Солардың ішінде бір-екеуін атап көрсетуге тырысатын болсам, көрмеде таныстырылған 400-ге жуық шығарманың ішінде қайсысына ерекше назар аударып, қайсысының жанында ұзағырақ кідіріп қалдым, әсілі, сол болар.

Біріншісі, Анри Тулуз-Лотректің «Жапон диваны» атты туындысы. Суретшінің шығармашылығымен сегізінші сыныптан бері таныспын. Ең алдымен, өзім импрессионистер мен постимпрессионистердің шығармашылығын сүйемін. Екіншіден, суретшінің өмірбаяны да қызық. Шығысы ақсүйек бола тұра, ақсүйектердің сол дәуірде бейнелеу өнерін кәсіп етуі мәртебелі саналмағанына қарамастан, ол стереотиптерге бой алдырмай, өнер қуалап, қайталанбас стилін дүниеге әкеліп, өзінен кейінгі суретшілерге үлкен ықпал жасай алған. Екіншісі – Огюстен Роденнің «Сүйіс» атты туындысы. Бұл мүсінді бірінші рет Сеулда жүріп тамашалағанмын. Арада бірнеше жыл өтіп, туған қаламда туындымен қайта жүздесуге мүмкіндік туып отыр. Өкінішке орай, Сеулде де, Алматымызда да мүсіннің жанында суретке түсуге рұқсат бермеді (күліп).
Сөзімнің соңында қаламызға осындай мүмкіндікті сыйлаған көрме ұйымдастырушыларына үлкен алғысымды білдіремін"!

Сәуле Сүлейменова, суретші: "Бұндай көрменің елімізге келгендігіне қуаныштымын. Өйткені бұл тек Францияның ғана емес, бүкіл әлемге ортақ мұра. Сонымен қатар, бұл көрменің арқасында Ә.Қастеев атындағы мұражайымыз толығымен жөндеу жұмыстарынан өтті, адамдар мұражайға бара бастады және заманауи туындылар да мұражайға ілініп қойылды.

Көрмені, әрине, шынайы Помпиду, Лувр сынды мұражайлармен салыстыруға келмейді, бірақ жақсы. Бұл көрме арқылы әрбір қазақстандық өзінің шежіресіне, өзінің тарихына үлкен құрметпен қарауды үлгі етіп алуы қажет. Себебі бұл көрмеден Францияның өз тарихи жәдігерлеріне деген үлкен махаббатын сезуге болады. Қазақтар да ата-бабамыздан қалған мұрасына осылай қараса екен деп ойлаймын.
Мені суретші ретінде фотосуреттер, Версаль эстетикасы аса қызықтыра қоймады. Алайда, мен үшін ұйымдастырушылардың Николя де Сталь, Жан Дебюффе, Анри Матисс сынды суретшілердің таңғажайып туындыларын алып келгендігі үлкен қуаныш сыйлады".

Кәмшат Төлеулиева, мәдени іс-шаралар үйлестірушісі, Француз Альянсы:

"Көрмеге деген көзқарасым қарапайым Алматы тұрғындарынан бөлек шығар. Себебі көрмені ұйымдастырудың ең бастапқы сатысынан бас-қасында жүрген соң жеке туындылар емес, жалпы көрменің өзін күттім. Мұндай ауқымды жобаның кез келген уақытта орындалмай қалу қаупі бар екенін жасырмаймын.

Көрменің өзіне келсек, ерекше күткен туындыларым – 16-19 ғасырлардан сақталғандары. Мысалы, "Плутонның Прозерпинаны алып қашуы" деген мүсін бар, сол тіптес әрекетті, қозғалысты бейнелейтін мүсіндерді ұнатамын. Әрине, Роденнің әйгілі «Сүйіс» атты мүсінін күттім.

Осы көрменің арқасында бұрындары көп көңіл бөлмейтін гобелен, кілем өнеріне ғашық болдым. Қайсысын алсаңыз да, шеберліктің нағыз көрінісі екен. «Кибела» секілді 16 ғасырдың ортасында корольге арналып тоқылған кілемді көргенде әсер алмау мүмкін емес. Ойыңа бірден сол кездегі тарихи контекст келеді.

Бір қуантқан туынды – Жак-Луи Давидтің еңбегі бойынша жасалған I Наполеонның таққа отыру салтанатының бір көрінісін (Наполеонның Жозефинаға тәж кигізіп тұрған сәтін) бейнелейтін гравюра. Түпнұсқасын көргенде ерекше әсер алғанмын, содан болар, осы гравюраның көрме құрамына кіргеніне қуандым.

Бұл көрмеге байланысты ішкі әсер, эмоциям өте көп. Әрбір туынды көрерменді 500 жыл бұрынғы Еуропаға саяхатқа алып бара алады, қандай керемет мүмкіндік екенін айтудың да қажеті жоқ шығар. Жалпы, бұл көрмеге барған әрбір көрерменнің жанына жақын автормен, жанрмен, стильмен танысып қайтуға мүмкіндігі бар".

__________________________________________________________________________

Естеріңізге сала кетейік, көрменің өткізілетін уақыты: 8 маусым — 5 тамыз 2012 жыл

Адресі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы, Сәтбаев көшесі, 30а.
Көрмеге кіру құны: ересектерге — 1500 теңге
зейнеткер, студент пен балаларға — 500 теңге

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева

Алия Arsik
4 қараша 2012, 11:50
4176

Loading...

Пікірлер

An impossible beauty. Is this exhibition in Almaty?..
hi, yes this exhibition in Almaty in A.Kasteev museum, it will run until the 5th august 2012
Шын өмірде көргенге жетпейді... Мүмкіндігің болса көрмеге барып кел :)
Алматыда болсам, барар едім :)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15895
  • 3
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12668
  • 3
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 8103
  • 92
Опровержение на статью «Самый большой мошенник в стране – Казахтелеком»

Опровержение на статью «Самый большой мошенник в стране – Казахтелеком»

По требованию компании АО «Казахтелеком», Блог-платформы YourVision» сообщает своим пользователям, что сведения, изложенные в статье, являются непроверенными.
yvision
сегодня / 15:29
  • 5223
  • 61
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 3090
  • 71
В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

Тут живут будущие повара, актрисы, журналисты, боксеры, баскетболисты, певцы, поэты и многие другие талантливые дети!
socium_kzo
22 нояб. 2017 / 14:49
  • 2481
  • 0
«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

В прошлом году на мероприятии "Слет Авиатора" я выиграла подарок - экскурсию на командно-диспетчерский пункт (КДП). Но тогда я даже не ожидала, что эта экскурсия выльется в такое интересное...
Aleksandra747
20 нояб. 2017 / 9:00
  • 1727
  • 6
«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

Проблем в обществе много: даже больше, чем догадывается среднестатистический казахстанец. И тут я хочу описать несколько, с моей точки зрения, проблем нашего общества.
Advokot
18 нояб. 2017 / 23:27