Тікелей эфир

Өмірбаевтің «Студенті»: Басты кейіпкерлер мен көрермен пікірі

Студенттік өмір — таусылмайтын және жауыр болмайтын тақырыптардың бірі. Өйткені студенттің тыныс-тіршілігі, арманы, мақсаты адамдарға қашан да жақын.
Биыл бұл тақырыпты еліміздің белгілі кинорежиссері Дәрежан Өмірбаев «Студент» фильмінде қайта көтерді.


Биылғы көктемде картинаның жабық көрсетілімі болып жатқан кезде ұйымдастырушылар кино жайында материал жасауға уақытша тыйым салды. Себебі кино халықаралық байқауларға қатысу керек еді. Кейін Ф. Достаевскийдің «Қылмыс пен жаза» романының желісімен түсірілген «Студент» киносы 65-ші Канн фестиваліне қатысып, «Ерекше көзқарас» конкурстық бағдарламасының аясында көрсетіліп үлгерді. «Қазақфильм» киностудиясы баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша «Студентті» германиялық «Media Luna New Films» компаниясы сатып алған. Енді картина халықаралық прокатқа шығатын болды. Ал «Екпін» журналы көктемгі жабық көрсетілімнен шыққан көрермендердің пікірін және актерлермен шыққан сұхбатты назарларыңызға ұсынып отыр.

Нұрлан Байтасов, «Студент» киносының басты кейіпкері:

— Киноға алғашқы рет түстім. Мен негізі кәсіби актер емеспін, мамандығым режиссер.
— Бұл фильмге басты рөлге қалай таңдалдың?
— Дәрежан Өмірбаев бізге бірінші курста «Әлем киноларының тарихы» атты пәннен сабақ берген. Сол кезде мені байқап қалған екен. Үшінші курста оқып жүргенімде, яғни биыл, киносына шақырды.
— Осындай кейіпкердің рөлін сомдап шығу қиындық тудырмады ма?
— Қиын болды деп айта алмаймын. Дәрежан ағайдың айтқандарын бұлжытпай істеп, романдағы Раскольниковтың кейпіне ендім.
— Өзің бұл романды оқығансың ба?
Оқығанмын, бірақ соңына дейін емес. Алайда, шын өмірімде Раскольниковпен ұқсастығымыз бар болғандықтан, оның кейіпіне тез-ақ еніп кеттім.
— Бұл фильм жастарға ұнайды деп ойлайсың ба?
— Шынымды айтсам, білмеймін. Өйткені әркімнің талғамы әр түрлі ғой.
— Ал өзіңнің көңіліңнен шықты ма?
— Мен осыған дейін бұл киноны әлі толық өңделмеген нұсқасында екі рет көргенмін. Бүгін осыншама еңбек зая кетпегендігіне көзім жетіп отыр.

Майя Серікбаева, басты рөлде ойнаған актриса:

— Бұл менің түскен алғашқы фильмім. Өзім Алматы техникалық университетінде екінші курс оқимын.
— Басты рөлге қалай таңдап алды?
— Кастинг жайлы достарымнан естіп, бағымды сынап көрейін деп бардым. Біраз уақыт өткеннен кейін мені басты рөлге қабылдағандары туралы хабарлады.
— Киноға түскен ұнады ма?
— Әрине, ұнады. Көптеген жақсы адамдармен таныстым, тәжірибе жинадым. Егер болашақта тағы да киноға түсуге ұсыныс түсіп жатса, бас тартпаймын.

Бекарыс Байғали, кинодағы «студенттің» досы:

— Бұл кино маған өте ұнады. Менің алғашқы киноға түсуім. Кастинг арқылы өткенмін. Алдағы уақытта тағы шақырса, киноға түсуден бас тартпаймын.

Ақдана Руханова, кинодағы бас актрисаның "сіңлісі":

— Киноға бірінші рет түстің бе?
— Иә, бірінші рет.
— Қалай таңдап алды?
— Мектепке келіп таңдаған болатын.
— Түсірілім барасында қандай қиындықтар болды?
— Басында өзімнің рөліме кіре алмадым. Үйреніп кеткеннен кейін ұзақ күтіп отырғандығы болмаса, аса ешқандай қиындықтар болмады.
— Кинодан қандай әсер қалды?
— Аздап қорқынышты кино.

Мағжан, көрермен:

— Фильм өте ұнады. Өйткені бұл кино қазіргі теледидарды жаулап алған драма, атыс-шабыс емес, шынайы өмірден алынған элементтерімен ерекшеленеді.

Елдар, көрермен:

— Кино ұнады деп айта алмаймын. Әртістер аз сөйледі, музыкасы да аз бодлы. Аса үлкен әсер ала алмадым. Бірақ «Қылмыс пен жаза» романының желісімен түсірілгендігі қызықтырды. Көріп отырып, салыстырып отырасың. Режиссер бұл кино арқылы XXI ғасырдағы Раскольников қандай болар еді дегенді жақсы көрсеткен.

Шырын, көрермен:

— Маған фильм ұнады. Бұл кинода студенттің қиын жағдайы, оның ойы көрерменге жақсы жеткізілген. Көріп отырған кезде адамға психологиялық әсер ететіндігі ұнады. Өйткені бұл кинодағы жағдай бүгінгі күні шын өмірде де болып жатыр ғой.

Материалды дайындаған:

Айжан Кәрібаева, Айнұр Ракишева

Алия Arsik
4 қараша 2012, 5:20
3889

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Aikona
1
0
Көру керек екен, заманды салыстырған кинолар ұнайды
Qaseke
0
0
киноны көрмедім, бірақ соңғы суреттегі қыз ұнады))
ия, несі ұят? әп әдемі қыз дегендей)))
Шынымды айтсам, ішпыстырарлық болар деген ойдамын. Әрине, кітаптан оқыған керемет енді. Бірақ кино ғып көру ойыма келмепті. Себебі бұл психологиялық ой иірімдеріне толы шығарма ғой
Жа журек мың баладан жаксы болар деп үміттенемін )
Майя Серікбаева деген әдемі екен ;)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Крупнейшая частная школа осознала, что внедрять финскую модель в чистом виде в Казахстане, не имеет смысла. Нельзя давать детям свободу без "идеальных" учителей.
Zhumanova
сегодня / 8:18
  • 2403
  • 4
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 2531
  • 41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 1911
  • 19
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1911
  • 36
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1744
  • 17