Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
03:34, 15 июня 2012

Работы конкурсантов. Самал Абайкызы

Қазір мемлекет тарапынан тіл үйрену үшін аз мүмкіндік жасалып жатқан жоқ. Сондықтан, өз басым тіл үйренем деушілерге қаржылай көмек беру, мадақтауды артық санаймын. Алдыңғы толқынға өкпе жоқ, заманы сондай болды. Ендігі жерде мемлекеттік тілді білу, Қазақстанда туып-өскен әрбір азаматтың міндеті. Дегенмен, алып қосар менің мынадай тілегім бар:

1. Біріншіден, барлық мекемелердегі аудармашыларды бір орталыққа бағындыру. Қазақстандағы аударма саласы ақсап тұр. Басқа тілден қазақ тіліне аударылған мәтіндерді көріп қарның ашады. Бұл саланың қатаң мемлекеттік бақылауда болғанын жөн санаймын. Ол үшін:
• Басқа тілден қазақ тіліне аударатын мамандар бір жылда екі мезгіл емтихан тапсыруы тиіс. Дәл осындай сынақ кезінде олардың әдеби тілді қаншалықты меңгергендігі, өзі жүрген саладағы білім деңгейі анықталады.
• Аудармашыларды жүрген саласына қарай бөлек жинап, ара тұра оқытып тұрған жөн. Маманның жүрген саласындағы соңғы жаңалықтарды жеткізіп, мамандардың әрдайым атүстінде жүруіне , өзара білім алмасуына мұрындық болу.
• Шала-құла, тіке аудару, өз бетінше жаңа сөз шығаруды тоқтату керек . Қандай бір салаға қатысты (техникалық тетік делік) сөзді қазақ тілге аударуды орталықтың еншісіне қалдырған жөн. Сонда ғана халық та аударылған мәтінді жете түсінеді.

Blog post image

Соңғы кезде «қазақ тілінде оқығым келмейді, түсінбеймін», қала берді «қазақ тілінде ойымды жеткізе алмаймын, тілі- жұтаң», -деген пікірлерді құлағымыз шалып жүр. Тауарлардағы қазақша мәтінді түсінбегенде өзімнің де, орысшға жүгінетінімді мойындаймын. Меніңше, осындай олқылықтар аудармашылардың өз жұмысына салғырт қарауынан туындап отыр.

2. Екіншіден, БАҚ -пен көшелердегі самсап тұрған билбордтардың мазмұнын мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алу.
• Байқап жүргеніміздей соңғы бірнеше жылда жарнамаға түсе қалған жұбайларды қос ұлтты қылып қояды. Жарнама түсірушілердің жаппай осындай тенденцияға бет қойғанына таңым бар. Мұндай әрекет елді жік-жікке бөліп, бүгін болмаса ертең бүтін елдің басын ыдыратуға әкеліп соғатын бірден бір құрал.

• Тағы бір мәселе, жарнама бетіне түсуші әртістердің келбеті. Бет-бейнесі өзімізге ұқсамайтын, діні бөлек, ділі жат түсініксіз ұлттардың суреті бар сүтті ішіп жүрміз соңғы кезде.

Blog post image

Қанша көпұлтты елміз дегенімізбен ел де жер де өзіміздікі. Сондықтан өзімізді өзіміз мойындамасақ, өзгелердің тілімізді үйренуі неғайбыл. Қазақ өзінің қазақтығын бағалап, дәріптегенде ғана бұл жағдай оңалады. Сондықтан, жаңа бағдарламаларды ойлап таба бергенше, жасалып жатқан шараларды жалғастырып, батыстың ділі мен бағытына бет бұруға жол бермеу керек.

Мемлекеттік тіл - бірліктің бастауы, еліміздің ертеңі,
Рухымыздың сөнбеуі қазақ тілді үйренгенің , білгенің.

Рухымыздың сөнбеуі- қазақ тілді үйренгенің, білгенің! Сіз, осыған келісесіз бе? Онда көштен қалма, бізбен жүр.

1
515
0